Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып Зейін



№ 7 дәріс

Тақырып:Зейін

1.«Зейін» ұғымының анықтамасы

2.Зейін түрлері

Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдау, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі”деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.

Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен байланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, яғни қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгертуге болмайды.

Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).

Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зейін болмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды.

Зейін түрлері.Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.

Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері бағдарланушы рефлекстің пайда болуымен бас ми қырының белсенді локальді процестерімен, сондай-ақ организмнің эмоционалдық жағдайы мен биологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осыған байланысты, зейіннің әртүрлі кезеңдері – диффузиялықтан жоғары араласқанға дейін – анықталған, деңгей жағынан әртүрлі сергек жағдайымен алмастырылады, зейін мен сергектің жалпы нейрофизиологиялық механизмдерінің бар екендігін білуге болады. Таңдаулы зейін тым жоғары сергектіктегі емес жоғары деңгейдегі жағдайда мүмкін болады, ол ЭЭГ-де сирек кездесетін синхронды альфа-толқынды топтың жоғары жиіліктегі десинхронды төменгі амплитудалы тербелісті көрсетеді.

Зейіннің диффузды түрі ЭЭГ-де анық көрінетін синхронды альфа-ритмді әлсіз сергектік жағдайға сәкес келеді. Шашыраңқы зейін, алаңдау, шоғырланудың қиындығы күшті эмоциямен байланысты жоғары қозу жағдайында пайда болады, осыдан ЭЭГ-де десинхронды жоғары жиілікті төменгі амплитудалы электрлі белсенділік тіркеледі.

Көптеген зерттеушілер сергектіктің әр түрлі жағдайларын, зейін мен сана формаларын реттеудің анатомиялық субстарты болып ми қыртысының әр түрлі ретикулярлы формациясы диффузды таламистік жүйе, оның қабық проекциясы, субталамус және гипоталамус болып табылады деп есептейді. Ерекшелігі жоқ таламусты жүйе бір тітіркендіргіштен екіншіге көнілді аударатын және сезгіштік қабілетті филтрлі механизм ретінде қарастырылады.

Ақпаратты сұрыптау-іріктеуді, қабылдау, зейін және сананың таңдамалы формаларын реттейтін механизмдер жүйесіндегі орталық аймақ – қыртыстың ассоциативті аймағы болып табылады.

Кортико-ретикулярлы механизмдермен жұмыс ырықты зейіннің негізгі процестерімен байланыстырады, себебі, ол ырықсызға қарағанда зейіннің ауыспалылығына мүмкіндік береді. Ол ерекше әрекетке дайындық жағдайын жасайды. Ырықсыз зейін қыртыс асты деңгейде жүзеге асырады, ал ырықты зейін оқу үрдісінде қалыптасқан шартты стимулдар негізінде туындайды және кортико-ретикулярлы механизмдерінің қатысуын талап етеді. Ырықты зейіннің ерекше формасы – ойлау және еске қалдыру объектісі болып табылатын интеллектілі зейінді бөліп көрсетуге болады. Объектісі ойлау мен естелік болып табылатын интеллектуалды зейін ырықты зейіннің ерекше түрін шығарады. Зейіннің бұл жоғары түрін мидың түрлі орталықтары мен аймақтарына фронталды кортико-фугальды әсер етуі жүзеге асырады. 

Зейіннің түрлі формаларын реттеуші, физиологиялық механизмдер ауыспалы жүйе ретінде, градуальді ауысу принципі бойынша, қызмет атқарады. Таңдаулы сенсорлы зейінде, сондай-ақ, интеллекттілік зейінде зейіннің сөздік реттеуін қамтамасыз ететін қыбықтық-фронтальді аймаққа ерекше мән беріледі.

Стимулға бағдар және жауапқа бағдар:селективті (таңдамалы)зейіннің екі түрі.

Біз бұл жұмысты кейбір қазіргі зерттеулерде селективті зейінді, сонымен қоса, негізгі көру нүктесін анықтау үшін және кішігірім тәжірибеде жасаймыз, осы көру нүктесін анықтау үшін.Өйткені жұмыстағы өз-өзінен жаттығу селективті зейінге, осы көру нүктесін басынан бастап анықтау керек.

Барлық тәжірибеде селективті зейінге жасаған тәжірибешіге жауабымен сөздей береді, содан соң стимулды көрсетеді, жауап туғызатынның жартысы ғана. Екі тәсіл бар, релевантты және релевантты емес деп айыруға болады. Кейбір тәжірибедегі жауаптың сөздігін анықтайды.Релевантты емес стимул барлық жауаптардың ешқайсысына сәйкес келмейді. Мысалы: біз адамға тек сандар мен әріптердің араласуының ішінен сандарды тауып беру, сол кезде әрбір әріптің стимул өзіне сәйкес таралған екінші таңдау кезінде релевантты емес стимул дұрыс жауаптармен сәйкес келеді, бірақ кейбір дұрыс жауаптармен сәйкес келмейтін сипаттамалармен ерекшелінеді.

Мысалы: адам қызыл мен қара сандардың араласуынан қара сандарды тауып беруді сұрайды, сол кезде қара стимулдар түске байланысты байқалмайды. Осы таңдайдың алғашқы қысқа түрі "жауапқа бағдар",- ал екіншісі -"стимулға бағдар" Біздің көз қарасымыз бойынша, осы екі типтегі функция тіршілігі жағынан әртүрлі және олардың әр түрлілігі бірдей жаңылысуға әкеледі.

 

№ 8 дәріс

Тақырып Зейін

1.Зейіннің негізгі теориялары

2.Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.