Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Еске сақтау



№ 11 дәріс

Тақырып: Еске сақтау

3. Ес процесін зерттеу

4. Естің физиологиялық негіздері

Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселердi орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп айтамыз.

Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес).

Бұл феноменнiң себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг және Дж.Грезелüер гипнозда бейнелеу есi басым болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде тоқпен мидың түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы, пациент наркозда болса да, бұрын естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз.

Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологi И.М.Се÷енов айтканындай: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесүi мүмкiн болмас едi. С.Л.Рубинштейн айтқандай: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.

Естiңфизиологиялық теориясынжасағанИ.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импулüстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық моделü теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердi сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi.

Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялықтеория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.

Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық моделüдеу де бар. Бұл арқылы естiң биокибернетикалық теориясы пайда болады. °р түрлi ЭВМнiң (электро-есеп машина) iшiндегi мәлiметтердi сақтау және солармен жұмыс iстеудi ойластырған кезiнде, адам есiнiң механизмдерiне сүенген. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық моделüдеу арқылы зерттейдi. Бұл бағытта копüютерлердiң электронды есте сақтауларын, қайта жаңғыртуын қарастырады. Адамның есте сақтау қабылетi ЭВМнiң есiнен әлде қайда асып кетедi, бiрақ адам бұл қабылетiн саналы түрде қолдана бермейдi. Сөйтiп, ЭВМнiң адамға толық ұқсас болуы мұңкiн ба деп сұрағанда, жасанды интеллектiсi бар машиналар, мұңкiн сол деңгейге жетер, дейдi. Естi психологиялық зерттеудiң табыстарына қарамастан iздердiң есте қалуының физиологиялық механизмдерi мен естiң табиғаты толығымен зерттелмеген.

 

2. Естiң жүйке жүйелiк жағынан физиологиялық негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделi әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида өзiндiк ''iздер'' қалдырып отырады. Бұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естiң негiздерiн шартты рефлекстермен түсiндiрген. Мысалы,итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретiнде жарықпен әсер етудi қолдансақ,осындай бiрнеше қайталанудан иттiң аузынан сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда иттiң миында екi жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсүi мүмкiн. Бұл механизм адамдада мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесiне зақым келетiн болса, ол бұрын қөрген нәрсенi тани алмайды. Егер самайына зақым келсе – адам естiгенiн екiншi рет естiгенде түсiне алмайды. Осылай естiң миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетiмен байланысты екендiгiнбiлуге болады.

Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.