Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып Сана



№ 9 дәріс

Тақырып Сана

3.Сана феномені

4.Сананың қиын мәселесі

1. Сана – пәлсапалық санат. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үрдістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Сана – бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі, психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі психикалық қабілеттілік жиынтық табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынасы байланыстары болып табылады. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте – анық және жасырын байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып, қөрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл – оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адамммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сананы қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын куштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады. Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зерттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Сана – қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат қоғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір қатар жануарлардың – мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік «моралі», өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда, адамның санасы бұл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметтінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің негізі – еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды қайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95% - ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды қалыптастыру үшін жұмсалды.Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері – түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері – адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтамыз. Негізі, сана мәселесі философияда басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі, сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес. Бірақ, сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі. Сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналылық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырады және олар қазір де жалғасуда. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамның салдарынан, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады. Адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті. Бейсаналылық – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларға психологиялық түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуалдық интуиция, түс көрулер, тб жатады.

Сананың қиын мәселесі –қандайда бір физикалық жүйенің субъективті тәжірибесін генерациялауға алатын жолын түсіндіретін мәселе болып табылады. Бұл мәселе, әртүрлі жолмен тұжырымдалып және екі маңызды сұрақтарға жауап береді: 1) не себепті ми сананы қалыптастырады; 2) қандай мақсатта ми сананы қалыптастырады? Мәселені шешу барысында бірінші мәселені түсіндіру қажет, яғни «не себепті субъектіде сананың кейбір қасиеттері пайда болады?» Бұл сұраққа жауап іздеу барысында бірнеше белгілі ғылыми зерттеулерге жүгіну қажет болады. «Сананың қиын мәселесі» термині 1995 жылы австриялық философ Дэвид Чалмерстың есімімен байланысты. Белгілі мәселені Д.Чалмерске дейінгі зерттеушілердің ұзақ уақыт бойы тұжырымын, сондай-ақ жазбаларын әріқарай дамытқан болатын. Қиын мәселе теоретикалық зерттеулердің қазіргі сана философиясында және психологияның эмпирикалық зерттеулерінде маңызды тақырып болып табылады. Мәселенің шешімін табуда көптеген сұрақтар сөз етіледі, яғни онтологиялық, табиғаттың менталдық жағдайы, ғылыми методологияның қолдану шегі. Өзінің белгілі «Навстречу проблеме сознания» атты еңбегінде Д.Чалмерс қиын мәселені жан-жақты қарастырады.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.