Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қабылдау. Дәрістің мазмұны



№ 5 дәріс

Тақырып: Қабылдау

Дәрістің мазмұны

3. Қабылдаудың психологиялық табиғаты

4. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары

Қабылдау– қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Психикалық процестер    жүйесіндегі түйсік. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті- сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма б.т. Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.

Сезімдік тану негізінде түйсік жатады. Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен байланысты. Түстердің адамдарға әр түрлі әсер ететіні ( жасыл түс жайбырақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген. Ақ және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің алғашқысы жеңілірек, екнішісі ауырырақ болып көрінеді. Ерекше түйсіктер (органикалық) адамның көңіл-күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды. Тіліміздегі сезгіштік және сезім деген сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес.

Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік импульсының бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп, түйсіктер адамның тіршілік әрекетімен кең мағыналы байланыста. 

Шағын тәжірибе жасап көріңіз. Жолдасыңыздан көзін жұмуын өтініп, алақанына белгісіз затты тигізіңіз, содан кейін одан сол зат туралы не айта алатынын сұраңыз. Егер ол оның не екенін біле алмаса: «қатты, жылтыр, суық бір нәрсе» немесе «жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Осы сөздер адамның бастан кешкен түйсіктерін білдіреді.

Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады.

Түйсік дегеніміз- заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде  олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.

«Түйсік арқылы болмаса,- деп жазды В.И.Ленин ,- біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз.» В.И.Ленин осы қысқа тұжырымында түйсіктің таным әрекетіндегі ролін терең ашып берді.

Түйсік дүниені бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың біршама жоғарғы формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік сапалық ерекшелігі бар , бірақ, бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар.

Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анотамиялық-физиологиялық аппарат.

Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ, тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты білдіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстың  пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.

Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.

Қабылдау заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, оларды санада тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады. Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелейтін болса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде бейнелейді.

Түйсіну, қабылдау пайда болуы үшін заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдау психикалық процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсатқа көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Адамның қабылдау процесі белсенді.

Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады.

Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты.

Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз., түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз.

Қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады.

Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.

Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.

Кеңістік пен уақыт – объективтік категория. Дүниедегі заттар мен құбылыстар кеңістікте орын алады, уақыт ішінде өзгеріп, дамып отырады. Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы ғана кеңістікті дұрыс тануға болады.

Уақытты қабылдау адамның эмоция – сезімдерімен, уақытты қалай өткізумен тығыз байланысты адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болады. Керісінше, адамның көңіл-күйі түсіңкі болса, адам уайымдаса немесе ол қайғы-қасірет шексе, уақыт та тым шабан өткендей болып қабылданады.   

Уақыттың дұрыс қабылдануы, оның қандай мазмұнда болуымен байланысты. Әрекетсіз өткен ұзақ уақыт болып көрінсе, мазмұны әрекетке толы уақыт- тез өтетін сияқты болады. Сондықтан уақытты субъективті түрде болжамай тек объективті өлшеуіштермен өлшеген жөн болады.

Қабылдауды кез-келген басқа психикалық феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастырыуға болады.

Қабылдау жеке қасиеттерді бейнелейтін түйсікке қарағанда, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын бүтіндей бейнелеп, шындықтың интегралды бейнесін құрады.

Қабылдау қорытындысы – субъектінің сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердің тікелей әсер етуінен пайда болатын қоршаған әлемнің интегралды, бүтін бейнесі.

Заттардың, нақты құбылыстар немесе процестердің қасиеті ретінде қабылданбайтын түйсіктен айырмашылығы қабылдау бізді қоршаған әлемдегі заттардың түрі ретінде рәсімделетін субъективті қатыстылық ретінде жүреді. Сонымен қатар, біз иллюзиямен жүмыс істегенде немесе қабылданатын қасиет салыстырмалы қарапайым болғанда ол қарапайым түйсінуді шақырады (бұл жағдайда түйсік қандай да бір құбылысқа немесе обьектіге қатысты болып, олармен ассоцицияланады).

Түйсік біздің өзімізде болса, заттардың қабылданатын қасиеттері, олардың образдары кеңістікте локализацияланады. Бұл процесс қабылдауға тән болады және оның түйсіктен айырмашылығы жалпылау деп аталады.

Түйсіктің пайда болуының нәтижесі кейбір сезімдер (мысалы, жарықты, дауысты, аштыны, дауыстың жоғарылығын, тепе-теңдікті түйсіну) болып табылса, қабылдаудың нәтижесінде адамзат санасымен затқа, құбылысқа, процеске біріктірілетін әр түрлі түйсіктердің өзара байланысының кешенін қосатын образды қалыптастыру қабылдаудың түйсіктен тағы бір айырмашылығы болып табылады. Кейбір заттар қабылдану үшін образды зерттеуге, құруға, нақтылауға бағытталған қандай да бір қарама-қарсы белсенділік таныту керек.

Жеке түйсіктер арнайы анализаторларға “байланған” болады және түйсіктің пайда болуы үшін олардың рецепторларына стимулдың әсер етуі жеткілікті. Қабылдау процесінің нәтижесінде қалыптасатын образ бірнеше анализаторлардың координацияланған жұмысының өзара әрекетін болжайды. Олардың қайсысының жұмысы белсенді болғанына сәйкес ақпарат соғұрлым көбірек өңделіп, қабылданатын обьектінің қасиеті туралы мәнді белгілер көп алынады және қабылдаудың түрлерін бөледі. Соған сәйкес қабылдау көру, есту, сипап сезудеп бөлінеді. Төрт анализаторлар – көру, есту, тері және бұлшықет – көбіне қабылдау процесінде негізгілер болып табылады.

Сонымен, қабылдау мағыналы(шешім қабылдау) және бүтін заттардан немесе бүтін құбылыс ретінде қабылданатын күрделілерден алынатын әр түрлі түйсіктердің белгіленген(сөйлеумен байланысты) синтезі ретінде қызмет атқарады. Бұл синтез белсенді бейнелеу барысында қалыптасатын зат немесе құбылыстың образы ретінде жүреді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.