Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Сенсорлық жүйелер



№ 4 дәріс

Тақырып: Сенсорлық жүйелер

Дәрістің мазмұны

1. Көру, есту, соматосенсорлық жүйе

2. Ақпаратты «ерте» өңдеу

Анализатор яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) -
ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап, құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе

Талдағыштар бөлімдері (И.П. Павлов):

1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі - түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау.

2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар, қыртысасты орталықтары) - ақпараттарды рецепторлардан миға жеткізу

3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) -афференттік сигналдарды талдап құрастыру

• Рецепторлардың жіктелуі:

I. Сезім түрлеріне байланысты:

- көру рецепторлары

- есту рецепторлары

- дәм сезу рецепторлары

- жанасу сезу

- терморецепторлар

- проприорецепторлар

- вестибулярлық (тепе-теңдік)

- ауырсыну сезу

- иіс сезу

II. Рецепторлардың қабылдау түріне байланысты:

I. Сырттан (экстерорецепторлар)

    - есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, жанасу

II. Іштен (интерорецепторлар)

   а) вестибулярлық және проприорецепторлар (қимыл-тірек

       аппаратының рецепторлары)

   б) висцерорецепторлар-ішкі ағзалардың рецепторлары

III. Тітіркендіргіштер табиғаттарына байланысты:

1. Фоторецепторлар - көру;

2. Механорецепторлар - есту, жанасу, сезу, вестибуло-проприорецептор;

3. Хеморецепторлар - дәм, иіс сезу;

4. Терморецепторлар.

  Ауырсынуды (ноцицепциялық) сезу - ерекше түрі

IV. Сыртқы ортамен байланысу түрінен:

1. Дистанттық: көру, есту, иіс сезу;

2. Контакттық: дәм сезу, жанасу.

V. Құрылыстарының ерекшеліктеріне байланысты:

1. Біріншілей сезетін (рецепторлық потенциал 1-ші нейронда ӘП-на генерациясына айналады) – иіс, жанасу, проприорецепторлар;

2. Екіншілей сезетін (рецепторлық жасушада рецепторлық потенциал → ӘП-лы 1-ші нейронда) – көру, есту, дәм сезу рецепторлары, вестибулярлық аппарат.

Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері:

1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады. Олардың алғашқы

қабаты қабылдағыш элементтерден, ал соңғы-үлкен ми сыңары қыртысының

нейрондары болып табылады.

2. Талдағыштар көп жолды болады.

Олардың әрбір қабатындағы жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір-

бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың

сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.

3. Талдағыштардың құрылымында сезіну  “алқымы“- кездеседі. Олардың шектес қабаттардың элементтері санына байланысты.

Кеңейетін және тарылатын “алқымдар“ түрі болады. Олардың

физиологиялық маңызы: тарылатында – керек емес ақпаратттарды жеткізбеу,

ал кеңейетін де - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік

жасау.

4. Талдағыштардың тура (тік) және көлденең дифференциясы (ажыратылуы)

болады. Тура да – әр қабатта жатқан нейрондардың жеке қызметтері болады.

Көлденең де бір қабатта жатқан элементтердің қызметі әртүрлі болуы.

Физиологиялық ерекшеліктері:

1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән)

тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.

2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың

сезімталдығы төмен болады

3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін

тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі

4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің

сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі

бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса

ғана ол түйсінілетін болады.

                    Мынадай теңдеумен көрсетіледі:

        DI/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, DI – күш өсімі.

5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау.

Ақпараттар миға топтасқан жүйке серпіністері арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады

(амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі

серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне

байланысты.

Физиологиялық ерекшеліктері:

1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән)

тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.

2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың

сезімталдығы төмен болады

3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін

тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі

4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің

сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі

бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса

ғана ол түйсінілетін болады.

                    Мынадай теңдеумен көрсетіледі:

        DI/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, DI – күш өсімі.

5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау.

Ақпараттар миға топтасқан жүйке серпіністері арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады

(амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі

серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне

байланысты.

• Тітіркендіргіш әсерінен рецепторлар қозуының механизмі (этаптары)

Тітіркендіргіш әсері ® мембрана рецепторларының белок молекуласымен әрекеттесуі ® мембрананың иондарға өтімділігінің өзгеруі ® деполяризация немесе гиперполяризация

• Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы

• Жоспары:

1. Жарық сәулесін сындыратын орталықтар

2. Аккомодация

3. Көру талдағышы бөлімдерінің сипаттамасы

4. Торлы қабықтағы рецепторларда өтетін фотохимиялық реакциялар

5. Көру адаптациясы

6. Түсті ажырату

7. Кеңістікті түйсіну

• Көру сезім жүйесі миға келетін барлық сенсорлық ақпараттың 90%-ін жеткізеді.

Көз ағза ретінде 2 бөлімнен тұрады:

- Жарық сәулесін сындыратын;

- Жарық сәулесін қабылдайтын.

• Жарық сәулесін сындыратын жүйелер:

• Мөлдір қасаң қабық

• Алдыңғы камера

• Көзбұршағы

• Шыны тәрізді дене

Адам көзінің сындыру күші:

- алыстағы заттарға қарағанда - 59 Д болады;

- жақын тұрған заттарға қарағанда - 70,5 Д

болады.

• Көз рефракциясының кемістігі және түзеткіш әйнектер

• Жақыннан көргіштік (миопия) - екі жағы ойыс әйнек

• Алыстан көргіштік (гиперметропия) - екі жағы дөңес әйнек

• Астигматизм - цилиндрлі әйнек

• Сфералық аберрация-көз бұршағының шетінен өткен сәулелер оның ортасынан өткендерге қарағанда күштірек сынады. Жарық сәулелердің торлы қабығында бір нүктеге жиналмағандықтан заттың бейнесі анық көрінбейді.

• Хроматикалық аберрация - заттардың бейнесі көздің торлы қабығында айқын көрінбейді. Ол ұзындығы әртүрлі сәулелердің бірдей сынбауынан туады: қысқа толқын сәулелер (көк түсті) ұзын толқын сәулелерге (қызыл түсті) қарағанда күштірек сынады.

АККОМОДАЦИЯ.

Аккомадация (көздің икемделісі) әр түрлі қашықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді.Аккомадация механизмі - көз бұршағының дөңестігін өзгертетін кірпікті бұлшықеттердің (цилиарлы бұлшықет) жиырылуымен байланысты.

Пресбиопия (қарттардың алыстан көргіштігі) – аккомодация процессінің әлсіреуі. Көз бұршығының серпінділік қасиетінің төмендеуінен пайда болады.

• Көру талдағыштың бөлімдері:

1. Шеткі бөлімі: торлы қабықтағы фоторецепторлар:

I. - Таяқшалар (110-115 млн);

   - Сауытшалар (6-7 млн).

II. Биполярлық нейрондар қабаты

III. Ганглиоздық нейрондар қабығы

Фоторецепторлар торлы қабық бетінде әркелкі орналасады:

                  Шеттеріне қарай – таяқшалар;

                  Орталығында – сауытшалар.

Торлы қабықта орталық шұңқырда (fovea centralis) тек қана сауытшалар болады (1 мм2 -140 мың сауытшалар)

Осы ең жақсы көрінетін жерді сары дақ деп атайды.

Соқыр дақ (көру нүктесінің көз алмасынан шығатын жері) жарықты сезбейді, себебі ол жерде фоторецепторлар болмайды.

Көру пигменттері:

- Таяқшалар – родопсин;

- Сауытшалар:

- иодопсин, қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді;

- хлоролаб - жасыл түске сәйкес;

- эритролаб - көк түске сәйкес.

 2. Өткізгіш бөлімі:

Көру жүйкесі (n. opticus) ® мидың негізінде хиазма (көру жүйесінің қиылысқан жері) ® ортаңғы ми (алдыңғы жоғарғы төрт төмпешігі) ® аралық ми (латералды бүгелмелі денелер).

3. Орталық бөлімі:

Ми сыңарлары қыртысының шүйде бөлімінде, тепкі сайының (fissura calcarina) аймағы.

     

Торлы қабықтағы рецепторларда өтетін фотохимиялық реакциялар

Родопсин -– ретиналь (А витаминінің альдегиді) және опсин (белок) кешенінен тұрады.

                   жарық

Родопсин ® люмиродопсин ® метародопсин ® трансретиналь + опсин

Жарық сәулесі ® родопсиннің ретинол мен опсинге ыдырау, цис-ретинольдың изомеризациясы ® транс-ретиналь ®  Са2+ каналдарының активациясы,  Na+ ионына өтімділігі өзгереді ® рецепторлық потенциал пайда болады ® медиатордың шығуы ® әрекет потенциалы.

• Көру адаптациясы (бейімделу)

- Жарыққа бейімделуі - көздің жарыққа бірте-бірте сезімталдығының төмендеуі.

- Қараңғылыққа бейімделуі - көру жүйесінің жарық аз қараңғылыққа икемделуі, оның механизмі: көздің қараңғылыққа жарық сезімталдығының жоғарылуы (көру пигменттерінің құрылуына байланысты)

• Түсті ажырату:

Түсті сезудің үш компонентті теориясы 

(М.В. Ломоносов, Т. Юнг, Г. Гельмгольц). 

  Торлы қабығында негізгі түстерді қабылдайтын үш түрлі сауытшалар бар:

    1) Қызыл түске сезімтал;

    2) Жасыл түске сезімтал;

    3) Көк түске сезімтал.

   Әрбір түс осы түс сезгіш элементтердің үшеуімен де, бірақ әртүрлі дәрежеде әрекеттеседі. Бұл қозулар көру нейрондарына жинақталады және ми қыртысына жетіп алуан түсті түйсік туғызады.

• Түсті ажырату кемістігі
(түсті көрмеу)

• Түстерді ажырата алмау - дальтонизм (ер адамдардың Х-хромосоманың белгілі гендерінің жоқтығына байланысты)

• Түсті толық танымайтын ауытқушылық - ахромазия (сауытшалардың зақымдалуы салдарынан болады)

• Түсті жарым - жарты танымаудың түрлері:

- Протанопия (қызыл түсті танымайды)

- Дейтеранопия(жасыл түсті танымайды)

- Тританопия (көк және күлгін түсті сәулелерді

танымайды)

• Кеңістікті түйсіну

• Көздің өткірлігі деп - біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін айтады. Ол арнаулы кесте арқылы анықталады.

• Көзді бір нүктеге қарағанда көрінетін кеңістікті көздің аймағы деп айтады.

Түссіз заттар үшін - көз шалымының шекаралары: сыртқы - 90о, ішкі - 60о, жоғарғы – 60о, төмені - 70о .

    

Екі көзбен көру - екі көзбен қарағанда барлық нәрселердің белгілері торлы қабықтың тиісті немесе бірдей бөлімдеріне түседі және осы екі бейне ми қыртысындағы көру орталығының бір аймақтарына келіп түседі. Сондықтан түйсігінде бірігіп біреу болып көрінеді.

“Соматосенсорлық, дәм сезу және иіс сезу талдағыштар“.

 Соматосенсорлық талдағыш жүйесі екі түрлі сезім жүйесін біріктіреді. Оларға қозғалыс талдағышы мен тері талдағыштары жатады.

   Қозғалыс талдағышы тұлға қалпының сақталуы қимылын үйлестіріп, олардың дұрыс, әрі дәлме-дәл орындалуын үздіксіз бақылап отырады.

   Бұлшықеттер сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен буын қалталарында орналасқан проприорецепторлар бүкіл қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу туралы және солар арқылы тұлғаның кез келген бөлігінің кеңістіктегі қалпын білдіреді.

  Тері талдағышы - теріде орналасқан көптеген рецепторлар, олар сыртқы ортадан келген тітіркендіргіштер әсерін түйсінуге мүмкіндік береді.

1 Шеткі бөлімі:
- тері рецепторлары;
- проприоцепторлар.


         Тері рецепторлардың түрлері:

- жанасуды (сипап сезуді) қабылдайтын рецепторлар: Меркель дисклері, Мейснер денешіктері;

- қысымды, тербелуді қабылдайтын рецепторлар -Фатер-Пачини денешіктері;

- жылылықты қабылдайтын - Руффини деншіктері;

- суықтықты қабылдайтын - Краузе сауытшалары;

- ауырсынуды сезетін рецепторлар (ноцицепторлар) - бос жүйке ұштары.

Проприорецепторлар түрлері:

- ет ұршығы ішіндегі біріншілей сезімтал жүйке ұштары;

- ет ұршығы ішіндегі екіншілей сезімтал жүйке ұштары;

- сіңірдегі Гольджи рецепторлары.

 2. Өткізгіш бөлімі

Тері рецепторларымен проприрецепторларда пайда болған серпіністер жұлынның екі өткізгіш жолдарымен өтеді:

1) лемниск жолы; 2) жұлын-таламустық сезгіш жолдары.

- Лемниск жолы: терінің (жанасу және қысым сезімдерін) және ет рецепторларының серпіністерін ® жұлын түйінінен (1 нейрон) ® дорзалды - артқы бағандарынан ® сопақша миға (Голля және Бурдах ядроларына), екінші нейроны ® қиылыс ® таламустың вентральды ядроларында (үшінші нейрондары).

- Жұлын-таламустық жолы:

Ауырсыну,температуралық сезімдерінің серпіністері ® жұлын түйіннен (бірінші нейроны) ® жұлынның артқы мүйіздерінің сұр затында (екінші нейроны ) ® жұлын-таламустық жолмен ® таламустың вентральды ядроларына (үшінші нейроны)

3. Орталық бөлім:

Үлкен жарты шарлар қыртысының соматосенсорлық

аймағы -(артқы орталық қатпар)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.