|
|||
Омыртқалылар тип тармағыОмыртқалылар тип тармағы
Омыртқалылар тип тармағының өкілдері- дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер Омыртқалыларды жақсүйектерінің болу болмауына байланысты бөледі - жақсүйексіздер және жақсүйектілер Жақсүйексіздерге жатады - дөңгелекауыздылар (минога, миксин) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген - Каспий миногасы Ұрығының даму ерекшелігіне байланысты бөлінеді - қағанақсыздар, қағанақтылар Қағанақсыздар- ұрығы суда дамиды, сыртында арнайы ұрық қабығы болмайды (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер) Қағанақтылар- іштей ұрықтанады, ұрығы дамыған кезде сыртында арнайы қабықша түзіледі (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) Дене температурасына байланысты бөлінеді - салқынқандылар (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар) және жылықандылар (құстар, сүтқоректілер)
Балықтар класы
Балықтарды зерттейтін ғылым - ихтиология Түр саны - 20 000 Денесі - 3 бөліктен тұрады (бас, тұлға, құйрық) Жұп жүзбеқанаттары - көкірек, құрсақ Тақ жүзбеқанаттары - арқа, аналь, құйрық Бағыт береді және алға қарай жүзгенде негізгі роль атқарады - құйрық жүзбеқанаты Судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатына көтеріледі, әрі тепе-теңдігін сақтайды - көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары Денені берік ұстауға көмектеседі - аналь (құйрықасты) Балықтың жүзгіштігін реттейді, кейде дыбыс шығаруға көмектеседі - торсылдақ Сазанның торсылдағы - 2 бөлікті Алабұғаның торсылдағы - 1 бөлікті Торсылдақ дамыған - асқорыту жүйесінен Миы бес бөлімді –алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми Жүрегі - 2 бөлікті (1 құлақша, 1 қарынша) Балық жүрегінде ағады - вена қаны Қанайналым жүйесі - тұйық, 1 шеңбер Тынысалуы – желбезек Асқорыту безі– бауыр, ұйқы безі Зәр шығаруы - таспа тәрізді жұп бүйрек Ерекше сезім мүшесі - бүйір сызығы - су ағысы ның күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді Тоқ ішегі- жуан, ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын оралма тәрізді қатпарлары бар Клоака- тік ішектің кеңейген бөлімі
|
|||
|