Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





осмекенділер. тәуліктен соң. оршаған ортаның температурасына тәуелді болғандықтан



Қосмекенділер

 

Қосмекенділер -құрлыққа алғаш шыққан ағзалар. Құрлықта да, суда да тіршілік ете алады.

Түр саны -4 000-нан астам

Қазақстанда кездеседі -12 түрі

Қызыл Кітапқа тіркелінген -3 түрі (қызылаяқ бақа, даната құрбақасы, Жетісу бақатісі)

Денесі -бас, тұлға, аяқ

Қаңқа бөлімдері- 4 (бассүйек, омырқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары)

Омыртқа жотасының бөлімдері - мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық

Бір ғана омыртқадан болады - мойын және сегізкөз бөлімдерінде

Алдыңғы аяқ бөлімдері -қар, білек, алақан

Артқы аяқ бөлімдері -сан, сирақ, табан

Алақанында -4 саусақ

Табанында -5 саусақ

Иық белдеуі тұрады -бұғана, қарға сүйек және жауырыннан

Бақада жоқ сүйек -қабырға

Тыныс алуы -өкпе және тері

Өкпесінің пішіні -сопақша қапшық тәрізді, нашар дамыған

Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі -тері

Терісі-жұқа, жұмсақ, сілемейлі шырышпен шыланған, ылғал. Сол себепті ауаны да, суда еріген оттегіні де жақсы өткізедія

Жүрегі-3 бөлімді (1 қарынша, 2 құлақша)

Қанайналым жүйесі-2 шеңбер

Есту мүшесі-ішкі және ортаңғы құлақ (тек үзеңгі сүйегі бар)

Жақсы дамыған ми бөлімі -ортаңғы ми

Баяу қозғалуына байланысты нашар дамыған ми бөлімі - мишық

Зәр шығаруы -жұп бүйрек

Көбеюі - дара жынысты, сырттай ұрықтанады, уылдырық салып көбейеді

Бақа дернәсілі - итшабақ

Ұрықтанғаннан кейін көлбақаларда дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып шығады

- 8-10 тәуліктен соң

Бақа дернәсілі тыныс алады - желбезек арқылы

Итшабақтың жүрегі - 2 қуысты, қанайналым шеңбері біреу

Алғаш рет қосмекенділерде пайда болды -сілекей бездері

Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділердің сирек таралу себебі

- қоршаған ортаның температурасына тәуелді болғандықтан

Қосмекенділер пайда болған -ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдардан)

Отрядтары -3 (аяқсыз, құйрықты, құйрықсыз)

Аяқсыз қосмекенді -сақиналы құртжылан

Құйрықты қосмекенділер -жетісу бақатісі, саламандра, тритон

Құйрықсыз қосмекенділер -бақа, құрбақа

Қазақстанда мекендейтін құрбақалар -жасыл, кәдімгі, даната

Қазақстанда мекендейтін бақалар -көлбақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа

Бақатіс мекендейді-Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде

Даната құрбақасы мекендейді-Зайсаң, Балқаш, Алакөл өңірінде

Қызылаяқ бақа мекендейді-Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.