Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кемеқұрт. Буынаяқтылар типі. Шаянтәріздестер класы



- кемеқұрт

Қосжақтаулылардың табиғаттағы маңызы - суды денесі арқылы өткізіп, оны плактондардан тазартады

Құрылыста пайдаланылады - ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы)

Басаяқтылар класының өкілдері- кальмар, каракатица, сегізаяқ

Түр саны- 800

Басаяқты аталу себебі- басындағы қармалауыштары аяқ қызметін атқарғандықтан

Қармалауыштарының саны - 8-10

Су тереңінде 50 км/сағ жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды - кальмар

Реактивті қозғалады - кальмар, каракатица

Құмда жасырынып жатқан қорегін суды атқылату арқылы табады - каракатица

Сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады- аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын салбырату арқылы

Адамның көзіне ұқсас құрылысты көзі бар - кальмар

Тағамға пайдаланылады - сегізаяқ, каракатица

 

Буынаяқтылар типі

 

Кластары -шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер

Буынаяқтылар-аяғы бунақталған, екі жақты симметриялы, көпжасушалы, денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған жәндіктер

Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі -көпқылтанды буылтық құрттар

Түр саны - милионнан астам

Дене бөліктері бір-біріне тәуелсіз –жабынның ішкі жағынан жеке буда түрінде тері, бұлшықет қапшығының бұлшық еттері бекінеді

Қан тарату жүйесі- тұйықталмаған, ашық жүйелі; қаны-гемолимфа

Тыныс алу жүйесі- суда өмір сүретіндерінде-желбезек; құрлықтағыларда- өкпе (түрі өзгерген); жоғары сатыдағыларда - трахеялық жүйе;

Зәр шығару жүйесі-коксальды бездер мен мальпигий түтікшелері

Ас қорыту жүйесі- алдыңғы және артқы ішек және көптеген бездері болады

Дара жынысты- тура және түрленіп дамиды

 

Шаянтәріздестер класы

 

Өкілдері-циклоп, дафния, асшаян, теңізжаңғақ, таңқы шаян

Денесі -баскөкірек, құрсақ (екі бөлікті)

Қантарату жүйесі - ашық

Қанының түсі -түссіз

Жүрегінің пішіні -бес бұрышты қалта

Зәр шығару жүйесі -бас бөлімінде орналасқан жұп жасыл без

Жасыл бездерінің түтікшелері ашылады -мұртшаларының түбінен

Мұртшалары -екі жұп (бір жұп ұзын, бір жұп қысқа)

Ұзын мұртшаларының қызметі -сипап сезу және иіс сезу

Қысқа мұртшаларының қызметі -тепе-теңдік және сезу

Көзі орналасқан -қозғалмалы сабақшада

Көзі -3020 жай көзден тұратын күрделі көз

Жүйке жүйесі -шұбалшаңға ұқсас бірақ кұрделі құрылысты

«Ми» түзілген-жұтқыншақасты және жұтқыншақ үсті жүйке сақинасының бірігуінен

Өзен шаянының баскөкірек бөлігіндегі аяқтар -1 жұп үстіңгі жақ, 1жұп астыңғы жақ, 2 жұп жақаяқ

Көкірек бөлігінде орналасқан -5 жұп аяқтар; 4 жұп жүру яяғы, 1 жұп қысқыш аяқ

Қысқыш аяқтың қызметі -қорғану және қорегін аулау

Құрсақ бөлімінде орналасқан -жүзу және көбею қызметін атқаратын 5 жұп аяқ

Өзен шаяны қозғалады -жүргенде алға, жүзгенде артқа қарай

Тыныс алуы-желбезек

Шаянның қарыны -2 бөлікті (1 күйіс қарын, 1 сүзгі қарын)

Көбеюі -даражынысты, уылдырық салу арқылы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.