![]()
|
|||||||
Сүліктер классы. лулар немесе былқылдақденелілер типіСүліктер классы
Сүліктің сорғышы- 2 (алдыңғы және артқы) Аузы -3 жақты Сүлік сорғаннан кейін жарадан қан тоқтамай көп ағады - себебі, ауыз қуысында қанды ұйытпай сұйылтатын, гирудин деп аталатын ерекше нәруызды зат бөлетін бездері болғандықтан Сүлікті емдік мақсатта пайдаланады-көктамыр бітелгенде, жүрек бұлшық еттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда Сүліктің көзі-оншақты жай көз Көбеюі-қосжынысты, тура дамиды
Ұлулар немесе былқылдақденелілер типі
Ұлулар немесе былқылдақденелілер- денесі жұмсақ, 3 қабатты, екі жақты симметриялы, көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер Кластары- бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар Денесі тұрады - бас, тұлға, аяқ, бақалшақ, бақалшақ қалдығынан Шапанша (мантия) дегеніміз - тұлғадағы ерекше қатпарлы қабат Бақалшақ қалыптасады - шапаншаның үстіңгі бетінен Негізгі қозғалыс мүшесі - аяқ Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі бұрын кездеспеген өзгешелік - бауыр Тоспа ұлуының тілі - хитинді ұсақ тісшелері бар, "үккі" деп аталады Қантарату жүйесі - ашық Ұлудың қаны - түссіз 1.Көгілдір қанды былқылдақденелілер -басаяқтылар Жүйке жүйесі- жүйке түйіндерінен тұрады (тоспа ұлуында - 5жұп, айқұлақта - 3 жұп) Тоспа ұлуының жүрегі - 2 бөлімді (бір құлақша, бір қарынша) Тоспа ұлуы тыныс алады - өкпесі арқылы Суда тіршілік ететін ұлулар тыныс алады - желбезек Зәр шығаруы – бір бүйрек 2.Бауыраяқтылардың түр саны - 80 000 Өкілдері -жүзім ұлуы, үлкен тоспа ұлуы, жалаңаш шырыш, қошқармүйіз Бауыраяқты деп аталу себебі- аяғы денесінің астыңғы бөлігі бауырын толық қамтығандықтан Ас қорытуы - ауыз-жұтқыншақ, өңеш-қарын- ішек пен бауыр қатысады Қоректенуі- өсімдіктекті азық Қан айналу жүйесі- ашық жүйе, жүрегі екі бөліктен тұрады (құлақша, қарынша) Жүйке жүйесі – бес жұп жүйке түйіні Көбеюі– жынысты, гермафродит, іштей айқас ұрықтану; жұмыртқасын су өсімдігінің сабағына салады Дамуы–жұмыртқадан 20 күнде ұлу дамиды Тоспа ұлуының зиянды жағы - паразит құрттардың аралық иесі Бау-бақша жүзімдікке зиян келтіреді - жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш Ұлудың екі көзі- құрлықты мекендейтіндерінде қармалауыштарының ұштарында, суда тіршілік ететіндерінде қармалауыштарының негізінде (түбінде) 3.Қосжақтаулы ұлулар -айқұлақ, мидия, устрица, гребешок,інжуір, кемеқұрт Айқұлақтың денесі - тұлға, аяқ Денесі –шапаншаман жабылған, үстінде екі жақтаулы бақалшағы болады Бақалшағы –үш қабаттан құралған; жасыл қоңыр түсті сыртқы қабат, ақ немесе күңгірт түсті кәрден қабат, ең ішкі меруерт қабат. Айқұлақтың аузы - аяғының қасында Тілі жоқ ұлу - айқұлақ Сифоны бар жәндік – айқұлақ(кіру және шығу сифоны) Қосжақтаулылардың түр саны - 20 000 Көбеюі – даражынысты, іштей ұрықтанады Дернәсілі –глохидий, балық денесіне жабысып 2 ай дамиды, одан кейін су түбіне кетеді Ас қорыту жүйесі –тілі мен жұтқыншағы болмағандықтан қорек өңешке-қарынға-ішекке өтіп, одан артқы тесік шығу сифонына барады Ас қорыту безі- бауыр Қоректік зат- кіріс сифоны арқылы сумен бірге ас қорыту мұшесіне өтеді Жүйке жүйесі- бірімен-бірі жүйке талшықтарымен жалғасқан үш жұп жүйке түйіні Зәр шығаруы- екі бүйрек Тағамға пайдаланылатын түрлері - устрица, мидия, гребешок Тіршілік циклінде уақытша паразиттік тіршілік етеді - айқұлақ Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін теседі
|
|||||||
|