Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шұбар батбат, зайсаңдық батбат, келес, сарлан,үлкенкөз кесіртке, шұбар кесірке



- шұбар батбат, зайсаңдық батбат, келес, сарлан,үлкенкөз кесіртке, шұбар кесірке

Еліміздегі ең үлкен кесіркенің түрі - сұр келес

Аяқсыз кесіртке - сарлан

Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездесетін жорғалаушы

- сұр келес

 

Құстар

 

Құстар- денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылықанды омыртқалы жануарлар

Түр саны - 8 600, Қазақстанда 500

Құстарды зерттейтін ғылым - орнитология

Дене температурасы -  +41, +43°

Денесі - бас, мойын, тұлға

Терісі- жұқа, құрғақ, бездері аз, су құстарында қауырсынын майлайтын құйымшақ безі жақсы жетілген

Терінің қосалқы бөлімдері- қауырсын, тұмсық, жіліншік, саусағындағы мүйізді қабыршақтар

Қауырсындар- ұшуға жағдай жасайды, әрі денедегі температураны реттейді

Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі - қаламша

Мүйізді бөлігі - сояу

Құйрықтағы ірі қауырсындардың қызметі - құстың ұшу бағытын өзгертеді, қонған кезде екпінін баяулатады

Қанатты қағатын қауырсындар - қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар

Қаңқа бөлімдері- бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанат,жамбас белдеуі мен артқы аяғы, кеуде қуысы

Құстарға тән күрделі сегізкөзді құрайды- омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөзбөлімдері жамбас сүйектерімен тұтасып

Қыртөс түзеді- ұшатын, жүзетін құстардың төссүйегі алдыңғы жағынан қырланып

Жіліншік- толарсақ, табан сүйектерінің бірігуінен пайда болған

Тұмсық- жақсүйектің созындысы

Жемсау-өңештің кеңейген бөлімі (дәнқоректі құстарда)

Құстың қорегі ұсақталып ботқаға айналады - етті қарында

Дәнқоректі құстар -кептерлер, тауықтар

Бунақденеқоректі құстар - қарлығаш, үйрек

Қарын бөлінеді - етті және безді болып

Тістің қызметін атқарады - етті қарын

Тыныс алуы - өкпе және ауа қапшығы

Құстарға тән ерекше тыныс алу түрі - қосарланып

Ауа қапшықтарының көлемі өкпе көлемінен - 10 есе артық

Төменгі көмекей - кеңірдектің екі ауатамырына жалғанған жері

Әнші құстар дыбыс шығарады - төменгі көмекей арқылы

Жүрегі - 4 бөлімді (2 жүрекше, 2 қарынша)

Құстарда нашар дамыған сезім - иіс

Қорегін иісі арқылы іздеп табады - дауылпаз, киви

Зәр шығаруы - бүйрек

Көбеюі - даражынысты, жұмыртқа салып

Қызылшақа балапандар- әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген болады (торғай, кептер, тоқылдақ)

Ширақ балапандар- үлпілдек қауырсынды, бірден тіршілік әрекетіне көшеді (қаз, тауық тәріздестер)

Құстардың ең ежелгі ата тегі - 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен ілкіқұс

Құстардың арғы тегі - 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен көнеқұс (археоптерикс)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.