|
|||
Шеміршекті балықтар. Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған - қуықШеміршекті балықтар
Шеміршекті балықтар- акула, скат (жұпбалық, тұтасқанат), химера (тұтасбас); бекіре тәрізділер отрядына топтастырылған Химереның - терісінде қабыршақтары жоқ Шеміршекті балықтарға тән белгілер - желбезек қақпағы, торсылдағы жоқ, құйрық жүзбеқанатының астыңғы қалағы үстіңгісінен едәуір үлкен, құрсақ және көкірек жүзбеқанаттары көлбей орналасқан Көкірек жүзбеқанаты – құйрық қанатымен тұтасып кеткен, құйрық қанаты тең емес Манта - ең ірі жұпбалық Скаттың электр шығаратын мүшесі - басы мен көкірек жүзбеқанаты аралығында Акуланың желбезек доғаларының саны -5 – 7 жұп Акуланың жақсы дамыған сезімі - иіс (қан иісін шақырымнан сезеді) Шеміршекті балықтардың ұрықтануы - іштей Шеміршекті балықтар бөлінеді - тақтажелбезектілер, тұтасбастар болып 2 класс тармағына Тақтажелбезектілерге жатады - акула, жұпбалық Акуланың түр саны -350 Ең қауіпті акула - сұр акула Кең тараған түрі - жолақ акула Ең ірісі - китпошымды акула Акулалар өмір сүреді- барлық мұхиттардың субтропиктік және тропиктік теңіздерінде
Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған - қуық Балықтың жасын анықтауға болады - қабыршақтағы асқина санына қарап Желбезегі сыртында болады - желбезек қақпағы Тынысалу (газалмасу) жүзеге асады - желбезек жапырақшаларында Есту мүшесі - ішкі құлақ Ұрықтануы – сырттай Тоқ ішегінде –иір қатпарлар болады Денесінде –5 қатар орналасқан мүйізді шытыралар бар. Олар жон арқасында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында орналасқан. Шоғал дегеніміз - аталық безден бөлінетін сұйықтық (сперматозоидтар жиынтығы)
Сүйекті-шеміршекті балық - бекіретәрізділер Бекіретәрізділерге жатады - қортпа, шоқыр, пілмай, тасбекіре Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бекіретәрізділер - тасбекіре, пілмай Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90 пайызы - сәулеқанаттылар Қалаққанатты балықтарға жатады - қостыныстылар, саусаққанаттылар (латимерия) Майшабақтәрізділер отрядына жатады - сардинка, қылқа, түлкібалық Албырттәріздестерді басқа балықтардан ажыратады - құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып өледі - құнысбалық, кета, нерпа "Патша балығы" деп аталатын бахтах жатады - албырттәрізділерге Тұқы тәріздестер отрядына жатады - аққайран, мөңке, қаракөз, ақмарқа, табан, таяз Уылдырықтама дегеніміз - уылдырық шашатын орын Өрістегіш балық- уылдырықтама іздеп теңізден өзенге немесе керісінше сапар шегетін балықтар Балықтың даму сатысы - уылдырық→ ұрық→дернәсіл→шабақ→ересек балық
|
|||
|