|
|||
Буылтық құрттар типіБуылтық құрттар типі
Буылтық құрттар-3 қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінген, көп жасушалы жәндіктер Соңғы немесе екіншілік дене қуысы -целом Целом дегеніміз -дененің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік Буылтық құрттарда алғаш ретпайда болған -тұйық қанайналым жүйесі Кластары-3 (азқылтандылар, көпқылтандылар, сүліктер)
Азқылтанды құрттар
Шұбалшаңның қызғылт түсті болуы - қаны қызғылт түсті болғандықтан Қанайналым жүйесі-тұйық, арқа және құрсақ қантамырларымен оларды жалғастыратын жүрекшелерден тұрады. Асқорыту жүйесі -ауыз →жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын →ішек →аналь тесігі Шұбалшаңның әрбір буылтығында - сегізден қысқа қылтандары болады Қылтандардың қызметі -денені орнықты ұстау Сипап сезу қызметін атқарады - қылтандар Шұбалшаңның бірыңғай салалы бұлшық еті жиырылғанда - қысқарып жуандайды Шұбалшаңның сақиналы бұлшық еті жиырылғанда - ұзарып, жіңішкереді Құрт денесінен бөлінген шырыш - үйкелісті кемітеді Шұбалшаңның қоректенуі - өсімдіктердің шіріген қалдықтарымен Тыныс алуы - ылғалды жұқа тері Зәр шығаруы-шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелер арқылы Жүйке жүйесі-жұтқыншақ үсті және құтқыншақ асты жүйке сақинасы мен құрсақ жүйке тізбекшесі «Ми» деп те аталады- бас бөлігінде орналасқандықтан жұтқыншақ үсті жүйке түйіні Көбеюі- айқаспалы тәсілмен ұрықтанатын гермафродит Жас ұрпақтары пілдеде дамып, сыртқа шығатын жануар - шұбалшаң Шұбалшаңның маңызы - топырақты қопсыту, құнарландыру Тұщы су қоймасындағы буылтық құрттардың маңызы - балықтарға жем болу
Көпқылтанды буылтық құрттар
Өкілдері-құмқазар мен нереида Нереиданың қанының түсі - жасыл Көпқылтанды құрттарға тән ерекшелік- айрықша қозғалыс мүшесінің (дененің екі қапталын бойлай орналасқан қылтандары бар параподия) болуы Көбеюі-жынысты, жыныссыз Трохофора (грекше трохос – дөңгелек) - денесінде кірпікшелері бар дернәсіл Тыныс алуы - желбезек Сезім мүшелері - көздері мен қармалауыштары Түсі қошқыл қоңыр, құмнан ін қазып тіршілік тетін көпқылтанды құрт – құмқазар
|
|||
|