|
|||
Виноградов. Таспа құрттар. Жұмыр құрттар типі- Виноградов Қаншылсорғыш немесе айырдене - құрсаққуысы және қуық ірі веналарында тіршілік етіп, шистозомоз ауруын туғызады Сорғыш құрттарды кейде атайды - трематод деп аталады Жануарларда және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді- эндопаразиттер Бауырсорғыштың денесін қаптайды - кутикула (сірқабық)
Таспа құрттар Өкілдері - цепен, эхинококк Таспа құрт аталу себебі-денесі жалпақ таспа тәрізді болғандықтан (ұзындығы 1-10 м) Цепен - 2 иелі (негізгісі - адам, аралық иесі - сиыр) Сиыр цепенінің сорғышы - 4 (басында орналасқан) Денесін қаптайды - сірқабық Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойында басы, басында 4 дөңгелек сорғышы бар, дененің сыртын сірқабық қаптаған - сиыр таспақұрты (цепен) Жүйке жүйесі- басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, 2 желілі жүйке құрттың денесін бойлай құйрығына дейін созылып жатады Көзі, асқорыту, тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі - болмайды Зәршығару жүйесі- дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәр шығару түтіктерінен құралады Көбеюі- қосжынысты Тіршілік циклі - жұмыртқа →алты қармақшалы дернәсіл →финка →ересек құрт Финна дегеніміз- цепеннің көпіршікті екінші дернәсілі Таспақұрттар-эндопаразиттер Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар- денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсаған жәндіктер Біріншілік дене қуысы пайда болды - жұмыр құрттарда Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық -денедегі барлық жасушалармен газ алмасуға қатысады Құрт денесінің қабаттары - сірқабық; гиподерма; бірыңғай салалы бұлшық ет Сірқабық- өлі ұлпа, өсуге мүмкіндік бермейді, сірқабықты тастап құрт түлеу арқылы өседі Түр саныт- 20 000 Көбеюі - аналығы аталығынан үлкен, көбінесе жұмырқа салу арқылы Дененің аналь тесігінен кейінгі бөлімі - құйрық Тынысалу және қантарату жүйесі - болмайды Жұмырқұрттарды кейде атайды - нематод Өсімдік тамырында ауру туғызатын жұмыр құрт - қызылша жіпшеқұрты Тері астында өмір сүреді - суыртқы Бұлшықеттерде өмір сүреді - трихинелла Ішекте өмір сүреді - үшкірқұрт, ішексорғы Көбінесе жас балалар мен жасөспірімдердің тік ішегіне орнығады - үшкірқұрт Екі сүйір ұштарын қадап, соқырішекте және тоқішекте өмір сүреді - үшкірқұрт Үшкірқұрттың денесін қаптаған - тығыз қабықша (сірқабық) Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша - тері-бұлшықет қапшығы Ішексорғының қоректенуі - үш ерінді ауыз →ішек →аналь тесігі Көбеюі - даражынысты, жұмыртқа салу арқылы Ішексорғы тудыратын ауру - бөсір (аскаридоз) Дене пішіні бір жасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмырқұрт түрлері - қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрт Жылқының құйрыққылына ұқсас, шумақталған жіңішке жұмырқұрт - қылқұрт Қылқұрттың зияны - дернәсілі бунақденелілер денесінде паразиттік тіршілік етеді
|
|||
|