|
|||
Ішекқуыстылар типіІшекқуыстылар типі
Ішекқуыстылар -Екі қабатты, сәулелі симметриялы жәндіктер Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты -эктодерма Ішекқуыстылардың ішкі қабаты -энтодерма Эктодермада орналасқан -атпа, жүйке, жыныс, тері-бұлшықет жасушалары Энтодермада орналасқан -ас қорыту және безді жасушалар Атпа жасушалары тән - барлық ішекқуыстыларға Гидраның атпа жасушаларының көп шоғырланған жері -эктодермасында Атпа жасушаларының қызметі -қорғаныш және қорегін аулау Аралық жасушалар -эктодерма қабатындағы ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар Регенерация құбылысы-дененің жойылған немесе зақымдалған бөліктерін қалпына келтіру. Көпшілік ішекқуыстыларға тән. Гидра денесі зақымданғанда өсуі күшейе түседі-аралық жасушалардың Гидратектестер-гидра, обелия Жануарға қарағанда өсімдікке ұқсайды-гидра Гидраның ауыз қуысы айналасындағы қармалауышының саны -5-8 Гидраның қозғалуы -адымдап, тоңқаңдап (төңкеріліп) Гидраның көбеюі-жынысты, жыныссыз Жыныссыз көбеюі-жаздың жылы күндерінде бүршіктеніп Жынысты көбеюі-қосжынысты, ұрықтанған жұмырқа жасушасы қыстап шығып, көктемде қабығы жарылып, тіршілігін жалғастырады. Гидра тіршілік етеді-суы таза, оттегіне бай, баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандарда Гидра төсемікке бекінеді-табаны арқылы Жүйке жасушасының пішіні -жұлдызша тәрізді Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар - жүйке Жүйке жасушалары түзеді-жүйке торын Ең алғаш тек ішекқуыстыларда байқалады-жүйке торы Гидраның қорытылмаған ас қалдықтары шығарылады -ауыз қуысы арқылы Тітіркенгіштік дегеніміз-жүйке жасушасы арқылы сырқы әртүрлі қимылдарға жауап беруі Рефлекс дегеніміз-тірі ағзалардың сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап беруі Гидраның қоректенуі-жыртқыш, ұсақ шаянтәрізділермен және балықтардың кішкене шабақтарымен Гидрада бар ұлпалар-жабын, жүйке, асқорыту Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүреді - обелия Обелияның көбеюі - жынысты, жыныссыз Жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (қармалауыштары және аузы жоқ) арқылы жүзеге асады - обелия Сцифоид сөзінің мағынасы-табақша Медузалар- еркін тіршілік етеді, мөлдір денелі Медуза өмір сүреді -теңіздерде Медузада дамыған сезім мүшелері -жарық сезу, иіс сезу Медузада жоқ мүше -табан Планула -ішекқуыстылардың кірпікшелі дернәсілі Денесі бағана тәрізді, әдемі гүлге ұқсас жырқыш ішекқуысты жәндәік -актиния Арал және каспий теңіздерінде тіршілік ететін көпаяқты - актиния Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар (полиптер) Көп қармалауышты маржандар - тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер Көп қармалауышты маржандардың әктенген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында пайда болады -риф (үйінді) Рифтің түрлері -тосқауыл, жағалық, шеңберлі Шеңберлі риф -атолл 1842 жылы «Риф түзілу» теориясын жазған -Ч. Дарвин Ең ірі ішекқуысты жәндік -цианеа капиллата Дыбыс тербелісін сезетін ішекқуысты –медуза
|
|||
|