Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





* изосорбида динитрат 11 страница



* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ЭФГДС, іш қуысын УДЗ) және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

* жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу

 

#78

*!Емханаға 57 жастағы әйел адамсанның жоғарғы бөлігіне дейінгі оң жақтағы аяғының айқын ісінуіне және кернеп ауруына шағымданып келді. Анамнезінде: ісіну компьютермен ұзақ жұмыс істегеннен кейін пайда болған және ісіну одан арыүдеуде. Қарап тексергенде оң аяқтың терісі жылтыр, аздап көгерген, қолмен ұстағандасау аяқпен салыстырғанда жергілікті температурасы жоғары, пальпация кезінде айқын ісіну және ауырсыну анықталады. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

*амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (УДДГ, дуплексті сканерлеу, флебография) және зертханалық зерттеу

*+жедел жәрдем арқылы ангиохирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

* жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу

 

#79

*!Емханаға 45 жастағы ер адам эпигастрий аймағына берілетін белдемелі түрдегі ауру сезіміне, бірнеше рет құсуға, іштің кебуіне шағымданып келді. Анамнезінде: ӨТА 5 жылдан бері ауырады, алкогольді және майлы тағамды қабылдағаннан кейін ауру сезімі пайда болып қарқыны үдей түскен, құсу жеңілдік әкелмейді. Қарап тексергенде беті қызарған, дене температурасы қалыпты, тахипноэ, тахикардия, АҚ – 110/70. Пальпация жасағанда іші кепкен, жұмсақ, эпигастрий, сол жақ қабырға асты қатты ауырады, перитониттің белгілері жоқ. Емхана хирургі көргеннен кейін жедел панкреатит диагнозы қойылды. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаториялық дағдайда динамикасынбақылау

*+ жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

*емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

*инфузиялық ем жүргізгеннен кейін "жедел жәрдем"-нің хирургиялық стационарына жолдама беру

*күндізгі стационарға жіберу

 

#80

*!Емханаға 34 жастағы ер адам оң жақ мықын аймағындағы аздап ауру сезіміне, дене температурасының 37,70 С көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінде бір апта бұрын эпигастрий аймағында ауырсынуы мазалаған, ол ауру сезімі уақыт өте оң жақ мықын аймағына ауысқан, ауырсынуды басатын дәрі ішкеннен кейін ауру синдромы басылған, бірақта кешкісін дене температурасы қайта көтеріліп оң жақ мықын аймағында ауру сезімі қайта басталған. Қарап тексергенде терісінің бозаруы, дене температурасының 37,8С көтерілгені анықталды. Гемодинамикасы тұрақты. Пальпация жасағанда іші симметриялы, тыныс алуға қатысады, жұмсақ, оң жақ мықын аймағы аздап ауырсынады және сол жерде инфильтрат анықталады. Іш астардың тітіркену белгісі теріс. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

*амбулаториялық дағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

*+жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

*инфузиялық ем жүргізгеннен кейін "жедел жәрдем"-нің хирургиялық стационарына жолдама беру

*күндізгі стационарға жіберу

 

ХИР/Б СТАЦИОНАР

 

 

#401

*! 26 жасар ер адамда қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

* Медиальді

* Артқы

* Бүйір

* Жоғарғы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.