|
|||
#28 1 страница*! Ұл 4 жаста. Анамнезінде: өмірінің 1-інші жылында қайталамалы бронх-өкпе аурулары. Қарап тексергенде: - тері жабындылары бозарған, физикалық жүктемеде ентігу. Аускультативті: үш жармалы қақпақшаның проекциясында I тон күшейген, өкпе артериясы үстінде II тон күшейген және тармақталған. Бала жатқанда сол жақта II-III қабырғааралықта нәзік систолалық шу естіледі, жүрек ритмінің бұзылуы (анасының айтуы бойынша – соңғы бір жыл бойы). ЭКГ-де: ЭО оңға ығысқан, оң жүрекшенің фибрилляция белгілері, оң жүрекшенің гипертрофиясы. ЭхоКГ – да, оң жүрекшеде солдан оңға турбулентті ағыс. Қандай туа біткен жүрек ақауына бұл симптоматика тән? *+жүрекшеаралық перденің дефектісі *қарыншааралық перденің дефектісі *Фалло тетрадасы *ашық артериалдық өзек *қолқа коарктациясы #29 *! 3- жасар ұл бала. Физикалық дамуы артта қалған. Қарап тексергенде тері қабаттары бозарған. Жүрек шекаралары көлденеңінен және жоғары қарай кеңіген. Жүрек ұшы түрткісі жайылған, көтеріңкі және төмен қарай ығысқан. Төс сүйегінің сол жағында III-IV қабырғааралықта систолалық діріл және ұзақ систолалық шу.Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * ашық артериальды өзек * жүрекшеаралық перденің ақауы * жекеленген өкпе артериясының стенозы * қолқакоарктациясы *+қарыншааралық перденің ақауы #30 *!Ұл бала 10 жаста. Шағымдары: ентігу, әлсіздік, жөтел, жүрегінің ауыруы. Тексеру кезінде тері жабындарының бозаруы, ерін, мұрын ұшы, бетінің цианозы. «Шапалақ» тәріздес бірінші тон, өкпе сабауының үстінде екінші тонның қосарлануы мен акценті. Тахикардия, жүрек түрткісінде пресистолалық күшеюмен диастолалық шу. Төсте «мысық пырылы» симптомы. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы? * ашық артериалды өзек * митральді қақпақша жеткіліксіздігі *+митральды қақпақша стенозы * аорта қақпақшасы стенозы * үшжармалы қақпақша стенозы #31 *! 10 жастағы балада эпицентрі төстің сол қыры, 2-ші қабырғааралықта, ұйқы артерияларына берілетін, қатаң систоликалық шу естіледі, аортада 2-ші тон әлсізденген, пульс 96 рет 1 минутына, иық артериясындағы АҚҚ 95/75 мм с.б., сан артериясындағы АҚҚ 110/90 мм с.б. Төменде көрсетілген ақаулардың ішінен ЕҢ ықтималы? *+аорта өзегінің стенозы *жүректің біріккен ақаулары *аорта коарктациясы *қарынша аралық перде ақауы *ашық артериальді өзек #32 *! Ұл бала 12 жаста. Анамнезі бойынша- 9 жасынан бері баспамен ауырып келеді. Үлкен буындарында өтпелі артрит болған. Тексеру кезінде: жүрек шекаралары солға және жоғары қарай кеңейген. I-тон әлсіз, p.max. жүрек ұшында қатаң систоликалық шу естіледі. Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы? * үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі * жедел миокардит * аорта қақпақшасы жеткіліксіздігі *митральді қақпақша жеткіліксіздігі * жүрекше аралық перде ақауы #33 *! 8 жасар кыз бала. Жүрек аймағындағы ауыру сезіміне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ЖРВИ –мен ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * жедел ревматикалық қызба *+жедел миокардит * ашық артериялдық өзек * митралды қақпақшаның пролапсы * митралды қақпақшаның стенозы #34 *! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Рентгенологияда анықталатын өзгерістер: *+жүрек шекаралары ұлғайған * жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі * жүректе өзгерістер жоқ * жүректің жиырылу амплитудаларының кеңеюі * өкпе артериясының доғасы ұлғайған #35 *! Анасы 6 айлық баламен аймақтық педиатрға келді. Рентгенограмада “ шар тәрізді жүрек” анықталды. Жүрек тондары тұйықталған , митральді қақпақшаның жетіспеушілігі систолалық шуы естіледі. Төмендегі аталған болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? * жедел миокардит * ашық артериалді өзек * митральді қақпақшаның пролапсы *аорта коарктациясы *+туа пайда болған фиброэластоз #36 *! Қыз бала 3 айлық соңғы 2 ай бойы соруы әлсіз, барлығы 50-70 грамм сүт еміп, ұйықтап қалады. Емген кезде қатты терлейді, тері қабаттары бозарып, тыныс алуы жиілейді, көздерінің және ауызының айналасы көгереді деп шағымданды. Бала бозарған, жылағанда ауыз мұрын үшбұрышының цианозы, ентігу, ТАЖ- мин. 60 рет, ЖСЖ - мин. 150 рет. Жүрек үндері тұйық. Жүрек ұшы түрткісі сол жақ бұғана ортасы сызығынан 2,5 см сыртқа. Өкпесінде тыныс қатаң. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен. Анасы жүктіліктің 20-сыншы аптасында ЖРВИ мен ауырды. Клиникалық диагнозды қоюда қандай зерттеу ақпаратты? *+эхокардиография * электрокардиография * фонокардиография * жүрек рентгенографиясы * спирография #37 *! 13 жастағы ұл бала. 2 жасынан бастап “Миокардит, жеделдеу кезеңі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ” диагнозымен емделуде. Аускультацияда: тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, өкпе суретінің күшеюі, кардиодиафрагмальді бұрыштың тегістелуі, КТИ-0,60. ЭхоКГ:жүректің айқын дилятациясы, лақтыру фракциясының төмендеуі, қарыншалардың диффузды гипокинезиясы, екі жармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі. Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? * ревматикалық қызба, митральді ақау *инфекциалық эндокардит *+идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия * рестриктивті кардиомиопатия * гипертрофиялық кардиомиопатия #38 *!Жүректiң ақауы бар науқас балада 1 ай бойы дене температурасының көтерiлуi, гепатомегалия, спленомегалия, терiлiк бөртпе, геморрагия, бастағы қан айналым бұзылысының көрiнiстерi байқалады. Жүректе тахикардия, диастола кезiндегi шу естiледi. Гемограммада: таяқшаядролы жылжуымен лейкоцитоз, нейтрофилдердiң токсикалық өзгеруi, ЭТЖ күрт жоғарылаған (60 мм/сағ), СРБ, ауыр гипохромды анемия. Төменде келтiрiлген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? *миокардит * ревматическалық кардит #39 *! 5 жастағы қыз баланың ЖРВИ дан кейiн жағдайы тез нашарлады. Ентiгу пайда болды, жүрек тұсында ауру сезiмi мазалады. Қыз бала жүрелеген мәжбүрлi қалыпта отырады. Жүрек шекаралары барлық жағына ұлғайған. Жүрек үндерi тұйықталған, тахикардия, АҚ төмендеген, мойын веналары ісiнген. Рентгенограммада жүрек формасы трапеция тәрiздi, көлеңкесi ұлғайған. Төменде келтiрiлген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? * миокардит, жедел ағымды *+экссудативті перикардит * бронхопневмония * экссудативті плеврит * инфекциялық эндокардит #40 *! 4 айлық бала тексерiлу Үшiн кардиология бөлiмшесiне келiп түстi. Анасы баласының аз салмақ қосуына,сонғы айда көгерумен жүретiн ентiгуге шағымданады. "ТБЖА.Фалло тетрадасы" диагнозы қойылды. Кешкi уакытта баланың жағдайы нашарлады: ентiгу пайда болды, жалпы мазасыздық және көгеру күшейдi. Кезекшi дәрiгер тағайындауы керек: *корглюкон, натрий хлор инфузиясы *жасанды дем,оттегі *тері астына преднизолон ,атропин * бұлшық етке промедол,кордиамин,кислородпен ингаляция * адреналин,дигоксин инъекциясы #41 *!Баланың физикалық, психикалық, жыныстық дамуының кідіруі ЕҢ тән ауру: *эутиреоз *гиперпаратиреоз *гипопаратиреоз *тиреотоксикоз *+гипотиреоз
#42 *!Бала 6 жаста. «Церебральді гипофизарлы нанизм» диагнозы қойылған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайға ЕҢ сәйкес: *гипогонадизм *гипокортинизм *инсулин жеткіліксіздігі *+соматотропты гормон жеткіліксіздігі *қалқанша бездің гипофункциясы
#43 *!12 жасар қыз «Қант диабеті»диагнозымен. Қант диабеті диагнозы сипаттамасына ЕҢ тән: *глюкозурия *кетацидоз *метаболикалық ацидоз *аш қарынға қант 5,5 ммоль/л *+аш қарынға қант 6,1 ммоль/л
#44 *!Гипогонадизмнің біріншілік түріне ЕҢ сәйкесі: *+гонадотропты гормондардың деңгейінің жоғарылауы және жыныс гормондар деңгейінің төмендеуі *гонадотропты гормондардың деңгейінің төмендеуі және жыныс гормондар деңгейінің төмендеуі *гонадотропты гормондардың деңгейінің төмендеуі және хорионды гонадотропинмен сынама жедел оң *гонадотропты гормондардың деңгейінің жоғарылауы және жыныс гормондар деңгейінің қалыпты болуы *гонадотропты гормондардың деңгейінің төмендеуі және жыныс гормондар деңгейінің жоғарылауы
#45 *!Гипотиреоз симптомдарының бiрi болып табылатын симптомды төмендеаталғандардан таңдаңыз: *терлегiштiк *нәжiсi жиi *+брадикардия *тремор *кейiгiштiк
#46 *!Қыз бала 1 айлық. Кіндігі - 8 ші күні түскен. Өмірінің 3 – ші күнінде тері қабатында сарғыштық байқалды және сақталды. Әлсіз, нашар емеді, денесінің, бетінің, аяқ – қолы шамалы пастозды. Терісі құрғақ, қабыршақтанған. Дауысы қатаң. Үлкен дәреті іш қатуға бейім. ЖҚС: гемоглобин 80г/л, холестерин 6,8 ммоль/л. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *нәрестелердің гемолитикалық ауруы *+туа пайда болған гипотиреоз *гипоксиялық – ишемиялық энцефалопатия *диабеттік фетопатия *торланудың созылмалы бұзылысы
#47 *!13 жасар балада бойының өсуі 2-3 жасынан бастап тежеле бастаған, дене бітімі инфантильді, жыныстық жетілуі қалыс, бойының ұзындығы 111 см, сүйектік жасы 5 жасқа сәйкес келеді, салмағы 21,5 кг. Соматотропты гормон деңгейі төмендеген. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *гипохондроплазия *+гипофизарлы нанизм *туа біткен гипотиреоз *примордиальді нанизм *Шерешевский-Тернер синдромы
#48 *!14 жастағы қыз бала шағымдары: іштегі ауыру сезімі, арықтау, лоқсу, әлсіздік, шөлдегіштік. Терісі мен шырышты қабаттары құрғақ. Науқас салғырт, рефлекстер төмендеген, көз алмасының тонусы төмендеген, тахикардия. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімі, айқын емес ішастар тітіркену синдромы. Қанда: аздаған лейкоцитоз, СОЭ – 11 мм/сағ. Зәрдегі қант 6%, ацетон оң. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *2 типті қант диабеті, алғаш анықталған *+1 типті қант диабеті, кетоацидоз *ацетонемикалық лоқсу синдромы *жедел деструктивті панкреатит *жедел аппендицит
#49 *!Науқас 16 жаста. Аласа бойлы, сүт бездерінің болмауы және екіншілік жүн басу. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ: жатыр және түтктер гипоплазирленген, аналық бездер тартылған күйде. ЛГ деңгейі күрт жоғарылаған. Кариотип 45Х0. Ата-анасы аласа бойлы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *соматогенді нанизм *кеш пубертаттық синдром *+Шерешевский-Тернер синдромы *Ван-Вика-Грамбах синдромы *жанұялық аласа бойлық
#50 *! 11айлық қыз бала. 4 айлығынан бастап сүт бездерінің үлкеуі байқалады. Қарағанда: бойы 77см, салмағы 10 кг. Зерттеулерде: ЛГ – 0,100 mlu/ml (қалыпты 0-3,29), пролактин – 22,82 ng/ml (қалыпты1,9-25,2), ФСГ – 6,51 мед/мл (қалыпты1,84-20,26), экстрадиол – 43,53 пмоль/л (қалыпты 40-161). Сол қол саусақтарының рентгенограммасы: сүйектің жасы 2 жасқа сәйкес. Сүт бездерінің УДЗ: екі жақтық везуализациясының көлемі 0,8x1,0см, бездік тіндердің қалыптасуы. Кіші жамбас қуысының УДЗ: жатыр орталықта орналасқан, шеттері анық, бірдей, ұзындығы – 1,8мм, алдыңғы-артқы өлшемі- 0,9мм, көлемі – 10мм. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *андростерома *бүйрекүсті безінің қыртыстарының дисфункциясы, вирилді түрі *+ерте шынайы жыныстық даму *бүйрекүсті безінің қыртыстарының дисфункциясы, тұз жоғалтушы түрі *глюкокортикостерома #51
*!Бала б., 6 ай, ауруханаға балалар экземасы диагнозымен түсті. Жасанды тамақтандыруға ("Нутрилон 1" қоспасы) ауысқаннан кейін баланың бет терісінде микровезикулалардың элементтері бар қызару аймақтары пайда болды, олар кейіннен қышынған қыртыстарды қалыптастыру үшін мокнутияға ұшырады. 3 ай жасында бас терісінде диффузды сұр-сары таразылар пайда болды. 4 айдан бастап сүт қоспаларын ("Фрисолак", "Нутрилак Соя", "Нутрилон ГА", "нан қышқыл сүт") жиі ауыстырып отыру жүргізілді, оның аясында терінің көріністері бет, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарды, денені процеске тарту арқылы күшейе түсті. Сыртқы жергілікті терапия мен антигистаминдерді қолдану қысқа мерзімді әсер етті. Тексеру және емдеу үшін бала стационарға жіберілді. Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастардың терісі келесі қоздырғыштармен жиі кездеседі:
* алтын стрептококк (Staphylococcus aureus); * малассезия (Malassezia furfur); * эпидермальды стафилококк (Staphylococcus epidermidis); * candida (Candida) тектес саңырауқұлақтар. * гемолитикалық стрептококк (streptococcus haemoliticus)
#52
*!10 айлық бала , балалар ауруханасына мойын аймағында гиперемия, щектердің сулануы туралы шағымдармен түсті. Ананың айтуынша, бала бір апта бойы ауырады. Аралас тамақтандыруда. Өткен аптада анам диетаға цуккини пюресін енгізді. Осыған байланысты баланың бүкіл денесінде бөртпелер пайда болды, щеки сулана бастады. Учаскелік дәрігер-педиатрға жүгіндік. Тағайындалған емдеу-таблеткадағы супрастин, энтеросорбенттер, жергілікті Сыртқы терапия. Динамикада оң нәтиже байқалады. Атопиялық Конституцияның стигмаларына мыналар жатады:
* бірнеше пигментті невус; * Денни-Морган сызықтары; * жоғары маңдай; * Хертог симптомы. * алақанның гиперлинеарлығы
#53 *!Анам мен 10 жастағы бала дерматологқа қол мен дененің терісіндегі бөртпелер туралы жүгінді. 1 жыл бойы ауырады. Ауру толқын тәрізді жүреді, оның өршуі көбінесе жүйке асқынуымен, диетадағы қателіктермен, атап айтқанда шоколад кәмпиттерін қолданғаннан кейін және кейде ешқандай себепсіз байланысты. Қол мен білек терісі орташа ісінген, гиперемияланған.Бұл фонда көптеген кішкентай папула, микровезикулалар, дымқыл жерлер бар. Кеудеде, іште, бөкселерде аздап ісінген эритематозды-сквамозды бөртпелер әр түрлі мөлшерде және анық емес шекаралары бар. Субъективті-орташа қышу. Алдын ала клиникалық диагноз қойыңыз. * экзема * есекжем * атопиялық дерматит * аллергиялық дерматит * қышыма
#54 Балаға 6 ай. Жеміс шырындары мен көкөніс пюресі алынған жоқ. Рахиттің алдын-алу жүргізілген жоқ. Бала екі рет ЖРВИ-мен ауырды. Фронтальды және париетальды туберкулездер, краниотабес. 3, 0х3, 5 см, шеттері жұмсақ, икемді, бастың артқы жағы тегістелген, таз. Қышқыл иісі бар жабысқақ тер. Тістері жоқ. Кеуде қуысы бүйірден қысылған, шеттері жайылған, қабырғаларында үлкен "Розария"бар. Бұлшықет гипотензиясы. Қан анализі: CA-1,5 ммоль/ л, P.-0,7 ммоль/ л, сілтілі фосфатаза – 3,1 ммоль / л. Ең дұрыс жауап:
* рахит I, бастапқы кезең, жіті ағым * гипоксиялық-ишемиялық типті ОЖЖ перинаталдық зақымдануы * I дәрежелі темір тапшылығы анемиясы, жеңіл түрі * рахит II, қызу кезеңі, өткір ағымы *жүйке-артрит диатезі
#55 Учаскелік педиатрға алты айлық қызбен бірге бозару, летаргия, тәбеттің төмендеуі туралы шағымдар түсті. Небенок енжар, плаксивый. Дене салмағы-6000 г, ұзындығы-62. Тері астындағы май қабаты іште, кеудеде жоқ, төменгі және жоғарғы қолдарда жұқарған. Тері "мәрмәр" үлгісімен бозғылт, құрғақ, серпімділік төмендейді. Жүрекшелерде балауыз реңктері бар. Шырышты, құрғақ. Шаш жұқа және сирек кездеседі. Тіл ақ жабындымен жабылған, тілдің тілінде филиформалық папиллярлардың атрофиясы бар. Тіндер мен бұлшықеттердің тургоры азаяды. Іштің бұлшық еттерінің гипотензиясы, ішек атониясы және жазықтылық салдарынан іш қуысы үлкейеді. Тыныс пуэрильное. Жүрек дыбыстары тез, 150 минутта 1, жоғарғы жағында систолалық шу. Іші аздап үлкейген, жұмсақ. Бауыр 3,5 см қабырға доғасының шетінен шығады. Көкбауыр 20 қабырға доғасының шетінен 3 см деңгейінде пальпацияланады. Нәжіс-іш қатуға бейімділік байқалады. Алдын ала клиникалық диагноз қойыңыз.
* 1 дәрежедегі постнатальді гипотрофия * 2 ауырлық дәрежесіндегі постнатальді гипотрофия * 3 дәрежелі постнатальді гипотрофия * фосфат диабеті * витамин-Д-жетіспейтін рахит
НЕфрология #56 *!Несеп шығару жолдарының инфекциясымен (НШЖИ) ауырған 12 жасар қыз балаға белсенді антибактериалдық ем жүргізілді, қан және несеп талдауы қалыпқа келді. НШЖИ-ң рецидивке қарсы антибактериалды емі препараттардың қандай дозасымен және қанша уақыт жүргізіледі? *инфекцияны толық жойғанға дейін үнемі терапиялық дозамен *айына 10 күннен үнемі *+терапиялық дозаның 1/2-1/3-і, қуық-несепағар рефлюксі жойылғанға дейін *толық дозамен 5-7 күн *толық дозамен 10-14 күн
#57 *!4 жасар ұл балада фебрилді қызу фонында катаралді белгілерсіз ішінде, бел аймағында ауру сезімі пайда болып, қабақтарыісінді. ЖЗА-да лейкоцит 50 к/а, белок 0,033 г/л, несептің бак. себіндісінде гемолитикалық ішек таяқшасы 1 мл-де 100000 мкр. денешіктері анықталды. Баладағы мейілінше ықтимал диагноз: *+жедел пиелонефрит *жедел цистит *жедел гломерулонефрит *цистит *НШЖИ
#58 *!12 жасар балаға клиникалық және зертханалық мәліметтер негізінде «Жедел пиелонефрит» диагнозы қойылды. Пиелонефриттің емін қандай антибиотиктен бастаған жөн? *Пенициллин *Гентамицин *+Ампициллин *Рокситромицин *Нитроксалин
#59 *!12 жасар қыз балада кезекті скринингтік тексеруде бактериурия анықталды–1 мл несепте 105микроб денешігі. «Симптомсыз бактериурия» термині нені білдіреді? *шырышты қабатқа микробтардың адгезиясы және жоғары өрлеуі *қабыну үдерісі зәр жүйесінің эпителийінде *+шынайы бактериурия анықталып, бірақ несеп шығару жолдарының инфекциясының клиникалық және зертханалық көріністерінің болмауы *қабыну үдерісі бүйректе *қабыну үдерісі уретрада
#60 *!15 жасар қыз балада зәр жүйесі инфекциясын диагностикалау мақсатында бірінші кезекте қандай ақпаратты және қол жетімді визуализдеуші зерттеу әдісі жүргізілуі тиіс: *цистография *Аддис-Каковский сынамасы *компьютерлік томография *+бүйрек пен зәр жолдарының УДЗ *магнитті резонансты томография #61 *!5 жасар балада несеп талдауындағы қабынулық өзгерістермен жүретін дизурияның көріністері, қайталанды. «Қайталамалы ЗШЖИ» диагнозымен есепте тұрады. Қарау барысында баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 370С, жиі ауыру сезімімен зәр бөледі, қасаға үстінде ауыру сезімі бар. Қан талдауы өзгерісссіз, несепте: белок 0,06 г/л, Л 12-15 к/а,Эр. 3-4 к/а., бактериялар +++. Қандай препараттарды тағайындау керек? *стероидты емес қабынуға қарсы препараттар *+жартылай синтетикалық қорғалған пенициллиндер *гормоналды препараттар *тетрациклиндер *фторхинолондар #62 *!Төмендегі зертханалық көрсеткіштердің қайсысының «жедел пиелонефрит» немесе «жедел цистит» диагнозын қоюда дифференциалды-диагностикалық маңызы бар? *гематурия *бактериурия *протеинурия *лейкоцитурия *+лейкоцитоз, жылдамдаған этж #63 *!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал? *+уросепсис *жедел пиелонефрит *септицемия *туберкулез *ҚІИ #64 *!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Болжам диагноз – уросепсис. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы осы диагнозды дәл нақтылайды? *+инфекция ошақтарынан бак.себінді алу *жалпы несеп талдауы *несепті бак.себу *қанның иммунограммасы *биохимиялық қан талдауы #65 *!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Науқасқа қандай ем жүргізу керек? *+2-3 антибиотик, олардың біреуі цефалоспориндердің iii-iv буыны к/т *гормоналды препараттар *амоксиклав, нитрофурандар *сульфаниламидтік препараттар *стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
|
|||
|