Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





* изосорбида динитрат 10 страница



*саусақтың сыртқы бетінен сызықтық тілік жасау

*+саусақтың алақан бетінен бойлық бағытта тілік жасау

*саусақтың алақан бетінен доға тәрізді тілік жасау

*саусақтың алдыңғы бүйір қабарғасынан тұмсық тәрізді тілік жасау

*саусақтың алақан бетінен көлденең бағытта сызықтық тілік жасау

 

#45

*!Жас әйел емханадағы хирургқа оң қолтық асты аймағындағы тығыздалған ауыратын түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 күн болған, өзбетінше үйінде емделген. Қарап тексергенде: жергілікті оң жақ қолтық асты аймағында 4х3 см болатын инфильтрат анықталады, инфильтрат бетіндегі терісі қызарған, пальпация жасағанда ауру сезімі анықталады. Науқасқа қандай ем тағайындайсыз?

*Консервативті ем антибиотиктер енгізу, Вишневский жақпа майымен компрессия жасау

*массаж, иық буынының контрактурасын алдын алу мақсатында жаттығулар жасау

*Иммунитетті жоғарылату мақсатында қан құю, дәрумендер енгізу

*сепсистің алдын алу мақсатында функционалды тыныштық беру

*+іріңдікті ашу, санациялау, дренаждау

 

#46

*!22 жастағы науқас сүт безінің ауырсынуына, ісінуіне, дене қызуының 39С қа көтерілуіне шағымданып емханадағы дәрігерге келді. Екі апта бұрын босанған. Сүт безі ісінген, қошқыл-қызғылт түсті. Пальпация жасағанда ауырсынады, диффузды инфильтрат анықталады. Қолтық астында ауырсынатын лимфа түйіндері бар. Жедел мастит диагнозы қойылды. Науқасқа қандай ем жүргізген дұрыс деп ойлайсыз және неге?

*консервативті, симптоматикалық ем

*асқынуларды болдырмау үшін,радикалды мастэктомия

*сүт безінің басқа ауруларын өткізіп алмау үшін, шұғыл биопсиямен секторалды резекция

*+іріңді сыртқа шығару үшін сүт безіндегі абцессті ашу, қуысты санациялау және дренаждау

*іріңді қуысты пункция жасау, санациялау, антибиотик тағайындау

 

#47

*!Қол басы флегмонасын емдеудің НЕҒҰРЛЫМ тиімді әдісін көрсетіңіз:

*лимфотропты ем

*іріңді ошақты пункция жасау, іріңді сорып шығару, антибиотиктер енгізу

*+іріңдікті ашу және дренаждау

*новокаинды блокадалар

*іріңдікті ашу, некрозға ұшыраған тіндерді кесіп алып тастау және біріншілік тігіс салу

 

#48

*!35 жасар әйел, оң жамбасындағы инфильтратқа, ауырсынуға шағымданады. 7 күн бұрын бауырлық шаншуға байланысты үйінде бұлшықет ішіне инъекция жасалған. Жамбас аймағында 8,0х8,0см болатын инфильтрат анықталады, гиперемия, гипертермиясы бар, пальпация жасағанда ауырсынады. Ортасы флюктуацияланады. Науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

*ауырсыну мен қабынуды азайту мақсатындамұз басу (гипотермия)

*емханалық жағдайындаантибиотиктермен бірге новокаин енгізу

*инфильтратты тарқату үшін физиотерапиялық ем тағайындау

*+іріңдікі толық ашу мақсатында үлкен тілік жасап ашу, санациялау, дренаждау

*инфильтратқа пункция жасау, бактериологиляқ тексеруге алу

 

#49

*!Хирург қабылдауына жас ер адам оң жауырын аймағында тығыздалған түзілістің пайда болуына байланысты шағымданып келді. Қарап тексергенде: оң жақ жауырынында ортаңғы сызық бойымен ауыратын 4х5 см-лік айналасындағы тіндермен байланыспаған тығыздығы жұмсақ эластикалық түзіліс анықталады. Айналасындағы терілері қызармаған. Сіздің диагнозыңыз?

*тілме

*атерома

*лимфадениит

*арқаның карбункулы

*+липома

 

#50

*!Әйел адам А., 46 жасар, анамнезінде 5 күн бұрын балтыр жарақатын алған. Дене қызуы 40 С жоғарылаған, тоңып қалтырау, әлсіздік мазалайды, тері жамылғысы бозғылт, ентігуі бар. Науқасқа қандай ем тағайындау керек?

*Іріңді ошақты ерте анықтау

*+Іріңді ошақты дер кезінде ашу, қалталарын дренаждау, детоксикациялық әдісті қолдана отырып қарқынды антибактериалды, дезинтоксикациялық ем жүргізу

*Эндолимфалық жолмен медикаментозды емдік дәрілерді енгізу

*Қабыну ошағын алып тастау

*Толық көлемді алғашқы хирургиялық өңдеу

 

#51

*!Мына төмендегі көрсетілген симптомдардың қайсысы анаэробты (клостридиалды) инфекцияға тән:

*жара айналасы терісінің айқын гиперемиясы

*зақымдалған қол-аяқ бөлігінің жұмсақ тіндерінің тез ұлғаятын ісінуі

*жарадан кілегей тәрізді іріңнің көп шығуы

*+сықырлаудың (крепитация) болуы

*зақымдалған аяқ-қол терісінде жасыл-көкшіл түсті дақтардың болуы

 

#52

*!Хирург қабылдауына науқас оң жақ мықын аймағының қарқынды ауырсынуына, екі рет құсуға, жүрек айнуына шағымданып келді. Емханадағы хирургтың тактикасы?

*Амбулаторлық жағдайда динамикалық бақылау

*+Науқасты жедел жәрдем көлігімен стационарға жеткізу

*Симптоматикалық терапия

*Гастроэнтеролог кеңесіне жіберу

*Спазмолитик, антибактериалды ем тағайындау

 

 

#53

*!52 жастағы науқас, дәрігерге дене қызуының 39С-қа дейін көтерілуіне, оң аяқ басы мен балтырының ісінуіне, қызаруына, терісінде сулы көпіршіктердің болуына шағымданып келді. Анамнезінде 1 жыл бұрын осы ауруы бойынша стационарда ем қабылдаған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы қызғылт-бозарған, ылғалдығы қалыпты. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар естілмейді. PS – 96 рет минутына, ырғақты. Артериялық қысымы – 130/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті күнделікті, әдеттегідей. Кіші дәретке шығуы еркін, ауырсынусыз.

Status localis: оң балтыры қатты іскен, ісіну аяқ басынада өткен, тері жабындыларында шекарасы айқын қызарулар бар, іші серозды сұйықтыққа толы көпіршіктер, арасында диэпителизацияланған аймақтар анықталады. Аяқ басында 1 саусақ арасында – инфекцияланған сызатты жарықтар көрініп тұр.

Сіздің диагнозыңыз, осы аурудың клиниклық жіктелуі?

*+балтырдың тілмелік қабынуы, клиникалық сатылары: эритематозды, буллезды, гангренозды

*оң балтыр флегмонасы. Бұлшықетаралық, тері астылық

*оң балтырдың құрғақ гангренасы

*оң балтырдың инфекцияланған жарасы

*оң балтыр эризепилоиды

 

#54

*!32 жастағы науқас, пандактилиттің клиникасы мен анамнезіне байланысты емханадағы хирург қабылдауына келді. Емханадағы хирургтің тактикасы?

*+Науқасты ауруханадаемдеу: операция жасау – кесу, дренаждау, антибактериалды ем жүргізу

*Науқасты емханадаемдеу: операция – кесу, дренаждау, антибактериалды ем

* Науқасты емханадаемдеу: антибактериальді, сәулелік ем жүргізу

* Науқасты емханада емдеу: симптоматиклық ем

* Науқасты күндізгі стационарда емдеу: симптоматикалық, антибактериалды ем

 

#55

*!Хирург қабылдауына науқас оң жақ мықын аймағының ауырсынуына, екі рет құсуға, жүрек айнуына шағымданып келді. Емханадағы хирург тактикасы?

*Амбулаторлық жағдайда динамикалық бақылау

*+Науқасты жедел жәрдем көлігімен стационарға жеткізу

*Симптоматикалық ем

*Гастроэнтеролог кеңесіне жіберу

*Спазмолитик, антибактериалды ем тағайындау

 

#56

*!Жас әйел емханадағы хирургқа оң қолтық асты аймағындағы тығыздалған ауыратын түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 күн болған, өзбетінше үйінде емделген. Қарап тексергенде: жергілікті оң жақ қолтық асты аймағында 4х3 см болатын инфильтрат анықталады, инфильтрат бетіндегі терісі қызарған, пальпация жасағанда ауру сезімі анықталады. Науқасқа қандай ем тағайындайсыз?

*Консервативті ем антибиотиктер енгізу, Вишневский жақпа майымен компрессия жасау

*массаж, иық буынының контрактурасын алдын алу мақсатында жаттығулар жасау

*Иммунитетті жоғарылату мақсатында қан құю, дәрумендер енгізу

*сепсистің алдын алу мақсатында функционалды тыныштық беру

*+іріңдікті ашу, санациялау, дренаждау

 

#57

*!Емханалық жағдайында 32 жасар науқасқа сол санының іріңді-өліеттенген жарасына байланысты некрэктомия жасалған. Жараның өліеттенген тіндерден толық тазаруы үшін қосымша қандай тағайындаулар қажет:  

*+Протеолитикалық ферменттер

*Фурациллин ерітіндісі

*Бор қышқылы

*Диоксидин ерітіндісі

*Жара қуысына ультрадыбысты кавитация

 

#58

*!22 жасар науқас, 8 сағат бұрын алған оң санының тесіліп-кесілген жарақатына байланысты емханадағы хирургқа келді. Хирург антисептика қағидаларын толық сақтау үшін қандай тактика таңдағаны дұрыс: 

*Резеңкелі жолақпен дренаждау 

*+Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу

*Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу

*Некрэктомия

*Асептикалық таңғыш салу

 

#59

*!Төменде көрсетілген мына әдістердің қайсысы қатерлі ісікті анықтауда неғұрлым сенімді болып есептеледі?

*ұлғайған лимфа түйінін гистологиялық зерттеу

*+операциялық материалды гистологиялық зерттеу

*пункциялық материалды гистологиялық зерттеу

*патологиялық бөліндіні цитологиялық зерттеу

*физиологиялық бөліндіні цитологиялық зерттеу

 

 

#60

*!55 жастағы ер адамдыемханада тексеру барысында - құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-да: бауырдың сол жақ бөлігінде көлемі 6.0х7.0 см болатын кистозды түзіліс анықталды. Науқастан одан ары сұрағанда оң жақ қабырғаастында ауырсыну белгілерінің мазалайтыны, терісінде қышынулар болатыны және кейде бөртпелердің шығатыны анықталды. Қой бағып шопан болып жұмыс істейді. Диагнозын растау үшін қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізесіз?

*ФГДС

*Лапароскопия

*Іш қуысы ағзаларының шолымалы R-графиясы

*+Іш қуысы ағзаларының КТ

*МРХПГ

 

 

#61

*! Емханада 45 жаста науқасты тексеру кезінде, асқазан қалтқысының (привратник) субкомпенсациялық стенозы анықталды. Емханадағы хирург-дәрігерінің алдағы тактикасы қандай болады?

*+жоспарлы түрде ауруханаға операцияға жіберу

*емхана жағдайында консервативті емдеу

*стационарға кейінге қалдырылатын операцияға жіберу

*"103" шақыру, стационарға жіберу

*гастроэнтерологиялық бөлімшеде емделуге жіберу

 

#62

*!Ер адам 62 жаста, асқазанның рентгеноскопиясы кезінде компинсацияланған пилородуоденальды стеноз анықталды. Ойық жаралы этиологиясы салдарынан дамыған асқазан қалтқысының компенсаторлық стенозы кезінде НЕҒҰРЛЫМ тән тактика болып есептеледі?

* гомеостазды мұқият түзетуден кейінгі жоспарлы операция

* +консервативті емдеу

* шұғыл операция

* кейінге қалдырылған операция

* жедел операция

 

#63

*!Дәрігердің қабылдауына гипертониялық аурумен ауыратын 50 жастағы науқаскелді. 3 күн бұрын оң жақ жамбас аймағына магнезия инъекциясын жасаған. Осыдан кейін иньекция орнында ауырсыну және ісіну пайда болды. Дене қызуы 37С дейін жоғарылаған. Қарап тексергенде инфильтраттың көлемі шамамен 10 см. Пальпация жасағанда ауырады, терінің гиперемиясы жоқ. Сіздің емдеу тактикаңыз?

* инфильтраттың таралуын алдын алу үшін инфильтрат айналасында антибиотиктер енгізу

* абсцессті анықтау кезінде абсцессті ашу, дренаждау .

* асқынулардың дамуының алдын алу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттар енгізу.

* физиоемдеу

* + инфильтраттың пункциясы, диагнозды анықтау үшін антисептиктермен компресс және консервативті емдеу.

 

 

#64

*!Оң жақтағысан флегмосын ашқаннан кейін емделушіде дене температурасы төмендеді, бірақ жарадан іріңнің көп бөлінуі байқалады. Сіздің тактикаңыз қандай?

* Жара қуысының ультрадыбыстық кавитациясы

* +Жараны тексеру және қосымша тіліктер жүргізу

* Инфузиялық ем

* Резеңке түлекпен дренаждау

* Антибиотикотерапияны күшейту

 

#65

*!Сол қолының III саусағының тырнақтық фалангасын соғып алғаннан кейін 3 күн өткен соң науқаста ауру сезімі күшейіп, тырнағының астында ақ дақ пайда болды. Ең ықтимал диагнозыңыз және әрі қарай тактикаңыз?

* сіңірлік күбіртке, іріңдікті ашу

* паронихия, іріңдікті ашу

* буын күбірткесі, экзартикуляция

* сүйек күбірткесі, секвестрэктомия

* +тырнақ күбірткесі, тырнақ пластинасын алып тастау, іріңді ашу

 

#66

*!Буын панарициясы бар науқастаұзақ тиімсіз емнен кейін дистальды фалангааралық қосылыс аймағында пандактилит дамыды. Сіздің кейінгі тактикаңыз:

*тұз ерітіндісі бар ванналар, кварцпен сәулелендіру, антибиотиктерді сүйек ішіне енгізу

* кең лампасты тіліктер, антибиотиктерді сүйек ішіне енгізу 

* +саусақтың экзартикуляциясы

* фалангаралық қосылысты ажырату, некрэктомия

*саусақ фалангасының дистальды бөлігін алып тастау, антибиотиктер енгізу

 

#67

*!Қант диабеті бар науқаста "Жауырынаралық карбункул"диагнозы қойылған. Мұндай жағдайда төменде көрсетілген хирургиялық тактикалардың қайсысы НЕҢҰРЛЫМ тиімді?     

* Бойлық тілік жасау және некроэктомия

* Тікелей тілік жасау және некроэктомия 

* Сау тіндердің жиегінен кесіп алып тастау

* +Крест тәрізді тілік жасау және некрэктомия

* Гипертониялық ерітіндісі бар турунданы сызықтық тілік жасай отырып дренаждау

 

#68

*!Гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясынан кейін науқаста 13 тәулікте жамбас астауынының тереңінде ауру сезімі, дене температурасының жоғарылауы, тенезма және кіші дәретінің бұзылыстары пайда болды, лейкоциттері 14х109/л. Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізу керек?

* іш қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

* +тік ішекті саусақпен тексеру

* хромоцистоскопия

* ректороманоскопия

* ирригография

 

 

#69

*!23 жастағы ер адам,осыдан бір жыл бұрын гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалған науқас емханағакелді. Қарап тексергенде оң жақ мықын аймағында ұзындығы 10 см болатын қатайған операциядан кейінгі тыртығы бар. Тұрғызып пальпация жасағанда тыртық аймағында жұмсақ эластикалық ісік тәрізді түзіліс анықталады, науқасты жатқызып тексергенде жаңағы түзіліс апоневроздағы көлемі 2-3 см болатын ақаудан құрсақ қуысына еніп кетеді.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен қайсысы ең ықтимал?

* + операциядан кейінгі вентральды жарық

* Түзелмейтін жарық

* қысылған жарық

* операциядан кейінгі жараның іріңдеуі

* іш қуысының абсцессі

 

#70

*!Емханада хирург науқаста 12-елі ішектің перфорацияланған жарасына күдіктенді. Ол қандай тексеру әдісін жүргізуі керек?

* гастродуоденоскопия

* асқазанның контрасты рентгенографиясы

* + іш қуысының шолу рентгенографиясы

* ангиография

* лапароскопия

 

#71

*!Емханаға 35 жастағы ер адам эпигастралды аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде: бірнеше жыл бойы эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, қыжыл мазалаған. Кенеттен іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну сезімі болған, үйі емхананың жанында орналасқан, айтуына қарағанда емханаға әзер қиналып жеткен. Қарап тексергенде терісі бозарған, суық тер қаптаған. Гемодинамикасы тұрақты. Науқастың төсектегі жағдайы: аяқтарын ішіне бүгіп оң жақ қырымен жатыр. Ішін пальпация жасағанда бұлшық еттері қатайған, қатты ауырады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Ойық жараның тесілуі деген диагнозы болғаны ойландырады. Емханалық жағдайда аталғандардың қайсысы ЕҢ қолайлы тактикалық шешімболып табылады:

 

*динамикасын амбулаторлық жағдайда бақылау

*емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

*+жедел жәрдем машинасы арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

*инфузиялық терапиядан жүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

*күндізгі стационарға жіберу

 

#72

*!Емханаға 25 жастағы ер адам оң жақ шап аймағындағы жарықты томпаюға шағымданды. Анамнезінде: 5 жылдан бері шап жарығымен жүр. 1 сағат бұрын жаттығу барысында жарықтың аймағында кенеттен қатты ауырсынуы болып жарық ішке қарай енбей қалды. Қарап тексергенде жарықтың қысылып қалу белгілері анықталады: ауру сезімі, орнына түзелмеуі, кернелуі, «жөтел түрткісі» симптомы теріс. Гемодинамикасы тұрақты. Іш астардың тітіркену белгілері жоқ. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу

 

#73

*!Емханаға 55жастағы әйел адам оң жақ қабырға астының ұстамалы ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, аузының өт татуына шағымданып келді. Анамнезінде ӨТА бірнеше жылдан бері ауырады, майлы, қуырылған тамақ жегеннен кейін кейде оң жақ қабырға астында ауру сезімі мазалап жүрген. Ауру сезімі спазмолитиктерді қолданғаннан кейін басылады. Соңғы ауырсыну синдромы әдеттегі дәрілермен басылмады, дене температурасы 37,7С. Гемодинамикасы тұрақты. Пальпация кезінде ішіоң жақ қабырға асты ауырады және кернелген, өт қабының проекциясында көлемі ұлғайған ауырсынатын өт қабы пальпацияланады. Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу

 

#74

*!Емханаға 65 жастағы ер адам оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағының ауру сезіміне, терісі мен склерасының сарғаюына, терісінің қышынуына шағымданып келді. Анамнезінде: оң жақ қабырға астында ұстамалы ауырсынудан кейін терінің және көз склерасының сарғаюы пайда болды, зәрінің қошқылдануы, нәжісінің түссізденуі пайда болды. Қарап тексергенде терісі мен склерасының аздап сарғайғаны байқалады. Дене температурасы қалыпты. Гемодинамикасы қалыпты. Ішін пальпация жасағанда оң жақ қабырға асты аздап ауырады, өт қабы пальпацияланбайды, перитониттің белгілері жоқ. Инфекционистің қабылдауына болып гепатитті растамады. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* +жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* инфузиялық терапияжүргізіп "жедел жәрдем" хирургиялық стационарына жолдама беру

* күндізгі стационарға жіберу

 

#75

*!Емханаға 52 жастағы әйел адам іштің ортаңғы сызығы бойында орналасқан отадан кейінгі тыртықтың ортасындағы жарықтық томпаюға шағымданып келді. Анамнезінде: 10 жыл бұрын перитонитке байланысты операция жасалған. Ұзақ уақыт жүргенде және физикалық күштеме түскенде ыңғайсыздық туғызады.

Қарап тексергеде іші тынысқа қатысады, ортаңғы сызық бойында операциядан кейінгі тыртық бар, тыртықтың ортаңғы бөлігінде көлемі 20,0х15,0 см болатын жарықтық томпаю анықталады, горизонтальді жағдайда жарық түзелмейді, пальпация кезінде ауыратын жұмсақ эластикалы консистентциялы, кернелмеген түзіліс анықталады, пальпаторлы жарық орнына түзелмейді, жөтел түрткісі симптомы оң. Ішек перистальтикасында айтарлықтай өзгерістері жоқ. Перитонит белгілері жоқ. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

* емхана жағдайында аспаптық және зертханалық зерттеу

* жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

*+жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу

 

#76

*!Емханаға 32 жастағы ер адам эпигастральды аймақтағыаздаған ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде бірнеше жылдан бері ойық жара ауруымен ауырады. Осыдан 6 сағат бұрын эпигастрий тұсында кенеттен қатты ауру сезімі пайда болып, суық тер басып, ауырсынуды басатын және ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ұйықтап қалған; Аурудың қарқындылығы айтарлықтай бәсеңдеп, жүрек айнуы мен іштің кебуі сақталған. Гемодинамикасы тұрақты.Науқастың төсектегі жағдайы: аяқтарын ішіне қарай бүгіп оң жақ бүйірімен жатыр. Ішін пальпациялағанда іші аздап қатайған, ауырады, ішінің төменгі бүйірлік беттерінде перкуторлы дыбыс тұйықталған. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:

* амбулаторлық жағдайда динамикасын бақылау

*емхана жағдайында аспаптық (шолу рентгенографиясы, ЭФГДС, іш қуысын УДЗ) және зертханалық зерттеу

* жедел жәрдем арқылы шұғыл хирургиялық стационарға жеткізу

* күндізгі стационарға жіберу

*+жоспарлы тәртіппен хирургиялық емдеуге хирургиялық стационарға жіберу

 

#77

*!Емханаға 62 жастағы әйел адам ішінің кебуі, үлкен дәреті менжелдіңшықпауына шағымданып келді. Анамнезінде бір жылдан бері тамақ ішіп болғаннан кейін ішінің шұрылдауы, кебуі, іш қатуы «қой құмалағы» тәріздес үлкен дәреті, нәжісінің құрамында шырыштың болуы мазалап жүрген. Бір тәуліктен астам іші ауыра бастаған, ауру сезімі ұстамалы түрде болып үлкен дәреті мен желі шықпаған, жүрек айнуы қосылған. Қарап тексергенде іші бір келкі кепкен, пальпация жасағандаіші ауырады, аздап қатайған, перкуторлы – тимпанит, аускультация кезінде – перистальтикасы жоғарылаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Емхана жағдайында аталғандардың қайсысы неғұрлым тиімді тактикалық шешім болып табылады:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.