|
|||
тақырып.САБАҚ – ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ10-тақырып.САБАҚ – ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ 10.1. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ - нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада бе-рілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды.Мұғалімнің жаңа са-бақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өзді-гінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабора-ториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етіледі. 20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналды. 1919 жылы П.П. Блонский оқушылардың оқу жұмысын студиялық жүйе түрінде ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөл-ді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда немесе «өмірдің өзінде» жүргізіледі. Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет болса көмектесетін еді. Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдар-ламасы негізінде жасаған оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Сынақ пен емтихан жүргізілмейді. П.П. Блонскийдің сту-диялық жүйесінің мықты және әлсіз тұстары болды. Мықтылығы оқу-шының өзбетінше белсенді жұмыс жүргізіп, сабақты ұжыммен бірге игеруінде болды. Әлсіз тұстары – мұғалім рөлінің төмендігі және ғылымның негіздері жүйелі оқытылмады. Сөз әдістеріне назар ауда-рылып, оның сабақта білім беруде маңызды құрал екені айтылды. Зерттеушілік әдісті қолдану шекарасы туралы әр түрлі пікірлер болды. Мәселен, В.В. Гурьянов, зерттеушілік әдістің шынайы қолда-ныс табатынын мектептегі өлкетану жұмысымен байланыстырды. Ал, М.Н. Скаткин зерттеушілік әдісті жаратылыстану, химия, қоғамтану пәндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті. 50-шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту бағыты дамыды. Осы кезеңде оқушылардың өзбетінше жұмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 60-шы жылдардың ортасында көрінді. 40-50-шыжылдары оқу-тәрбие үдерісіндегі сабақтың орны анықталды: сабақ – мектептегі оқытудың негізгі ұйымдастыру фор-масы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақтылайды, оның басшылы-ғымен жүйелі білім, білік, дағды беріледі, уақыт үнемді пайдаланы-лады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім, білік, дағдыны игереді. Сабақта түрлі әдістер қолданылып дүниеге ғылыми көзқарасты қа-лыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкін-дігін жүзеге асырады. Бұл қағида И.Т. Огородников пен П.Н. Шимбирев, И.Н. Казанцев, М.А. Данилов, Б.П. Есипов пен Д.О. Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды. Сабақтың құрылымына, сабақтың бөліктері мен оларға бөліне-тін уақыттағы оны жүргізу тәртібіне назар аударылды. Дидактика сабақтың нақты құрылысын, сабақтың құрылымдық бөліктерін, олардың бір-біріне тәуелділіктері мен байланыстарын та-лап етті. Ғылым мен практикаға «аралас сабақ» термині енгізілді. Б.П. Есипов аралас сабақтың құрамын анықтады: өткен сабақты қай-талау; жаңа тақырыпты түсіндіру; оқылатын құбылыстың маңызды және нақ-ты фактілерін қарастыру; оқушының тақырыпты қалай игергенін тексеру; оның білімін бекіту, білігі мен дағдысын дамыту. Сонымен, сабақтың төрт элементтік жүйесі (үйтапсырмасын тексеру, жаңа ма-териалды өту, бекіту және үй тапсырмасы) бекітілді. Осы элементтерге әмбебаптық сипат берудің жағымсыз тұстары да болды – төрт элементтікжүйені сақтау, жиі нұсқашылдық пен бір типтілікке жол берді. Педагогикалық теория мен педагогикалық практика осы қалыптан шығудың жолдарын, яғни са-бақтың типтері мен классификациясын іздестірді. 1952 жылы С.В. Иванов «Сабақтардың типтері үлкен өзекті мәселе, сыныптық-сабақ формасының басқа элементтермен өзара байланысының ара қатына-сының заңдылықтарын анықтау керек. Осы мәселенің дұрыс шешімін табу теория мен практикаүшінмаңызды»,- деп жазды. Ғылымға са-бақты классификациялаудың өлшемдерін анықтау қажеттігі пайда болды. Ондай өлшемдер ретінде дидактикалық мақсат пен міндеттер, сабақты оқыту әдістері, оқу материалдарының түрлері алынды. Сабақ-ты танымүдерісінің заңдылықтарына, оқу үдерісінің логикасына, оқу-шылардың бұрынғы дайындығына негізделген классификация өлшем-дері қарастырылды. Д.О. Лордкипанидзе сабақты гносеологиялық, психологиялық, әдістемелік және жалпы педагогикалық ұстанымдар бойынша жікте-ді. Осылардың ішінен жалпы педагогикалық және жалпы дидактик-калық ұстанымдарды негізгі деп санады. Осы қағида алғаш рет Б.П. Есиповтың еңбегінде, сонан кейініректе П.Н. Груздев, И.А. Каиров, И.Т. Огородников, М.А. Данилов еңбектерінде дамытылды. Осы қа-былданған классификация бойынша жаңа материалды түсіндіру, қай-талау және жаттығу, білімді тексеру және бағалау сабақтары және ара-лас сабақ деп жіктелді. Сабақтың құрылымын қайта қарастыру мәселесіне (50-шы жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басындағы) липецкілік мұғалімдердің тәжірибесі түрткі болды, олар аралас сабақтың құрамды бөліктері, жалғыз оқыту формасы дегеннен бас тартты. Липецкілік мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың алға жылжуын үнемі бекітіп, бұрынғы алған білімдерін тереңдетуді іске асырды. Сабақтың құрылымын жетілдіру мәселесі ұжымдық және жеке жұмыс формаларын зерттеуді талап етті. Сыныпта фронтальдық жұ-мыстан басқа топтық және жеке жұмыс жүргізу қажеттігі белгілен-ді. Педагогикалық әдебиеттерде сабақта топтық жұмыстар жүргізу мә-селелері талқыланып, оның білім беру және тәрбиелік міндеттерді ше-шудегі тиімділігі анықталды (Х.И. Лийметс, Е.С. Рабунский, И.М.Чередов). Дидакт ғалымдар сабақтың тиімділігін анықтауды қолға алды. Э.И. Моносзон «сабақтың негізгісапалық өлшемі түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану емес, оқушының білімді, тәрбиелік деңгейді игеруі, қойылған мақсатқа жетуі»,- деп көрсетті. Профессор Р.Г. Лемберг педагогиканың теориялық және прак-тикалық маңызы бар мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бастауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ», «Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп оқушыларын жалпы дамыту жұ-мыстары», «Сабақты құру мәселелері», «Сабақта білім беру мен бі-лімді пысықтау», «Мектептегі оқыту әдістері» атты еңбектерінде са-бақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері ұсы-нылды. 10.2. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезендеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М. Яковлев, A.M. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдас-тыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин). М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымысабақты ұйымдасты-ру, жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бө-лінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип - білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип - аралас сабақтар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойын-дамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады. Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы-на қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсі-ніктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бө-ліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың бі-лімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары - сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады. 10.3. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.Сабақтың құры-лымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұға-лім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақтың дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұға-лімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселе-лерді шешу болжамын ұсыну барысындажаңатүсінікті енгізуден бас-талуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабакта оқылған білімді қолдануға қажет өзектендіру жүруі мүмкін. Аралас сабақты өткізудің реті - ұйымдастыру сәті, үй тап-сырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа материалды оқып-үйрену, оны бекіту және үйге тапсырма берумен аяқталады. 10.4.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-дың топтық, дербес, фронтальды формалары.Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп - мұғалім мен мен оқу-шылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырма-ны барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын са-лыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп тал-қылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас-тар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбие-лейді, оқушылар талдау мен пікір таластыру барысында сыныптастары-ның және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің бел-сенді болуына көмек береді.Оқытуды ұйымдастырудың жаппай фор-масы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығар-ма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмалар-ды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұ-ғалім арасында сыйластық қатынас орнатып, сыныпты біріктіре оты-рып табысқа жетуге баулу керек.
10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-дастырудың дара түрі.Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады. Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрініңдаражәнедараланған екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы.Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері: - сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді; - әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғілімнің басқаруымен шешеді. - топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері ескеріледі. Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек. Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек. Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады. Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б. 10.6.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та-қырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты-лап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақы-рыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушы-лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі ке-ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайын-далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі са-бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған" сабағын көруге болады.Тақырыптық жос-парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И. Махмутов болды. Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау.Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі. Сабақтыңмақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы-лардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате-риалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын-да сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидакти-калық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша маз-мұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жа-ңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдай-лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін ба-қылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу-танымдық және прак-тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады: - оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру; - оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу. Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі.Сабақтыталдау және бағалау педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент больш табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның сапасы әр түрлі факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына байланысты. Талдауды келесі сабаққа дейін неме-се сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы кезде мұғалімсабаққа дайын-далғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды. Педагогикалық әдебиеттерде сабақты әр қырынан талдауға баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің іші-нен ең қолайлысы Т.А. Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Олмұғалімге өз сабағын талдауға баға берудің 10 түрлі өлшемдерінбөліпқарастырады. ü Сабақтың жалпы құрылымы; Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру; ü Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру; ü Сабақ үдерісіндегі тәрбие; ü Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау; ü Оқыту әдістерін талдау; ü Мұғалімнің сабақтағы жұмысы; ü Сабақтағы оқушының жұмысы; ü Сабақтың гигиеналық жағдайлары; ü Кейбір арнайы тапсырмалар.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазіргі сабақтың теориясына тоқталыңыз. 2. Сабақтың негізгі компоненттері мен міндеттерін атаңыз. 3. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды түзіңіз. 4. Сабақтың дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасын ашыңыз. 5. Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларына тоқталыңыз.
|
|||
|