Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі.



8.5. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі.

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалып-тасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; эконо-микалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

«Құзыреттілік» термині Webster сөздігіне сүйенсек, сауаттылық сөзінің синонимі ретінде 1596 жылы пайда болды. Уақыт өте келе бұл терминнің мағынасы өзгерді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дағ-дының қолданбалы мәніне байланысты «функционалдық сауаттылық» мағынасына ие болды. 1980 – 1990 жылдары сауаттылық анықтамасы жаhанданудың, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялардың қол-данылуына байланысты одан әрі кең мағынаға ие бола бастады. 2002 жылы БҰҰ ның Бас Ассамблеясы «Сауаттылықтың он жылдығы» туралы резолюция қабылдап, сауаттылықты «адам құқықтарын негіз-деуші» және адамның өзіне барлық «өмірлік дағдыларды» сіңіруінде маңызды мәнге ие деп көрсетті. Оқушылардың функционалдық сауат-тылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Олар: функционалдық сауатты-лық; – оқу және жазудағы сауаттылық; жаратылыстану ғылымдарын-дағы сауаттылық; математикалық сауаттылық; компьютерлік сауат-тылық; отбасылық өмірі мәселеріндегі сауаттылық; денсаулық мәселесіндегі сауаттылық; заң сауаттылығы және т.с.с.

 «Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қол-данысқа енді.Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұл-ғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық әрекеттерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Қорыта айт-қанда, функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкін-дігінше жылдам бейімделе білуі мен әрекеттесе алу деңгейінің көр-сеткіші.

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.

Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағалана-ды. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсыр-малары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғы-лыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, геогра-фия).

2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттес-таттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына же-ту үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлек-сия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рө-лін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажетті-ліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

 

8.6. Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интег-рациялау. Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұ-жырымдамасына сәйкес бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағ-дарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылы-ғын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

12 жылдық мектептің жоғары сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізудің озық идеясы білім берудің индивидуалды, функ-ционалды және тиімді болуымен анықталады. Оны анықтауда жоғары сынып оқушыларының болашақ кәсіби әрекет салаларының бағдарларын қа-лыптастыру үдерісінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орындарына түсу үшін және ары қарай оқуын жалғастыруы үшін бірден-бір арнайы білім алу көзі екендігі туралы тұрақты ой қалыптасқан. Жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі бейіндік емес даярлық мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықтың бұзылуына әкеліп, көптеген ақылы курстардың, репетиторлықтың, жоғары оқу орындарының (ЖОО) даярлық бөлімшелерінің ашылуына алып келіп отыр.

 Қалыптасқан жағдайды талдау жоғары сынып оқушыларының арнайы даярлық жүйесін, яғни бейіндік оқытуды енгізудің мүмкіндігі мен тиімділігіне негіздеме болып табылады. Бейіндік оқытуға көшу келесі негізгі мақсаттарды көздейді және оның жүзеге асырылуына мүмкіндік береді:

- жалпы білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

- оқушылардың жеке білім беру бағдарламаларын құ-ру мүмкіндіктерімен байланысты жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын саралау үшін жағдайлар жасау;

- оқушылардың қабілеттеріне, жеке қызығушылық-тарына және қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі санаттарының толық білім алуға теңдей қол жеткізулеріне әсер ету.

- оқушылардың әлеуметтендірілу мүмкіндіктерін кеңейту, жал-пы және кәсіптік білім беру арасындағы бірізділікті қамтамасыз ету, мектеп бітіруші оқушыларды жоғары кәсіптік білім беру бағдарла-маларын меңгеруге тиімдірек даярлау.  

Бейінді оқытуды ұйымдастыру бейіндеу бағыты мен құрылы-мын анықтауды, сонымен қатар бейінді оқытуды ұйымдастыру мо-дельдерін таңдауды қарастырады. Бейінді оқыту мақсатына сәйкес әр-түрлі бейіндердің пайда болуына әкелетін жоғары сынып оқушылары-ның жеке қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімдерін толығырақ ескеру қажет.

Оқытуды бейіндеудің кез келген формасы базистік оқу жоспа-рының инвариантты компонентінің қысқаруына әкелетіні айдан анық. Жеке пәндерді тереңдетіп оқитын мектептердің үйреншікті модельде-рінен айырмашылығы бір, екі пән тереңдетілген бағдарламамен оқы-тылып, ал қалғандары базалық деңгейде оқытылса, онда бейіндік оқы-туды жүзеге асыру оқушылардың базалық жалпы білім беретін даяр-лықтарын аяқтау мақсатымен бейіндік емес пәндердің оқу материал-дарын қысқарту жағдайында ғана мүмкін.

Жоғары сыныптарда бейінді оқытумен жалпы білім беретін ме-кемелердің модельдері оқу пәндерінің әртүрлі ара қатынастарының мүмкіндігін қарастырады, бұл бейіндік оқытудың дұрыс жүйесін қам-тамасыз етеді. Бұл жүйе оқу пәндерінің келесі типтерін өзіне қамтуы мүмкін: базалық жалпы білім беретін, бейіндік және элективті. База-лық жалпы білім беретін пәндер барлық оқушылар үшін барлық оқу бейіндерінде міндетті болып табылады. Міндетті жалпы білім беретін пәндер: математика, тарих, қазақ тілі, шет тілі, дене шынықтыру, со-нымен қатар қоғамтанудың біріктірілген курстары. Бейіндік жалпы білім беретін пәндер – жоғары деңгейдегі пәндер, оқытудың әрбір нақты бейінінің бағытын анықтайды. Мәселен, физика, химия, био-логия – жаратылыстану-ғылыми бейіндегі бейіндік пәндер, әдебиет, қазақ тілі және шет тілдері – гуманитарлы бейіндегі пәндер, тарих, құ-қық, экономика - әлеуметтік-экономикалық бейіндегі пәндер. Бейіндік оқу пәндері сол оқыту бейіндерін таңдаған оқушылар үшін міндетті болып табылады.

12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс не-гізінде интеграциялау мақсатында интегративтік тәсілді қолдануды талап етеді.

Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл ба-рысындағы оқыту үдерісі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс).

Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және баға-лауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық үдерістеріне әсер етіп қиындықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

8.7.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК). Білім беру стандарты – мектеп бітіруші түлектің жалпы білім беру дайындығына қойылатын талаптардың міндетті дең-гейі және осы талаптарға сай әдістер, оқу мен бақылау құралдары, түр-лері және мазмұны. Ол «мөлшер», «үлгі», «өлшеуіш» дегенді білдіреді. Білім беру стандарты, бір жағынан, мемлекеттің өз азаматтары ал-дындағы міндеттемесі болса, екіншіден – білім беру саласында аза-маттың мемлекет алдындағы міндеттемесі. Жалпы білім беретін мек-тептің оқу жоспары – бұл мектепте оқытылатын пәндердің тізімін, олардың оқу жылдарына бөлінуін және әрбір пәнге бөлінетін сағаттар санын көрсететін құжат. Білім беру ұйымдарының негізгі оқу жоспары – білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттарының құрам-дас бір бөлігі. Негізгі мемлекеттік нормативтік құжаты. Оны негізгі мектепке арналған стандарттың бөлігі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Үлгі болатын базистік оқу жоспарын да Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Негізгі оқу жоспары мемлекеттік стандарттың бөлігі ретінде оқушының білім деңгейі мен білім мазмұны, құ-рылымына талап қоятын жалпы орта білім берудің мемлекеттік мөл-шерін білдіреді. Негізгі оқу жоспары аймақтық, жалпылама-үлгі, жұ-мыстық оқу жоспарларына үлгі болып, мектептің қаржылануында басты құжат бола алады.

Аймақтық базистік оқу жоспарын мемлекеттік базистік оқу жоспарына сүйеніп, білім беру басқармасының аймақтық органдары жасайды. Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітіліп, ұсыныс сипатында болады.

Оқу бағдарламасы – жекелеген әр бір оқу пәні бойынша меңге-рілуге тиісті негізгі білім, дағдылар шеңбері белгіленетін нормативтік құжат. Онда оқытылатын материал тақырыптарының тізімі, әрбір та-қырыпқа берілген уақыт, сағат саны бойынша және оларды оқыты-латын жылдарға бөлу, курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар енгізілген. Оқу бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс табады. Оқулықтар мен оқу құралдары негізгі білім көзі болып табылады және оқушылардың өзіндік жұмы-сын ұйымдастыруда маңызы зор. Оқулық оқушыны оқуға үйретуі керек, ол үшін берілетін материал көлемі қысқа да нұсқа, ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт.

2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім маз-мұны жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелік-тері:

- пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);

- пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жікте-летін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерарахиясы;

- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;

- білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақы-рыптардың болуы;

- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;

- оқу үдерісінің ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.

Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске асыру көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-комму-никациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрле-рін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақ-тылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдар-ламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақ-саттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа оқу мақ-сатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.

Оқу жоспарлары. Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мер-зімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойын-ша сабақтарды өткізу, білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) көрсетілген.

Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.

Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағыт-талған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байла-ныс болуы тиіс.

Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:

– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;

– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспар-ланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

–метапәндік байланыстар;

–  денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-сының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.

Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекетінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.

Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәна-ралық байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде-ортақ тақырыптар жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табы-лады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан мұғалім қыс-қа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы әрекетін  ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. «Білім мазмұны - педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе» дегентезисті түсіндіріңіз:

2. Білім мазмұнының теорияларына тоқталыңыз.

3. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін атаңыз.

4. 12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялауға тоқталыңыз.

5. «Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі сала-сындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі»деген тұжырымдаманың мазмұнын ашыңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.