Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі.



9.3.Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі.

«Форма» ұғымына С.И.Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәр-сенің түрі, құрылымы, құбылысы, құрастырылымы, типі», - деп анық-тама береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді.

Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсаты, үлкен нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді.

Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құры-лады. Индукция - ой тұжырымының жекеден жалпыга өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогия (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау.

Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: ақиқаттылығы дәлелді керек етпейтін - аксиома, логикалық түжырым, қорытынды. Дедук-цияның үш түрі бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту, бірліктен жекеге және жалпыға өту. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда пайдаланылады. Дедукция және индукция оқытудың басқа да құралдарымен қатар қолданылады.

Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың фор-малары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылар-дың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факуль-татитвті сабақтар және т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының форма-лары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б.

Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ бо-лып қала береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсіл-дері саралау және даралауға бағытталғандығы және әртүрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірта-лас, диалогтерге тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тап-сырмалар, топтық жұмыс түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі практикумдарда, зерттеу сабақ-тарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар

Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылар-дың сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым акаде-миясы, үйірмелер, түрлі факультативтер дарынды оқушыларды анық-тау және дамытуда кең мүмкіндіктерге ие.

Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдары жүйесін ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік жүйе. Бұл кабинеттері жүйеде арнайы бір пәннің барлық құралдары (немесе бі: мұғалім қол-данатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу} шеберханасы қосылады. Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, бақылау жұмыстары, тәжірибелік сабақтар) өткізуге арнал-ған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөл-мелер болуы керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі құралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жұмыс құралдары сақталады. Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің өзі мұғалімдердің барлық жұмыс-тарына қажет болады, сабақтарға даярланатын уақыттың жалпы көле-мін азайтады.

Тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа құралдары бір бірін алмастырмағанымен, түрлі дидактикалық мақсатта олар бірін бірі толықтыра алады.

Көрнекі құралдар келесі қызметтерді атқарады: 1) мектептен тыс үдерістермен, құбылыстармен таныстыру; 2) объектінің қазіргі түрімен, тарихи дамуының сыртқы келбетімен таныстыру; 3) объектінің іс-әрекет ұстанымдары, құрылымы, оны басқару, техника кауіпсіздігі туралы көрнекілік келтіру; 4) үдеріс немесе құбылыс сипаттамаларын өлшеу немесе салыстыру туралы көрнекі бейнелеу; 5) қолдану, затты жобалау немесе дайындау кезендерін белгімен бейнелеу; 6) ғылым тарихымен және оның даму болашағымен танысу.

Көрнекі құралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемді құралдар (аппараттар, коллекциялар, құралдар және т.б.); 2) баспа құралдары (суреттер, плакаттар, портреттер, сызбалар, кестелер және т.б.); 3) көрсетілетін материалдар, видеофильмдер, слайдтар және т.б.).

Техникалық оқыту құралдары - бұл мұғалімге оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға комектесетін қон-дырғылар. Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарла-малар құруға және сақтауға болады. ТОҚ-тың келесі түрлері бар: ақ-параттық, бағдарламаландырылған, ТОҚ оқыту, білімді қадағалау, жаттықтырушылар мен аралас құралдар түрлері. Оларға кинопроек-торлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, бейнефильмдер, дидарлық кешендер, дербес компьютерлер және компьютер жүйелері (сыныптар) жатады. Олар әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа, ТОҚ-ты жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: шет тілін үйренуге арналған лингафон кабинеттері, физика, математика және басқа пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады.

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылар-мен жарақталып, мәтінді сызба, мультипликация, дыбыспен (сөз және музыка) үйлестіріп, жабдықтауды мультимедиа деп атайды. ТОҚ пай-даланбас бұрын оқушыларға оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады.

Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәй-кес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасалынады. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді

9.4.Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың инновациялық формалары.Оқу құралы оқу үдерісінде екі әдіспен еңгізіледі. Бірінші жағдайда мұғалім оларды сабақта "дайын қалыпта" мәдениет пен оқулықта суреттелген түрінде жан-жақты тү-сіндіреді. Екінші жағдайда, сабақта теориялық тапсырмаларды шешу барысында мұғалім оқушылармен бірлесіп тапсырма құрастырады, нақтылау мен қолдану алгоритмін өндейді.

Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәти-желерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу үдерісі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алшылардың таным-дық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде тәсілдерді нақты қол-дануға баса назар аудару керек.

Зерттеушілік тәсіл - оқу үдерісінің барлық кезеңдеріне ғы-лыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін енгізуді (қабылдаудан практикада қолдануға дейін); - шығармашылық-ізденіс қызметтерін оқу және оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.

Зерттеушілік тәсілі «мұғалім – білім алушы» өзара қарым-қа-тынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сон-дай-ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Саралап оқыту тәсілі.Саралап оқыту тәсілі – білім алушы-лардың әртүрлі топтары үшін оқу үдерісін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әр-түрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін ар-найы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіре-ді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмалар-ды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.

Құзыреттілік тәсілі. Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.

Жүйелі-әрекеттік тәсілі. Жүйелі-әрекеттік тәсілі білім алу-шының оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өз-дік ұйымдастыру режимінде оқу үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады. 

Интегративтік тәсіл. Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл барысындағы оқыту үдерістерге әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегра-тивтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәт-тері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интег-ративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп қиын-дықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.

 Ойын арқылы оқыту. Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қол-дану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арт-тыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері: ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарла-нады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материал-дары ойын құралы болып табылады.Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анық-таудыүйренеді.

Жобалау тәсілі. Оқу жобасы – білім алушылармен немесе білім алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-та-нымдық іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыда шешу әрекетімен жә-не келісілген әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипат-талады.

Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жо-балау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асы-рылады. Жобалау әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық, топтық жобалар дайындау бойынша атқаратын іс-әрекет-терін ұйымдастыру ұсынылады. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.

 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзы-реттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шы-ғармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу үдерісіндегі барлық оқу пәндері ар-қылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялар-мен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пай-далану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар: дерекқордан және интернеттен ақпа-ратты іздеу, табу; сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпарат-тарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын баға-лай алу; сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерек-қор-мен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графи-калық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мә-тіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, бас-қа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ын-тымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қаты-сып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;  интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану; аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.

Кейс-стади. Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты тал-дауға арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңы-зын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді. Кейс-стадиді қолдану: жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді; - білім алушылар-мен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды; «ми шабуы-лы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты ше-шім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді мең-геруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндет-терді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алу-шылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.

Дербес оқыту тәсілі. Дербес оқу – оқу-тәрбие үдерісін дара-ландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушы-лардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Кластер− белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып сана-латын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде бірік-тіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.

 «Синквейн жазу» әдісі.«Синквейн» француз тілінен аудар-ғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең деген-ді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі: Бірінші жолға бір сөзден тұра-тын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы. Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім. Үшінші жолға синквейннің тақы-рыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік. Төртінші жолға тақырыпқа қатысты бірнеше сөздерден құрал-ған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғы-сынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін. Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа түсіндірім беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.

«Ақыл картасы» әдісі.Ақыл картасымен жұмыс істеу техно-логиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін да-мыту үшін құрастырған. Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі карта ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық мін-детті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті. Ал қалған-дары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.

Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе ортадағы тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сы-зықтар маңызды. Бұл сызықтардың әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте-маңызды емес шаруалар, көк түсте-міндетті ша-руалар, қызыл түсте -шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.

Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).

Өзгертілген дебаттар.Бұл Дебат нысанының белгілі бір эле-менттерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі. Сөйлеу регламентінің қысқаруы, командадағы ойыншылар санының көбеюі, аудиториядан сұрақ қоюға, тайм-аут ке-зінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы, ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы, ойынның жүргізушісі мұғалім болуымен сипатталады.

Эссе –шығарма жанрының бір түрі. Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, та-рихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мә-тін. Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде жазылуы оның негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.

Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жан-рында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.

Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің әде-би тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдауға ұсынылады. Тезистерін әдеби туын-дыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің мақсаты, өзін-дік жазылу ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы, «М.Әуезовтің «Көксе-рек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқыр-манына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби эсседе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады.

Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ, өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, білі-міне және т.б.) сүйенуімен дәйектеуге болады.

Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көр-кем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (се-зімі мен тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін. Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйек-сөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды не-гіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, бас-қа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.

Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана ала-ды. Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет. Эссені анық жә-не түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.

Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анық-талады:

- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;

- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.

Дәйектер – қоғамдық өмірден алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалым-дардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келті-ріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығар-маны «ауырлатуы» мүмкін.

Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): кіріспе; тезис, дәйектер; қорытынды.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қоры-тындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса ма-ңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздер-ді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.

Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуы-мен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытынды-лауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

 

1. Қандай жағдайда пәннің өзі оқыту құралының қызметін атқарады?

2. Оқыту құралдары қандай негіздер бойынша жіктеледі?

3. Дидактикалық құралдарға қандай талаптар қойылады ?

4. Өз пәніңіздің сабақтарында қандай оқу карталары немесе кестелері қолданылуы мүмкін?

5. Оқыту құралдарының оқушылардың ақыл-ойының дамуымен қандай байланыс бар?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.