Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ



11-тақырып. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

 

11.1.Оқыту әдісі  туралы жалпы түсінік.Мұғалім мен мек-теп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушыныңәрекеті түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс-темесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіргенді қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйре-неді – бұл жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекі материал қолданады - иллюстрация әдісі т.с.с.

Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов оқыту әдістерін білім aлy әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және енжар оқыту әдістері. Тілдік әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруда.

Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.«Метод» (әдіс) термині - гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.

Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, мең-геру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты бойынша:

1) мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, олардың өзара байланысы.

2) оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.

«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі - мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушы­ларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табы­лады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған бі-лімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды. Реп-родуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімніңтапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.

Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұра-ды, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетгі орындаудан тұрады.

Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша оты-рып, көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады. Оқу-шылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақын-дауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселелі тапсырманы бір-неше бөлікке бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.

Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленеді. 

Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.

Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:

- оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына;

- осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;

- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;

- нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне;

- материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;

- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);

- оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына;

- мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше ше-шімді, яғни: ауызша, көрнекі немесе практикалық нақты әдістер таң-дау, өзіндік жүмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдіс-терін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.

 

11.2.Оқыту әдістерінің жіктемесі. Қазіргі кездегі дидактиканың көкейкесті мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, Дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұ-мыс әдісіне (жаттығулар, оздік жұмыс) т.б. бөлген.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а)сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сойлесу немесе басылым сөзі жатады);

в)практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады).

Оқытудың сөздік әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші                                                                   орын алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір, яғни сөздік әдістері, тәсілі болған. Прогресшіл педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігік дәлелдеген. Оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі ай-тып жүр. Сөздік әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат бе-руге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жет-кізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандан-дырады.

Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме. пікірталас, дәріе, оқулықпен жұмыс.

Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жет-кізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қол-данылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.

Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.

Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру кө-бінесе түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химия-лық, физикалық, математикалық есептерді, теоремаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.

Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мек-теп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушы-лардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиім-дірек.

Хабарлама - әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушынға өзін жаңа білімді игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалім-нің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүм-кіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы жаңа білімді игереді.

Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөз-дік әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үдерісіндегі оның ең басты бағыты - оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдык қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойластыру.

Дәріс. Дәріс - көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғары сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қам-тиды. Дәрістін артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұн-далуы, ақпарат ағынының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.

Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу ең маңызды әдіс болып табылады. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс істеу сабақта мүғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар кітаппен өз еркімен жұмыс істеуге үйренеді. Кі-таппен жұмыс істеудің бірнеше түрлері бар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

-конспектілеу - оқылғанды қысқаша баяндау, жазу. Конспек-тілеуді оқушы өзі немесе үшінші біреу атынан орындайды. Конспек-тілеуді өзі орындау оқушының дербес ойлау қабілетін дамытады;

-мәтіннің жоспарын құру. Жоспар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жоспар құру үшін тақырыпты оқығаннан кейін оны әр бөлікке бөлу және ат қою керек;

-тезистеу - оқығандағы негізгі ойларды қысқаша баяндау;

-сілтеме жасау - мәтіннен сөзбе-сөз көшіріп алу. Міндетті түрде қайдан алынғандығы туралы деректер көрсетіледі (авторы, шы-ғарманың аты, шыққан орны, баспасы, баспаға шыққан жылы, беті);

-аннотациялау - оқылған материалдың мағынасын өзгертпей қысқаша баяндалуы;

- пікір беру - оқығанына өз көзқарасын білдіре отырып, қыс-қаша пікірінжазу;

-анықтама құрату - ізденуден кейінгі бір нәрсе туралы мәлі-мет; Анықтамалар статистикалық, биографиялық, терминологиялық, географиялық және т.б. болады;

-формалды-логикалық модельдерді құру - оқығанның сөздік-сызбалық - үлгілік көрінісі;

-тақырыптық тезаурусты құру - бөлім, тақырып бойынша базалық түсініктердің реттелген жиынтығы;

- идеялардың матрицасын құру - әр түрлі авторлар еңбегіндегі қүбылыстар мен бірыңғай нәрселерге салыстырмалы түрде сипаттама беру.

Оқытудың сөздік әдісінің негізгі түрлеріне қысқаша түсінік-темелер осындай. Осы жіктеу бойынша оқыту әдісінің екінші тобына көрнекілік әдісі жатады.

Көрнекілік әдіс. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі қүралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пай-далану жатады. Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрации әдісі мен демонстрация әдісі.

Иллюстрация әдісі оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақта-дағы суреттемелерді. жалпақ модельдерді және т.б. көрсетуді ұсынады.

Демонстрация әдісі әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техни-калық қондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.

Жаттығулар. Ол жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қай-таланатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалатын оқыту әдісі. Жаттығулар барлық пән-дерді игеруде және оқу үдерісінің әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. Жаттығулардың түрі мен әдісі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты мате-риалға, жауап берілетін сұраққа және оқушыньщ жасына байланысты.

Жаттығулар түрлеріне қарай: ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбектік болып бөлінеді. Олардың әрқайсысын орындау барысындаоқушылар оймен жұмыс істеу мен практикалық жұмысты атқарады.

Ауызша жаттыгулар логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.

Жазбаша жаттыгулар білімді қорытындылау мен оларды қолдана білуге үйренуге арналады. Оларды қолдану логикалық ойлауға, жазба мәденетіне және өздігінен жұмыс жасай білуге үйретеді. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.

Графикалық жаттыгуларга оқушылардың сұлбалар, сызба-лар, кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабыр-ға газеттерін дайындауы, зертханалық-сарамандық жұмыстарды өткі-зудегі суреттемелерді тындауы, саяхаттар және т.б. жатады.

Оқу-еңбектік жаттыгуларга өндірістік-еңбек бағытына ие оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекте қолдану болып табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.

Зертханалық жұмыстар - оқушылардың құрал-жабдықтарды және баска да техникалық көрнекіліктерді пайдалана отырып, мұға-лімнің тапсырмасы бойынша тәжірибелерді өткізуі, яғни бұл оқушы-лардың арнайы құралдар арқылы білімді меңгеруі.

Практикалық жұмыстар оқу материалының үлкен бөліктерін игергеннен кейін жүргізіледі және жалпылама қорытушы сипатқа ие болады. Олар тек сыныпта ғана емес, мектептен тыс та жүргізілулері мүмкін (мектеп жанындағы: үлестегі жұмыс, жергілікті жердегі өлшеу жұмыстары).

11.3.Оқыту тәсілі және оның дидактикалық мағынасы.Сырт көзге оқыту тәсілдері бір-бірімен ұқсас, тіпті бірдей тәрізді көрінгенімен де, шын мәнінде, оны дидактикалық міндеттермен байла-ныста қарастырсақ, онда олардың мүлде ерекше екені байқалады. Тәр-биелеу және дамыту зертханасының зерттеулерінің нәтижесі бойынша математиканы оқыту тәсілдері практикада іске асты. Бұл оқыту тәсіл-дері бастауыш оқытудағы эксперименттік тәсілдердің бір бөлігін құ-райды, кіші жастағы мектеп оқушыларын жалпы дамыту бағытын көз-дейді. Бірқатар авторлардың арнайы жүргізілген зерттеулерінде, сана-лы бақылау және сөз арқылы саналы орындалатын қимыл-қозғалыс түсініктері қимылды жүзеге асырады (Е.И.Бойко, Е.В.Гурьянов, А.Ц.Пуни, А.В.Пенская, В.В.Суворова, М.А.Черевков және т.б.).

Дидактикалық міндет пен оқыту тәсілі міндетті атқару үшін түрлі әдістерді қолданады. Бұл ретте мынадай міндеттерді белгілеп көруге болады: 1) оқушыларды обьек-тінің сыртқы түрімен және құрылысымен таныстыру; 2) құбылыстар арасындағы байланысты көрнекі обьектілерді бақылау негізінде тану.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.