Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нәтижесі.



Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нәтижесі.

Түйінді құзыреттіліктер: ақпараттық, коммуникативтік және өзіндік менеджмент. Бұлар жайлы осы бөлімнің бірінші тақырыбында толық мазмұндалған.

 

7.6.12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім беру бағдарламасын оқушыларымыз 11 жыл меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді.

Білім реформалары әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар.

Бейіндік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (те-реңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.

Жалпы орта білім берудің басты мақсаты – әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қам-тамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамы-туға, өзін-өзі іске асыруға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерін үйлестіре білетін көп мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады, олар: жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу пәнді деңгейі, оқу материалының деңгейі.Жалпы орта білім беру тәжірибесінде оқу жоспа-рының бірнеше түрі орындалады: базистік, типтік, жұмыстық. Базистік оқу жоспары бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, мемлекеттік стандарттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол типтікжәнежұмыстық оқу жоспарының негізі жәнемектепті қаржыландырудың

басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспары базистікжоспар негізінде жасалады. Жалпы орта білім беретін мектептің

оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып құрылады. Мектептің оқу жоспарының 2 түрі болады.

- мектептің өз оқу жоспары, ол ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.

- Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынадыда,жылсайынмектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бе-кітіледі.

Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары сабақтастық ұстанымдарын жүзеге асыру болып табылады. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын фак-торлар:1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүм-кіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру. Оқушыларды жоғары мектеп жүйесіндегі білім алуға даярлау арқылы жалпы орта білім алу фор-маларын маңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру және бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып арнайы ұйымдас-тырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы тиіс.2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар апта-сына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушы-лары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала (66%) әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүше-лерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппаратта-рының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды. 3-фактор.Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмен-дету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажетті-ліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдар-ды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде немесе кол-ледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың ең-бек нарығына, өз кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Енде-ше 12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек на-рығына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.4-фактор. Оқу сапасын арттыру. 12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы ор-та білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стан-дарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогика-лық жаңашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жү-зеге асады. 5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.

Еуропа кеңесі декларациясына (1992 ж.) сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс-тәжірибе ретіндегі әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесіне ҚР-ның өтуі бә-секелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттес-таттарымыздың танылуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ха-лықаралық ынтымақтастың кеңеюіне, қазақстандық мектеп түлекте-рінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасындағы  және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі білім беретін орта мектеп үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі, толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерін шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қызметі бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негізі мен оқушылар таңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әдістері.Г.И.Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi белсендiлігін көтерутуралы көптеген құнды пікірлер айтылды.

Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетiнің тиімділігін  арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастырады. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп – көрсе-тетiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция-қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диа-фильмдердi пайдалану; репродуктивтi (бiлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқы-тылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдi-сi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды.

 

7.7. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі.Акпараттық-комуникациялық технологияны қолданып окыту-дың тағы бip түpi - электронды оқыту жүйесі (e- learning). E-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап icкe асырып келе жатқан білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының 6ipi болып табылады. Орта білім беру үшін электрондық оқыту (бірыңғай жүйесінің мақсаты: білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына: қашықтықтан оқыту (ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдар теле-коммуникациялар т.б.), электронды оқу құралдары, электронды мектеп журналдары және ақпараттық техникалық құралдарды интерактивті тақта, жылжымалы интерактивті тақталар, сымсыз интернет (WI-FI), мобильді сынып, желілік интернет, «Joi klass» (сыныпта желі аркылы әртүрлі тапсырмаларды орындау) бағдарламасы, мультимедиа құрал-дары т.б. қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде білім беру ұйым-дарымен «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бі-рыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» ере-жесіне сәйкес «Күнделік» порталы жұмыс істейді. Ата-аналар Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» порталындағы өз баласының электронды күнделігіне кіріп, білім сапасымен еркін танысып отыруына толық мүмкіндіктері бар.

 

7.8. Дидактикалық құзыреттілік – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.Бола-шақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің«педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық–педагогикалық және тео-риялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйле-сімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп айқындалуы оқытылатын пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, олар-ды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне бай-ланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды то-лық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқы-тудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құрал-дарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы» деп нақтыланған бастауыш сынып мұғалімінің дидак-тикалық құзыреттілігінің анықтамасының негізінде ұсынылады.

Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, оған дайын болуы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдас-тырылуымен тығыз байланысты.

Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығы-на олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүм-кіндіктері жатады.

Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушылар жеңіл түсінетіндей, қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін тиімді құра білу.

Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс– тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.

Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру туралы психологиялық-педагогикалық ережелерді негізге ала отырып, біз бас-тауыш сынып мұғалімінің «білімді және іс-әрекет амалдарын меңгеру үдерісін басқару» түсінігінің мазмұнын айқындайтын дидактикалық біліктілігін төмендегіше анықталды: оқу материалын меңгеру мақса-тын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген материал-дарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай білу.

Оқытудағы интербелсенді тәсілдер.XXI ғасыр – бұл ақпа-раттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дү-ниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “XXI ғасыр – ақпарат-тандыру ғасыры” деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпартапен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарла-малық және техникалық құралдар мен кешендер(кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.).

Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технология-ларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін да-мытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізігі мақсат болып айқындалады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізігі артықшы-лықтары мынадай:

1) Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2) Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасақан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3) Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі оқу материалының оқу сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өзбетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатыстарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалып-тасуы керек.

Дамудың демократиялық жолын таңдауына байла-нысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүм-кіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауал-намалар жүргізу әдісі; кейс-стади әдісі; презентациялар, т.б.

Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар :

- оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

- оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

- оқушыларға өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;

- іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы керек.

Құнды әдістің бірі – кейс-стади әдісі. Бұл әдістің негізгісі бо-лып жағдай ұғымы болып анықталады, яғни жағдайларды таңдау ба-рысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың бары-сында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.

«Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қой-мау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақ-таға немесе парақ, қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетінін түсінулері керек. «Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.

Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу ғана емес, үйрене білу.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуына тоқталыңыз.

2. Дидактиканың негізгі категорияларына талдау жасаңыз.

3. Дидактика – жеке әдістеменің негізі дегенді қалай түсінесіз?

4. Оқытудың әдіснамалық негізіне тоқталыңыз.

5. Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне талдау жасаңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.