Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кесте – Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері



4-кесте – Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері

Дағды Сипаттамасы
Білім Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипат-тамасын білу және көрсету.
Түсіну Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету.
Қолдану Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәтінде немесе жағдаятта қолдану.
Талдау Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу.
Синтез Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету.
Бағалау Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру.

 

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру саласы бойынша жобаланған оқытудың күтілетін нәтижелері арқылы анық-талады.

Төмендегі кестеде ойлау дағдыларының барлық деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға арналған етістіктерді қол-дану үлгілері берілген (5-кесте).

 

 

5-кесте – Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы

Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі
Білім Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б.
Түсіну Талқылау, анықтау, әңгімелеу, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т.б.
Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Талдау Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б.
Синтез Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару

 

Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына же-тудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағ-дайда оларды толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағды-ларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады.

Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алу-шылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады.

Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім бағалаудың жеке-леген тәсілін қолдануы тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандайда бір дағдыны дамыту үшін көп уақыт қажеттігін байқаса, онда оқудың бұл мақсатын бағалау туралы шешім қабылдауы және білім алушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу барысында түзетулер енгізуі тиіс.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақы-рыптарды оқуды аяқтағаннан кейін және тоқсан соңында білім алушы-лардың ілгерілеуі туралы ақпаратты балл және баға қоя отырып, мұға-лімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға (білім алушыларды жетістіктерін бағалау

3-тоқсанда басталатын 1-сыныптан басқаларын-да) жеткізу мақсатында өткізіледі. Белгілеу үдерісінде білім алушы-лардың оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес білімдері мен дағдыла-рын көрсететін дәлелдер жинау жүзеге асырылады.

Жиынтық бағалау бойынша жұмыстарды орындау барлық білім алушылар үшін міндетті.

Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалім өз бетінше дайындайды немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірле-ген Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамаларда ұсы-нылған тапсырмаларды пайдаланады. Мұғалім жиынтық жұмыстардың бірнеше нұсқаларын пайдалана алады.

Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша өткізі-леді. Тыңдалым мен айтылымды бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ барысында жүргізіледі.

Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер модерация үдерісін өткізеді. Жиынтық бағалауды өткізу мен модерацияны өткізудің арасындағы уақыт 3 жұмыс күнінен артық болмауы тиіс.

Модерация нәтиже мен білім беру үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Модерация бойынша өткізілетін отырыста мұғалімдер балл қою кестесіне сәйкес жиынтық жұмыстарды талқы-лайды, қажет болған жағдайда балл қою кестесіне ұжымдық түрде өзгерістер және немесе толықтырулар енгізеді. Модерация аяқталған соң хаттама толтырылады.

Модерация қорытындысы бойынша баллдарын өзгертуге жата-тын білім алушылардың жиынтық жұмыстары қайта тексеріледі. Мо-дерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысқа қойылған балл жоғары баллға, сондай-ақ, төмен баллға да өзгертілуі мүмкін.

Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді.

Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізі-леді (бөлімдер бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауының бал-дары), сонымен қатар баллдарды бағаға ауыстыруды қарастыратын шкалаға сәйкес автоматты түрде бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының қорытындысы бойынша).

Оқушылар портфолиосы.Оқыту нәтижелерін тексеру және багалау үдерісі.Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау - оқытудың осы немесе басқа ке-зеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу бағдарламарын-дағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім стандарт-тарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде (балл бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі.

Тексерудің әр түрлісін қолдану сыныптың пәнге деген кызығу-шылығын оятып, уақытты және оқушы мен мұғалім күшін үнемдейді.

Тексеру мен бағалаудың соңғы кезеңі - баға қою. Сандық бағалар балл түрінде, сапалық – мұғалімнің бағалау тұжырымдары

мен қорытындыларынан тұрады.

Бағалаудың басқа бір түрі - оқушылардың білімінің толықтығы мен тереңдігі, көлемі мен деңгейін салыстыруға болады.

Тәжірибеде мұғалім ылғи тоқсандық, жылдық және аттеста-циялық орта баға шығарады. Бірақ, ақырғы бағалар шешуші болып табылады, тақырыпты меңгерудің жоғары деңгейін көрсетеді. Жыл аяғында оқушы жақсы дайындала бастауы мүмкін, мысалы тақырыпты толық меңгеруі мүмкін; ал орташа баға бұл үрдісті көрсетпеуі ықтимал.        

Шешуші бағаны шығару үшін кешенді бағаны қолданған жөн. Шешуші баға әділ болып, оқушылардың жыл аяғында жақсы оқуға талпынысы оянады. Бірінші тоқсанда алынған төменбаға жыл аяғында жоғары баға алуға кедергі болмайды.

 

12.5.Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау формалары  мен әдістері. Тапсырма көлемі, тексеруге арналған уақыт және оқу-шылар санына байланысты оқу үдерісінде тексеру мен бағалау былай-ша бөлінеді: ағымдық бақылау, яғни тексеру күнделікті сабақ үстінде жүргізіледі; кезендік бақылау, тақырыпты өткеннен кейін өткізілетін бақылау; қорытынды - тоқсан аяғында немесе жылсоңында өткізіледі. Соңғы кезде, әсіресе кеңінен тарап келе жатқан, оқушылардың білімін тексеру үшін тұрақты бақылау - мониторинг деп аталады. Бастауыш мектепте ағымдық бақылаудың маңызы зор, себебі оқушылардың жұмысын, оқуға деген ынтасын, жетілуін және т.б. бақылау үшін қолайлы.

Тұтас тексеру көлемі шағын тақырыпты тексеруде қолданы-лады және жауап беруші міндетті түрде тақырыпты меңгеруі тиіс. Тексеру және бағалау қайталаумен, бекітумен ұжымда оқытудың тиімділігін арттырады.

Тұтас тексерудің ерекше түрі кешенді тексеру – оқушы-лардың сабақтағы әр түрлі жұмыстарының нәтиже­лерін бағалауға не-гізделтен: мұғалімнің сұрағына жауап, басқа оқушылардың жауап-тарын толықтыру, жазбаша, графикалықжәне тәжірибелік тапсырма­ларды орындау.

Оқушының оқу әрекетін бақылауды оқушы өзі де (өзін-өзі тек-серу), мұғалім де жүргізе алады және техникалық құралдар көмегі арқылы, соның ішінде компьютер арқылы да оқу әрекеті тексеріледі. Бақылау түрі мен тәсілдерін тандау оқытудың мақсатына тәуелді, оқу-шылардың жас және жеке басының ерекшеліктері, оқыту жүріп жатқан жағдайларға байланысты.

Ауызша тексеру - ең қолайлы бақылау әдісі - оқытудың барлық деңгейлерінде қолданылады және оқушылармен қарым-қатынас ұстау-ға жеңіл, олардың ойлары мен іс-әрекеттерін бақылауға, жауаптарын түзетуге көмектеседі.

Жазбаша тексеру - оқушылардың дайындықтарын анықтауға мүмкіндік береді, жұмыс істеудің сипатымен жекеше ерекшеленеді, бірақ жұмыстарды тексеруге көп уақыт қажет етеді. Бұл тексерудің негізгі түріне сабақта жүргізілетін диктант, мазмұндама, шығарма, сұрақтарға жазбаша жауап беру және жазбаша бақылау жұмыстары жатады.

Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі. Ықтимал тексеру әдісін орындау үшін: тексеру мақсатын, тапсырма тізімін құрып, бүкіл білімді меңгеру сұрақтарына жауапты, әр сұрақ немесе сұрактар жүйесіне дұрыс жауаптарды анықтау, сұрақтардың диагностикалық салмағын анықтау, білім жүйесін диагностикалық сұрақтар арқылы анықтау керек.

Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің нақтылануы қажет. Портфолио – білім алушының жыл (немесе тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Порт-фолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл үдерісті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын те-реңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетіс-тіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, се-местр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.

Портфолио - білім алушының оқу үдерісіне қалайша қатыса-тындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиім-ділігі деңгейін айғақтайды, оқу үдерісінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірт-тердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.

Қазіргі таңда портфолио студенттің мақсатты топтамасы ретінде қарастырылады. Портфолиода студенттің табыстары мен жетістікттері баяндалады. Топтама студенттің өзінің өлшемдерімен таңдалады. Осы кезде студенттің баға жетістіктерінің өлшемдері, өзіндік жұмыстары қарастырылады. Осылайша, студенттің үздік жобалары мен бастама-лары, сонымен қатар пәндерді меңгеру деңгейі сипатталады. Тұтас алғанда, портфолионың шығуы бағалау-бақылау әрекетін ұйымдасты-ру барысындағы инновациялық топтамадан шыққан болатын. Сондай-ақ, портфолио қазіргі замандағы үдерістердегі білім икемділігін, оқушының өзінің жетістіктерін түсіну үшін, білім жетістіктерінің мониторингін жасау үшін пайдалы.

12.6. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау - оқытудың осы немесе басқа кезеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу бағдарламарындағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім стандарттарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде (балл бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі. Тексеру мен бағалау - білім берудің мақсатынан тұрады, білім алудың әр кезеңіндегі нәтижелерінен; бақылау жұмыстарын тандаудан, мысал-дар мен тексерудің нәтижелерін көрсете білуден тұрады. Тексеру мен бағалау бөлімдері өте тығыз байланысты және бірлікте қаралуы керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылау.Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту мә-селелері іске асып жатыр .

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі міндеттері:

- барлық деңгейдегі білім беру сапасын институтционалдық бағалауды іске асыру;

- білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды іске асыру;

- мұғалімдер мен оқытушылардың әрекеттерін бағалау, оқыту мен сабақ беру үдерісін жетілдіру;

- білім беру ұйымдарының білім беру әрекетінің сапасына жүйелі және салыстырмалы талдау жасау, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;

- құқығын қамтамасыз ету үшін қажетті білім жүйесінің жағдай туралы объективтік ақпарат алу;

- ашықтыққа жол жеткізу үшін қоғамға ақпарат беру;

- білім берудің үздіксіз жүйесінің сатыларының арасында бағалау нәтижелерінің ұштастығын қамтамасыз ету;

- ұлттық мемлекеттік жалпы міндетті стандарттармен салыс-тыру үшін халықаралық зерттеу шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жүргізу.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі объектілері:

- меншік түріне және ведомствалық бағыныштылығына қара-мастан білім беру ұйымдарының қызметі;

- білім беру ұйымдары жүргізетін тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және ұйымды басқару үдерістері ;

- білім алушылардың оқыту үдерісі кезінде жеткен оқу жетіс-тіктерінің нәтижесі;

- тұлғаның жеткен даму деңгейі.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі принциптері объективтілік, жариялық, ашықтық, әділдік, кезеңдік, сабақ-тастық, есептілік, үздіксіздік  болып табылады.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі рәсімдері білім беру қызметін лицензиялау, Біріңғай ұлттық тестілеу, мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқушылардың аралық қорытынды емти-ханы, мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау, білім алушыларды қорытындымемлекеттік атестаттау және білім беру ұйымдарының рейтингі болып табылады.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі аттестаттау, аккре-дитациялау, біріңғай ұлттық тестілеу, оқушылардың аралық қоры-тынды емтиханы рәсімдері арқылы бағалау;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін және олардың тұлғалық сапаларының даму деңгейлерін;

- сыныптың, топтың, пән секциясының, бөлімнің, факультеттің, жеке мамандықтың, білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың, өлкенің және жалпы білім жүйесінің оқу жетістіктерін;

- білім беру ұйымдарының әретін сыртқы бақылау арқылы білім сапасына тікелей мониторингтік зерттеу арқылы іске асырылады.

- Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі көлемінде білім берудің барлық деңгейлердің сапасына бағалау мен мониторинг енгі-зілді іске асырылады, оларды жүйелі жетілдіріледі және халықаралық практикаға сәйкестендіреді, сонымен қатар өлкелік және мемлекеттік деңгейлерде білім беру ұйымдарының рейтінгі анықталады.

-  «Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жыл-дарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қа-лыптастырудеп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағыт-талған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабілеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету»,-деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәна-ралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қа-лыптасып, дамитыны»,- атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпарат-тық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табуқұзырет-теріжатады делінген.

 

12.7. Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптас-тыру. Жобалау арқылы қарым–қатынас белсенділігін арттыруға бола-тыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қаты-настардан құралады деп есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқу-шылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қа-рым–қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі – оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші жағы-нан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды.

Жасөспірімдердің бір–бірімен қарым–қатынасы осы жаста өзге-ре бастайды, олар үшін қарапайым қатынас жеткіліксіз, өйткені ком-муникация арқылы оларда өздерін көрсетуге, дәлелдеуге қажеттілік пайда болады.           Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – коммуникативтік құзіреттілік деп аталады.

 

Өзін өзі тексеруге араналған сұрақтар:

1. Оқыту сапасын диагностикалауға талдау жасаңыз.

2. Бақылаудың түрлері, оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесін ашып көрсетіңіз. 

3. Тесттік және рейтингтік бақылау, тесттердің типтеріне тоқталыңыз.

4. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сипаттаңыз

5. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі түсініктерін сипаттаңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.