Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып.ОҚЫТУДАҒЫ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ



Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі заманғы дидак-тикада оқыту әдістерін жіктеудің сан алуан тәсілдері. Оқыту әдістеріне сипаттама: сөздік, көрнекілік, практикалық. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің өзара байланысы.

Ғалымдарәдістерді классификациялау және жүйелеумәселесін (А.П.Пинкеевич, А.Ф.Евстигнеев-Беляков, Н.М.Шульман, Ш.И.Ганелин және т.б.) зерттеді. «Дидактикалық әдіс» түсінігінің көпқырлылығын атай отырып, олар «әдіс» түсінігінің белгілерін (оқу материалдарын логикалық түсіну жолдары, педагогикалық ықпал ету құралы, оқушылардың белсенділік деңгейі, т.б.) талдады. Әдістерді классификациялау негізіне формальды логика ұғымын да қолданбақ-шы болды. Әдістер жүйесі мен оларды классификациялау принцип-теріне биологиялық тұжырымдамалар алынып, диалектика заңдарын оқыту әдістеріне тікелей көшіру талаптары (О.В.Трахтанберг) және мектеппрактикасынан алшақтық та болды (М.М.Рубинштейн, Б.С.Манжос). Әдістерді белсенді және белсенді емес, еңбекке қатысы бар және еңбекке қатысы жоқ деп жіктеу, ерікті немесе еріксіз түрде, же-ке немесе жалпы әдістер тобына әмбебаптық сипат беретін болды.

 

11.4. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің өзара байланысы. Оқытумақсаты, оқыту тәсілдері және оның нәти-жесі. Оқу міндеттері мен оқыту тәсілдерінің өзгешеліктері. Оқу үдерісінде қаралатын маңызды мәселелер – оқытудың мақсаты, оған тән белгілер, оқытудағы оның орны мен рөлі. Дидактикада оқыту мақ-саты түрлі қырынан қарастырылған. М.А.Даниловтың пікірі бойынша, «оқу үдерісіндегі арнайы қайшылық оқытудың барысымен сипатта-лады, оқушылар алдына оқу үдерісінің логикасына сай, үнемі түрлі жағдайға қарай жаңа міндеттер қойылып отырады, олар оқушыларға түсінікті, оны олар қабылдайды және ақыл-ой күшін  қолданып шеше алады»,- деп атап көрсетеді.

Дидактикалық еңбектерде оқушылардыдамытуға байланысты жалпы айтылған пікірлер болмаса, оқушыларды дамыту оқу міндет-терінде іске асырылмайды. Оқу міндеттерінің оқушының білім мен дағдыны меңгеруін іске асыруы күмән тудырмайды. Бірақта, зерттеулер көрсеткендей, оқыту мен дамыту мәселесі, балалардың дамуын қамтамасыз ететін материалдарда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда, оқыту тәсілдерінде және міндеттерінде ескерілуі керек.

Ең маңыздысы, оқу міндеттерін, оқыту тәсілдері мен оған қол жеткізетін нәтижесі арасындағы обьективті байланыстарды зерттеу қажет. Мұндай зерттеусіз оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашып, жетістікке жету мүмкін болмайды.

Оқу міндеттері ажыратылмаған, олар шын мәнінде алуан түр-лі, міндет пен оқыту тәсілдері арасындағы байланыстарды ескермеу, оқу үдерісінің теориясы мен практикасының дамуына кедергі кел-тіреді.

11.5. Оқытудың интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселе-лері. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқа-руындағы әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі.

Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте бі-лім игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негіз-деледі. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.

Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйым-дастыруға ынталы:

1) барлық үйренушілерге бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Сонымен, интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйрену-дің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, бас-қалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақ-тыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным үдерсін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным үдерісінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді: терең ойлануға; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен ке-ректісін таңдап алуға; ақпаратты жан-жақты талдауға; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пі-кірін дәлелдеуге; басқа да балама пікірлерді ескеруге; шешім қабыл-дауға және қиын мәселелерді шешуге; жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне); басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекет-тер арқылы жүзеге асырылады:- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиториялық), жеке және бірлескен ізденіс пен зерт-теу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, кітап, лекция, интернет, құ-жаттар, мұражай, мамандар, т.б, шығармашылық жұмыстар, т.б.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адам-дарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптас-тырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар -тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамта-масыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету – танымның тиімді тәсіліекендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жа-сағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар сту-денттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолда-рымен» жасауды меңзейді.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Әдіс туралы жалпы түсінікке тоқталыңыз.

2. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері дегеніміз не?

3. Тұтас педагогикалық үдерістің компоненттерін атаңыз. 

4. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттеріне тоқталыңыз.

5. Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістеріне сипаттама беріңіз.

 

 

12-тақырып.ОҚЫТУДАҒЫ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

 

12.1.Оқытусапасындиагностикалау. Ұғымдар: оқушыныңоқужетістігінбақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім – оқушылардыңоқужетістігініңсипаттамасы. Оқушылардыңіс-әрекетнәтиже-сінбақылаудыңмақсатыменқағидалары. И. Лернер, Ю. Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар береді.

Білімнің дұрыстығы. Оқушының бойындағы білімнің толық-тығы оқылатын нысан туралы барлық білімдердің санымен анық-талады. Оқушы: а) білімнің барлық жетекші элементтерін атап бере алады; ә) әрқайсысына анықтама бере алады; б) негізгі белгілерін сипаттап бере алады.

Білімнің әрекеттілігі оқушының білімді әр түрлі жағдайда қол-дана алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану арқылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады; ә) оқылғанды сәйкес өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.

Білімнің саналылығы – білімнің, ішкі байланыстардың мән-ділігін түсіну, талдай, салыстыра, дәлелдей, жан-жанты аша, бағалай және түсіндіре білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай байланысқанын, не қандай нәрсеге бағытталағандығын, не қандай нәрседен шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыс-тардың ортақ ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құ-былыстың, оқиғаның және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жақты түсіндіріп, түйін және қортынды жасай алады. Білімнің тереңдігі бе-рілген білімнің басқалармен, оған ұқсас білімдермен саналы байланыс-тығымен сипатталды.

Білімнің оперативтілігі оқушының ұқсас және вариативті жағ-дайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарстырады. Оқушы өз білімін қолдана алатын жағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым нақты көрінеді .

Білімнің жүйелілігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.

Білімнің беріктілігі – барлық көрсетілген сапалардың саны мен тұрақтылығы. Ол интегралды сапа болып табылады.

Білім сапасының әр алуан түрлерін айта отырып, мынадай анықтама беруге болады. Білім сапасы – оқушылардың оқу-танымдық іс-әре-кетінің нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылы-мының біртұтас жиынтығы.

Педагогика ғылымында білім сапасын мақсат пен  нәтиже бірлігі ретінде қарайды. Белгілі ғалымдар С.Е. Шишов пен В.А. Кальней білім сапа-сын тұлғаның кәсіби, азаматтық біліктіліктерінің қалыптасуы мен мақ-сатқа жетуі арқылы түсіндіреді. Осы айтылған тұжырымдарды сара-лай келе, білім сапасын тек білім алудағы қабілет пен білімнің қалып-тасуы ғана емес, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарының, жеке қасиеттерінің және әлеуметтік қоғамға бейімделу қасиетте-рінің жиынтығы деп алуға болады.

 

12.2.Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің қызметтері. Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үдерісінің құ-рамдас бөлігі. Бұл оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жүмыстар ар-қылы бақылау жүргізу болып табылады. Тексеру мен бағалау арқылы оқушының әр деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындалу ба-рысындағы жетістіктері мен кемшіліктері, мұғалімнің жұмыс деңгейі, тоқсандық және жылдық бағаларының қойылуы, оқушылардың аттес-тациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білі-мін алуға қабілеті анықталады.

Білімді тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, білім беру, тәр-биелеу, түзету және хабарландыру, түзету және ақпараттық сияқ-ты қызметтерді атқарады. Мұғалім тек қана оқушының білімін баға-лап қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қоры-тындылап, оқу-тәрбиелік үдеріске түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады.

12.3. Білім сапасын бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.

Оқытудың бағалау жүйесінің теориясы мен практикасының да-муы.Белгілі ғалым С. Қожахметовтың «Совет мектебінің негізгі ди-дактикалық принциптері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқушы-лар білімінің саналы және жинақты болуының дидактикалық ұстаным-дары, бастауыш мектепте оқушылар білімін тексеріп, бағалай білудің әдістемелік жолдары, сабақтан тыс мезгілдегі және сабақ үстіндегі оқушылардың кітаппен жұмыс істей білуі, сабақтан тыс уақытта оқу-шыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары қарастырылған.

50-шы жылдардың басынан педагогика ғылымы мен педагоги-калық практикада білімді тексерудің оқыту әрекетіне мән беріле бас-тады. Б.П. Есипов «Дұрыс қойылған білімді есепке алудың бақылау үшін ғана емес, оқыту және тәрбиелеу үшін маңызы зор» деп жаз-ды. Осы қағида кеңес педагогикасында бекіп, теориялық тұрғыдан М.А. Данилов, Б.П. Есипов, Н.Г. Дайри еңбектерінде негізделді.

 ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы оқыту теориясын талдау барысында мынадай қорытындылар жасауға болады: педагогика ғылымы оқушы-ларды ғылым негіздерімен қаруландыруға нақты бағыт алды. Оқушы-ларды белсендіру және өзбетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, мұғалімнің сабақты басқаруына арналған мәселелер жаңаша көзқарас-ты қажет етті. Мұғалімдердің педагогикалық озат тәжрибиесін зерттеу қолға алынды. Оқыту мәселесі мен оқыту әдістеріне назар аударылды.

Дәстүрлі бақылау жүйесінің негізгі формасы, оқушының ғана емес, мектеп ұжымының жетістігін айқындау және өзін-өзі бақылау болды. Тек тестік тапсырмалар кең таратылды, олар өзіндік тексеру форма-ларының ішіндегі ең жарамдысы болып есептелд. Бағасыз оқытудың басқа да кемшіліктері табыла бастады. Барлық жерлерде білімнің са-пасының, оқытудың деңгейінің, тәртіптің төмендеуі байқалды. Оқу-шылар сыныпта, үйде күнделікті дайындалуды қойды. Сондықтан да көптеген халық ағарту ісінің бөлімдері әр түрлі бақылау формаларын енгізуге мәжбүр болды. 1932 жылы қайтадан әрбір оқушының білім-дерін жүйелі есепке алу тәртібі қалпына келтірілді. Оның негізі дара әдіс арқылы жасалды, 1935 жылы баллдың сараланған 5 деңгейлік жүйесі ауызша бағамен ауыстырылды (өте жақсы, жақсы, қанағаттан-дырады, жаман, өте жаман), 1944 жылы цифрлы 5 баллдық жүйе орнатылды.

Кейінгі жылдары тәжірибенің көрсетуі бойынша, әрбір оқушы-ның білімін есептеу, күнделікті есептеуі өзін ақтады, оқушылардың сабаққа деген дайындығы және тәртібі жоғарылады. Дәстүрлі жүйедегі баллдар ретінде бағалар өзінің кемшіліктеріне қарамастан, казіргіге дейін өзіне сай айырбасталатын жүйе таппаған. Сонымен қатар, оның әлі де көп қоры бар және де барлық мүмкіндігі қолданылмаған.

Отандық педагогтар ішінде бірінші болып С.Т Шацкий бағаны шынайы ізгілік бастамалармен шешпекші болды. Бағаға, емтиханға қарсы шығып, ол баланың даралығын бағалау емес, оның жұмысының қалай орындалғанын, олардың оқу жұмысының орындалғаны туралы ата-ана алдында есеп беру, көрме жұмыстарын жүргізіп алға шығып есеп беру арқылы бағалау керек деген. Бірақ та кеңес мектептерінің қалыптасуы және білім мазмұнын өзгерту жағдайында бағаның жаңа жүйесін енгізу мүмкін болмады, себебі ол бүкіл оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды талап ететін еді.

Қазіргі кездегі көптеген мұғалімдер бақылаудың сондай форма-ларын қол­данады, кейбіреулері дәстүрлі баға жүйесінің жақсы жақта-рын сақтап, олардың кемшіліктерін азайтты. Солай, атақты педагог В.Ф. Шаталов білімнің бақылауына "Білімнің ашық есебі парағын" енгізген. Білімді ашық есептейтін парақтардың басты мәні - сабақта, не сабақтан тыс уақытта алынған бағалар арнайы бланкіге жазылады да, хабарламаларға ілініп қояды. Оның ерекшелігі сынып журналына қойылған бағалар сыныпқа белгісіз болады, ал жаңа әдістің зор тәр-биелік мәнісі бар. Баға бүкіл сыныпқа ғана емес, мектепке де белгілі болады. Білімді ашық есептейтін парақтар әрбір оқушының «қызметі тізіміне» ұқсас болған. Сонымен қатар дәстүрлі әдіспен салыстырсақ, яғни төмен баға оқудың кейінгі кезеңдеріне ғана емес, тоқсандық баллдардың жоғары болуына кері әсер беруі мүмкін. Ал жаңа әдісте мұндай кемшіліктер жоқ. Әрбір оқушы қалған уақытында бағасын өзгертіп, өзінің қабілеттілігін көрсете алады.

В.Ф. Шаталов қарама-қайшылықты алып тастады немесе олар-ды азайтты. Оның әдісімен оқушының ынталы жұмысының жақсы бо-лашағын сақтауға болады, формалды жүйеден құтылуға, білімді дұрыс бағалауға және жаман бағаның мінез-құлыққа және тәрбие нәтижесіне жағымсыз әсерін алдын ала ескертуге мүмкіндік пайда болады. Білім-дегі дәстүрлі баға жүйесінің қорларын сақтай отырып, білімнің баға-сын тек баллдардың (баға) көмегімен шешу мүмкін емес. Ол жаңа әдіс-амалдармен толықтырылуы мүмкін, басқа варианттар білімді үлкен сапалық деңгейде бағалауға жол ашады.

Бұған зор қызығушылықты Ш. Амонашвилидің экспериментал-ды дидактикасының зертханалық тәжірибесі көрсетті. Көптеген жыл-дар бойы кіші сыныптағы балаларға баға қойылмаған, оқушылар ата-аналарының, жеке мұғалімдердің алдында өздерінің жетістіктерін өзде-рінің еңбектері, өздерінін көрмелері, суреттері, көшірмелері, өзіндік шешкен тапсырмалары және мысалдары арқылы көрсете білген. Жар-ты жылдықта бастауыш сынып оқушыларына олардың сол кезеңдегі жетістіктері мен кемшіліктері жазылған мінездеме беріледі. Сонымен қатар арнайы "ата-анаға пакеттер" дайындалады. Сол пакетте ата-ана-ларға балаларының жұмыстарының үлгі нәтижелері берілген.

Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың форма-сын таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін са-ғат санына, оқу кезеңіне, жоcпарланған оқу нәтижесіне, білім алушы-лардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.

Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.

Бірізді фронтальды-тақырыптық тексерудің мақсаты - оқушыға оқытылатын бөлім, тақырып материалдарының логикасының дамуын терең игерту. Оқытудағы маңызды рөлді білімді тексеру мен бағалау-дың ойландыратын түрлері - оқушылардың тапқырлығын анықтау, қойылған міндетті шығармашылықпен шешу атқарады.

Ауызша тексеру барысында оқушы жауабының сапасын нақты білу мүмкін емес. Сондықтан мұндай жауабының беруді баға-лау оңайға тимейді. Мұғалім оқушының жауабына тез көңіл бөліп, ке-рек болса, сұрақ қойып, жауабын толықтыруды талап етіп, оқушымен ылғи да қарым-қатынас жасап отыруы тиіс. Мұның барлығын сабақ үстінде істеу өте қиын және де бұл ауызша сұрау кезінде білімді баға-лаудың дәлдігіне әсер етеді.

Жазбаша тексеру ауызшаға қарағанда жеңілдірек болғанымен, өзінің қиындықтары да бар. Мұғалім оқушының жауабын тура бақы-лай алмайды. Осыған байланысты оқушының жауабын бағалау қиынға түседі. Жазбаша жауап өзіндік ережелермен реттелетін, бұл оның сапа-сына ықпал етеді. Оқушылардың бағалары мен білім деңгейінің айыр-машылығы жоғары оқу орындарына түсу алдындағы емтихандарда байқалады. Осы кезде мектеп білімі мен оқуға түсудегі білім талапта-ры арасындағы айырма айқын көрінеді.

Мұғалімнің бағасымен оқушы келіскен жағдайда ғана ол жақсы тәрбиелік нәтижеге әкеледі. Шын мәнісінде, оқушылар өз білімдерін бағалауда мұғаліммен ылғи келісе бермейді

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.