|
|||
тақырып. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ8-тақырып. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
8.1. «Білім мазмұны» ұғымы. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында «білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландыруда нәтижеге бағыт-талған құзыреттілік тұрғыға көшу»,- деп атап көрсетілген. Қазіргі за-манғы білім парадигмасына сәйкес білім беру жүйесін өзгерту, білім мазмұнын жаңарту маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға мін-детті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдар-ламаларымен айқындалады». XX ғасырдың70-жылдарының екінші жартысынан бастап, жал-пы орта білім беру мазмұны теориясын жасау саласында жаңа зерт-теулер басталды. Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны» түсінігін нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я. Лернер маңызды үлес қосты. Оның жасаған тұжырымдамасы бойынша, білім мазмұны әлеуметтік тәжірибеге сәйкес және білімдер, дағдылардан басқа шығармашылық әрекет тәжірибесін, сезімдік өмір тәжірибесін қамтиды. Білім мазмұнының аталмыш бөліктерінің арақатынасы тарихи сипатта және қоғам дамуының талаптарына орай өзгеріп отырады.
8.2. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - педаго-гикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Көрнекті педагог, ака-демик В.В. Краевский жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның тео-риясын жасау мен мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсет-ті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады: жалпы тео-риялық түсінік; оқу пәні; оқу материалы; оқыту үдерісі және тұлғаның құрылымы. Бұл тұжырымдама Педагогика ғылымдары академиясының жалпы педагогика институтындағы В.В.Краевский және И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ даярлаған білім беру мазмұны теорясының негі-зіне алынды. Ғалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын қалыптас-тырудың ұстанымдарын түзді. Біріншіден, жалпы орта білім беру маз-мұнының барлық бөліктерімен және барлық деңгейлерде қоғам талап-тарына сәйкес ұстанымы. Екіншіден, оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігін есепке алу ұстанымы: үшіншіден, білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлерінде, оқыту үдерісін-де іске асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің сақталу ұстанымы. Зерттеу барысында жалпы орта білім беру мазмұнының қалыптасу деңгейлері түсінігі пайда болды. Түсініктің жалпыдан жекеге жылжу логикасына сәйкес авторлар мына деңгейлерді анықтады: жалпы теориялықтүсінік деңгейі(жас ұр-паққа берілетін әлеуметтік тәжірибенің құрамы, элементтер және қо-ғамдық қызметтері туралы жинақталған жүйелі түсінік;)оқу пәні дең-гейі; жалпы білім беруде арнайы қызметтер атқаратын мазмұнның бел-гілі бір бөлігі туралы кең таратылған түсінік; белгілі бір пән бойынша оқулықтарда, есептер жинағында және басқа оқу материалдарында көрсетілген білім мазмұнының элементтерін қамтитын оқу материа-лы деңгейі. Білім беру мазмұны оқытуда іске асырыла отырып, келесі дең-гейге көшеді. Төртінші деңгей – оқыту үдерісіне ендірілетін нақты бі-лім мазмұнын көрсететін педагогикалық болмыс деңгейі. Ең соңында, бесінші деңгей – тұлға құрылымыдеңгейі білім беру мазмұнының оқушы санасында қалыптасқан күйін сипаттайды. «Оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігі ұста-нымдық деңгейде маңызды»,-деп көрсеткен С.Г. Шаповаленко. Бұл кезеңде Педагогика ғылымдар акаде-миясының Жалпы педагогика институтының дидактика зертханасында М.Н. Скаткин И.Я. Лернер, В.В. Краевский, М. Шахмаевпен бірге «Жалпы орта білім беру дидактикасы» атты ғылыми мектептің негізін салды. Ғылыми мектептің жетістіктерін былайша сипаттауға болады. Олар: -білім беру мазмұны теориясының мәдениеттанушылық тұ-жырымдамасы, оның құрамына білім беру мазмұнының көзі әлеу-меттік тәжірибе екендігі; -білім беру мазмұнын калыптастыру деңгейлері: пәнге дейінгі, пәндік, оқу материалы, білім беру практикасы; білім беру мазмұнының құрылымдық элементтері; - нәтижелері білімдер болып табылатын танымдық әрекет тәжірибесі; үлгі бойынша әрекет етуді көрсететін әрекеттің белгі-лі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; мәселелік жағдаяттарда ерекше шешім қабылдау біліктіліктері түріндегі шығармашылық әрекет тәжірибесі; сезімдік-құндылық қарым-катынасты жүзеге асыру тәжірибесі туралы түсініктер енеді; -педагогикалық құралдар көмегімен білім мазмұнын іске асыра-тын оқупәні теориясы. Ол өзі тұтас бола тұрып, екі бөліктен тұрады: меңгерілуге тиісті білім беру мазмұнының бөлімі және оны оқушы-лардың меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі үшін қажет құралдар. Же-текші құраушы бөлігі негізінде оқу пәндерінің жіктемесі жасалды. Оқу пәнінің мәні, оның қызметтері; мектептің білім беру бағдарламала-рының жалпы міндеттерін шешу үшін маңыздылығы мен ерекшелігі; материалдарды оқу сатыларына тарату жолдары; әдістемелік жүйе жә-не мақсаттарға жету құралдары; оқу пәнінің мзмұнын таңдаудың, оны оқытудың жалпы логикасы мен ретті оқытылуының негіздемелері; білім беру мазмұнын құрастыруға негіз болатын мәселелер типтері; ғылым мен оқу пәнінің арақатысы. -оқулық тұжырымдамасы: оқулықтың қызметтері, құрылымы, мазмұндық рәсімделуі, материалды таңдау және беру тәсілдері, мәтінді әңгімелеуге, мазмұнына, тармақшалар ішіндегі логикалық байланыс-тарға және оқулыққа, меңгеру аппаратына қойылатын талаптар; -оқыту әдістері, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру әдістері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы. Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушы-ның әрекетіне, оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипа-тына, оқушыларды дамыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері анықталды және т.б. Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: біріншіден, ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-ақ, соған сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кей-бір көлемдерін анықтау; екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес са-лаларының негізгі бағыттарын, идеяларын және қарқынын айқындау; үшіншіден, студенттердің жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және көзқарастарына қойылатын нақты та-лаптарды ұсынуды қарастырады. Оқу пәні-оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбие-леу мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал. Білім мазмұны мен оқу пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері – біртұтас ұғым, ал оның құрамдас бөлігі болып табылатын «оқупәні» құрамы және жүйесі жағынан мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі – мазмұн мен құралдар блогы, немесе үдеріс блогы. Оқу пәндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рөл атқаратын: 1. Мазмұндық блок:пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжрибе. 2. Үдерістік блок:қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үдерсті ұйымдастыру түрлері. Егер, білім мазмұнын білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тап-сырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні – білім мазмұ-нының бөлігі ретінде, ол да әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады. Оқу пәні – игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тәсілдерді, олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу пәні – білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: мазмұндық және үдерістік. Білім мазмұнының төрт компоненттік құрамы оқу пәндерінің белгілі бір топтарын құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші компонент-тер: ғылыми білімдер жиынтығы, әрекеттің белгілі бір тәсілдері, шығармашылық әрекет тәжірибесі, құндылықтар, қатынас тәжірибесі, әлемнің бейнелік көрінісі. «Кіріктірілген пән» деген ұғым жай қосу емес, оқу материалын-дағы әрекеттің кірігуі, оның мәні мен өзара байланысы және жинақты-лығына қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр. Оқу пәнін құрастыру мәселелеріне байланысты туындайтын заңдылықтар анықталды: - кез келген оқу пәні көрсетілген типтердің біреуіне жатады және ол өзінің дидактикалық моделіне сәйкес құрастырылуы тиіс; - оқу пәнінің әр типінің өзіне сәйкес мазмұнын жеткізу,оны игеруді ұйымдастырудың өзіндік жүйесі бар. Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негі-зін, оның маңызды ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда оқу материалының құрылымы мен жүйесі ғылыми ұғымдардың даму заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп жасалуы тиіс. Ал, пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалып-тастыру болса (білік және дағды), онда пәннің мазмұндық, логикалық желісі практикалық әрекетті игеру ерекшілігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір-бірінен қызметі мен мазмұндық жетекші компо-ненттері бойынша ажыратылатын болғандықтан, сол компонентті жет-кізу барысында пайдаланылатын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда болуы тиіс; оқу пәнінің мазмұны оның же-текші компонентінің ерекшелігіне байланысты жүзеге асыру тәсілде-ріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің әртүрлі типтерінің ерекше-ліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін ескеру керек.
8.3. Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің ком-поненті. Білім түсінігі – өте күрделі және көпқырлы. Білім беру үдерісінде адам жинақталған білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды мең-гереді, оның ақылы мен сезімі дамиды, дүниеге көзқарасы мен оның танымдық үдерістері қалыптасады. Білімді адам көптүрлі фактілер мен құбылыстарды қарастыруға қажет жалпы тұғыр ретіндегі идеяларды, ұстанымдар мен әдістерді меңгергендіктен, дамыған қабілеттің жоғары деңгейі арқылы білімін жеке оқиғалардың көпшілігіне қолдана алады, көп білімді алып, тез әрі дұрыс ойлайды, түсінігі мен сезімі ізгілікті және жоғары бағыт алған болады. Демек, білім түсінігіне білімдер, дағдылар мен іскерліктер ғана емес, сондай-ақ сыни ойлау, жасампаз болу, айналадағы өтіп жатқан оқиғаларды адамгершілік тұрғысынан бағалау да енуі керек. Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізіінде дидактика жиырма бірінші ғасырдың оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін нақты зерделеуде. Ресей педагог-дидактары М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, Б.С. Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талаптар, білім мазмұны мен құры-лымы, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көлемі, оқу әрекеттері, пәннің мазмұнына қойылатын талаптар, жаңа оқыту технологияларын ғылы-ми тұрғыдан пайымдайды. Олардың еңбектерінде: «Білім – адам, қо-ғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б; Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағ-ды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әре-кеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжі-рибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. Оқыту – дидак-тиканың маңызды категорияларының бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынасы, іс-әрекеті; білім бе-ру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді меңгерту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мқсаттарына сай оқушылардың шығармашылығын да-мытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекеті т.б. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі.Білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйе-сі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлға-ның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады. «Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың да-муының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек. Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйым-дастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойын-ша жұмыстар жүргізілуде.
8.4. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопе-дагогикаландыру. Білім беру мазмұнынізгілендіру, гуманитарланды-ру, этнопедагогикаландыру Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан басталды. Бұл үрдістер педагогика ғылымы аясында алдымен теориялық-әдіснамалық деңгейде зерделеніп, тұжырымдамалар дайын-далып, білім беру мазмұнын жаңа ұстанымдарға негіздеп жасауды та-лап етті. Сондықтан ғалымдар осы кезге дейінгі жасалған педагогика-ның әдіснамалық қорын қайта қарастырып, әлемдік педагогикадағы жетістіктерді саралады. Білім беру мазмұнын ізгілендіру және гумани-тарландыру мақсатында барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты екендігі ескерілді. Демек, білім мазмұнын зерттеушілер мен құрастырушылар гуманитар-лық әдіснаманы басшылыққа алды. Гуманитарлық әдіснама педагогикалық нысандардың қызметі-нің құндылық-бағдарлы мәнін түсіну модельдерін құрады. Гуманитар-лық әдіснамаға ерекше педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық жақтарын зерделеу тән, өйткені педагогикалық зерттеу бары-сында алынған тұжырымдар мен нәтижелердің құндылық сипаты пе-дагог әрекетімен шартты байланыста деп түсініледі.Гуманистік тәрбие – рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі. Мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық; әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық үдерістердің тоғы-суына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылы-мының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсі-ресе, білім беру мен тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадам-заттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет. Бола-шақ ұрпақтыы даярлау барысында негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік көзқарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өйткенідүниежүзілік экономика-лық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар: командадағы жұмыс дағдылары; көшбас-шылық қасиет; бастамашылық; IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік); қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.; озық экономика бі-лім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлай-тын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әре-кетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу үдерісі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезі-ну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды іске асыру құнды-лықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады. Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-сының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылық-тары ретінде: 1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауап-кершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу белгіленді. Ұлттық мектеп деп өз рухани кеңістігімізбен ғана шектелуге болмайды әрине, ол ұлттық мектептің мазмұны мен түрі өркениеттік болмақ. Мақсаты – ұлттық сананы, психологияны, ойлау жүйесін, дүниетанымын, парасатын, ру-хын, бейнесін, сондай-ақ ұлттың инновациялық қабілетін дамыту. Бұл дегеніміз – ұлттың генеалогиялық құрылымы мен генетикалық қорын белгілі бір тұжырымдама негізінде пайымдау. Осының бәрі – ұлттық қауіпсіздігіміздің, өркениетке алдыңғы қатарда кіріге алуымызға себеп болмақшы. Сол себепті де білім беру мазмұнын этнопедагогикаландыру да өте маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Г.Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралының дүниеге келуі, педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл іздестіріп, оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды. Жалпы адамзаттық білім беру мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері анықталып, оқушылар тәрбие-сінің үлгілі мазмұны толығымен іске асырылып жатқан уақыт еді. Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бір-қатар әдіснамалық мәселелерді туындатады. Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теориялары-ның, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғылым-дардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теория-лық-әдіснамалық негіздері зерделене бастады. Этнопедагогиканы пе-дагогикалық ғылымдар жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми білім ретінде этнопедагоги-каның пайда болуы, оның жеке ғылыми пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі орны туралы мәселе-лерді шешуді қажет етеді. Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз – этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы, сондай-ақ, отбасы, ру, тайпа, халық, негізінде моралдық–этикалық және эстетикалық дүниетаным-дарының қалыптасуына қоғамның өзсанасының дамуына сәйкес, болмысты қайта құру мақсатында этникалық топтардың бала тәрбиелеу және оқытудағы эмпирикалық тәжірибесінің тарихы мен теориясын зерттеу және талдау әдістері туралы ілім. Бұл ғылымның бұдан әрі та-бысты дамуы оның әлемнің заманауи сипатымен қаншалықты байла-нысты екендігімен анықталады. Қазақ ұлты ұлт болып, саяси бостандықты баянды ету үшін оның жан дүниесі мен жүрегі ұлттың терең тарихынан өрбіген білім мен тәрбиеге сусындап, өзін өзгеден кем көрмейтін, өз мәртебесін түсінетін болып өскені, өзін-өзі толық танығаны, мына жаһандану за-манында ұлттық білім мен тәрбие мазмұнын ертеңгі интеллектуалдық ұлттың меңгеруі дағдарысты еңсеруге даяр болуы бірден бір төте жол болмақ.
|
|||
|