Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХХ ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.



75.ХХ ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.

Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 ж тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал «Айқап» шықса, наурыздан бастап «Қазақстан» газеті шыға бастады. Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды.                                                                                                                                                                Кеңестік тарихнамада айтылғандай ,журналдың өзімен қатар шығып тұрған «Қазақ» газетінен басты айырмашылығы таптың идеялық позицияларында емес, олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында, қаржы көздерін екі түрлі іздестіруілінде болды.Басқаша айтсақ, басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде н\е керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды. ХХ ғ бас. Ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп,ұлттық көлемде қоя білген, сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің өлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің, сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсете білді.

Журанал мен газеттің мақсат міндеттерінің бірлігі олардың мазмұн жағынан да жақын болуы әсер етті. Екі басылымға да тән ортақ тақырыптар: оқу-ағарту, білім беру, ғылым, өнер үйрену, жер, отаршылдық, отырықшылдық, әйел теңдігі, шаруашылық жүргізу , әдет –ғұрып, салт -дәстүр мәселелері, надандыққа ж\е партиялық бүлікшілікке қарсы күрес болды. Екеуінің де ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылдыққа көшу, қала болып тұру, бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған мәселелерде бір позиция болғандығы белгілі. ж\е екеуі де қаражат жетіспеуіне байланысты өз шығаруларын тоқтатты.                                                                                                  «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті қазақтың шын мәніндегі тұңғыш бейресми мерзімді басылымдары болды. Екеуі де баспасөзге деген ұлттық қажеттіліктің, қоғамдық сұранысытың нәтижесінде пайда болды. ж\е екеуі де бүгінгі ғасыр басындағы қазақ тарихының өзіндік ерекшеліктері бар қайнар көздерін қарап отыр.

 

 

[1]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.