Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі



52.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі

Қазақстан сан ұлттардың ынтымағы жарасқан бейбіт ел. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын,сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулағынсыз мүмкін емес.Яғни, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.

Ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі-тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі-оның салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтаудың елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдардың бірі-Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. ОН бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институттар халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді.Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты-нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамай, қандай әлеуметтік тапқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін,халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

 

53. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық ой-өрісін ашудың маңызы.

 Полиция полковнигі Мирлан Қызылов Қазақстан Республикасының 2015 жылғы ақпандағы "Қазақстан мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы қабылданған болатын. Аталған заң рухани, мәдени, білім алуы, кәсіпқой қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін олардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады. Жыл сайын оқу ордаларына облыстардың түкпір-түкпірінен білімдерін жоғарылатуға, таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болуға талапкерлер түсуде. Сол оқу орындарында білім алып жатқан тыңдаушыларымыздың білім деңгейін жоғарылату, ғылыми-зерртеу жұмыстарына қатысудағы белсенділігін арттыру, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, облыстық, республикалық деңгейлерде өткізіліп жатқан әртүрлі бағыттағы шараларды тарату, олардың өсуіне жол ашу үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда жастарды ақпараттық қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналатыруға, демалуға, әлеуметтік оңалуға және жас отбасыларын қолдауға, олардың құқықтарын жүзеге асыруға біпталай жұмыстар атқарылып жатқанын айта кету қажет.
54. Қауіпсіздік мәселелері котексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Біздің мемлекетіміз "өркениеттің қиылысы" деп бекер айтылмаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлеуметтік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті. 2003 жылы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен әртүрлі діндер басшыларының тұңғыш съезі болып өтті. Съездің мақсаттары мен мұраттары, діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдниетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдау болып табылады.Қазігі таңда мемлекеттік саясаттың негізігі қағидаларына барлық ұлт өкілдері мен конфессияаралық топтары тең құқықтар ұсыну, сонымен қатар діни ұйымдар менолардың мәдени орталықтарына өмір сүру үшін қолайлы жағдай құру болып табылады. Сол себепті, біздің мемлекетіміздің Елбасы Қазақстанның конфессиялық әралуандығы және этномәденилығына ерекше көңіл аударады.Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтылыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдықтың кең қолдауын иеленіп отыр.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.