|
|||
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.71. Әлихан Бөкейхан- ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі Жалпы әлемдік тарихты, оны құрайтын халықтар мен мемлекеттер тарихын зерделеуде әрбір ұлттың қалыптасуындағы көшбасшы тұлғалардың дәуірлік маңызына ерекше мән беріледі. Қазақтың хандық мемлекет құрылғаннан бергі тарихын саралағанда осындай бірнеше тұлғаны айтуға боларлық. Біздің ойымызша, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар, осы хандықтың халқын еселеп, территориясын анағұрлым кеңейткен Қасым, Хақназар, Есім хандар, ортақ хандық билік әлсірегенде жалпы қазақтың мүддесі үшін күрескен Абылай хан, хандық мемлекетті қалпына келтіруге майдан ашқан Кенесары хан, халқымыздың жалпы рухани мәдениетін, ой-танымын жаңа биікке көтерген Абай, тұтас ұлтқа ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ көркем сөзін соны деңгейге жеткізген Мұхтар Әуезов қазақтың сан ғасырлық тарихындағы осындай аса орасан көшбасшы тұлғалар. Бұл қатарда қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге бар ғұмырын арнаған, жаңаша сипаттағы саяси күресті ұйымдастырған, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН да тұрады. Әлихан Бөкейхан хандық дәуірден соң отаршылдықпен күрес қарулы көтерілістерге ұласып, соңынан бұл көтерілістердің бәсеңсіп, ақыры қазақ даласы патшалық Ресейдің қарамағына толықтай енген шақта, Абай айтқандай: «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп күйзелген шақта тарих сахнасына халқының басылған еңсесін, кеткен есесін, көмескіленген үмітін қайтадан жағуға сайланып шыққан ұлы тұлға. ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 31 сессиясында Алаштың көсемі,көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды. Ә.Бөкейханов ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың біртуар азаматтарының қатарындағы енрекше тұлға Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. Ол қазақ халқы үшін публицисит те, экономист те, ғалым да, этнограф та болды. 2016 жылы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы болса, 2017 жылы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы толмақ. Ә.Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері саясат жүзінде патшалық үкіметке де, Уақытша үкіметке де, кейінірек Кеңес үкіметіне де қазақтың өз азаттығы үшін күресе алатынын, өз абыройын қорғай алатынын көрсетті. Бұл жалпы халықтың жанына жігер, жүрегіне сенім ұялатты. Қазақ халқының дербес ел, азат ұлт ретінде өмір сүре алатынын, оны соған бастай алатын, басқара білетін елшіл, мемлекетшіл қайраткерлер қалыптасқанын көрсетті. Бұл әрбір халық үшін ең маңызды мәселе. Осындай халықтар ғана тәуелсіз ел болуға лайықты. Алаш қозғалысы, оның көсемі Әлихан Бөкейханның тарихи тағылымы да осында, ондай тұлғаға қандай құрмет болса да жарасады. Бұл – елдіктің айғағы. 72. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз. Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы ,тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлсалған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз болып табылады. Қазір біз Отанымыздың тарихын жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білім мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған алыптардың қатарында Ахмен Байтұрсынұлы ойып тұрып орын алады. Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының ХХ ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі,ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ахмет Байтұрсынұлы өз замандасынан озық туады,жазық елді озық етемін деп халқының алдына шығып,өрге сүйрейді, жолында тұрған кесепаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың обыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек деп түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұшлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді,өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты. Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек. 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағы- Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. Ол күрескен кесепаттар-надандық ,қараңғылық, кертартпалық, отаршылдық. Осы надан,қараңғы ұйқыда халықты маса болып ызыңдап шағып оятуға бар күш-жігерін жұмсайды. «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе- соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы Тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп,өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз , басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай азаматтарымыздың арқасында.
|
|||
|