Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.



69. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.

Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу -барлық халықтарға тән дәстүр.Көне түркі жазуы (басқаша айтқанда Орхонө-Енесей жазуы) – б.з.б V-б.з X ғасырларында түркі тайпаларының жазуы.

Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман ру тайпаларынан ======== (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының VIII ғасырдан бұрын жасалған деп есептелінеді. Оның әліпбиінде 40–қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жазуының ерекшелігі онда негізгі велярлық және палаталық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптері бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В.Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В.Радлов жасаған.Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне Түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бейнеленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н.Бернштан 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалықжазу табылды. Жайық өңірінен анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. Көне түркі жазуы е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар Томсен, Радлов, П.М.Мешоранская, В.Банг, Г.И.Рамспед, А.Габэн, С.Е.Малов, Н.А.Батманов, А.Коноков, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

 

 

           

70. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.

Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде, бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту., сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты , ядролық қаруды қолдандыруды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көп шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен,негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды өқарым-қатынастар орнатты. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдері ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтарлық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс жасайды.ы

Ресей мен Қазақсатн арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастықтық туралы декларация маңызды роль атқарады.

2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады.                                                                       

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.