Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстанның сыртқысаясиқатынастарсаласындағыбасымдықтарынанықтаңыз.



63.Қазақстанның сыртқысаясиқатынастарсаласындағыбасымдықтарынанықтаңыз.

Еліміздіңтәуелсіз даму жолы25жылуақыттыбасынанөткерді.ОсыуақытішіндеҚазақстанхалықаралыққауымдастықта,әлемдік, экономикалықжәнесаясикеңістіктебеделді де салмақтыорынғаиеболды.КөптегенхалықаралықбастамалардыңавторыболғанҚазақстанкөптармақты сыртқы саясатты ұстанып келеді. Соңғы жылдары халықаралыққатынастардың белсенді ойыншысына айналған еліміз әлемдік, ғаламдық,аймақтық мәселелерді шешуге де атсалысуда.Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқанмемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындаеліміздің сыртқы саясатының басым бағыттарын тағы да айқындап берді:«Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен,Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдеріменсеріктестікті дамыту мәселесі болып табылады. Біз Кеден одағын жәнеБіртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз. Біздің таяудағымақсатымыз – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Осыған орай бізмәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдейміз. Саясиегемендіккеқысымкөрсетілмейді.Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын жәнеҚазақстанүшінпрактикалыққызығушылықтуғызатынбарлықмемлекеттермендостықжәнеболжамдықарым-қатынастардыдамыту дегенді білдіреді».

Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан мемлекет ретінде қадам басты.

Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаҺандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызды өскенін айғақтайды.

Қазақстан Республикасы сыртқы басымдықтары мен міндеттері:

1.Қазақстан Орталық Азияның саяси тұрақты ,экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі.

2.Еуразиялық интеграцияны елімізді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде орнықты ұстанымға ілгерілетудің пәрменді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып,Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі нығайтатын болды.

3.Қазақстан мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық рәсімдеуді аяқтау сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша және жағалау маңындағы мемлекеттер арасында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидалары мен нормаларына негізделген тұрақты және достық қатынастарды нығайту жұмыстарын жалғастырады. . Қазақстан әлемнің тиісті парламентарық бірлестіктерімен саяси сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысарды дамыту үшін парламенттік дипломатияның әлеуетін көп жақты парламентаралық құрылымдар шеңберінде және екіжақты форматта пайдалануды жалғастырады.

Осы шаралар шеңберінде Қазақстан қазіргі заманғғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін және дипломатиялық дәстүрлі құралдарын пайдаланады.

Сыртқы саяси қызметтің мақсаттары, басымдықтары, міндеттері мен нәтижелері Қазақстанның халықаралық бастамаларын әлемдік аренада ілгерілету туралы ақпаратты ел ішінде түсіну және Қазақстан жұртшылығына жеткізу жөніндегі жұмыс маңызды болып табылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.