|
|||
Елбасының ежелгі ұлыстар мен ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.66. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері : тарихи сабақтастық, қазақ мәдениеті, еркіндік, бірлік, күшті мемлекет, жоғарғы мақсаттар , Ұлы болашақ туралы баяндаңыз. «Мәңгілік ел – ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман- тұрмысы бақуатты , түтіні түзу ұшқан , ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырмақ, Мәңгілік елдің іргетасын қаладық» -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – « Қазақстан -2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. « Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи қиындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана- Мәңгілік ел біздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап , ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» . Көпұлтты Қазақстанның бүгінгі алған асулары мен қол жеткізген биігінң бастауы- бейбітсүйгіш халқымыздың қонақжайлығы мен кішіпейілдігі , төзімділігі мен еңбекқорлығы , елімізді мекендейтін әртүрлі этностардың қазақтың дәстүрлі құндылықарын қадірлеген өзара дос пейілдігі секілді асыл қасиеттері. Дамыған, ықпалды мемлекет құруға ұмтылу, көптің бірі болып қалмау қазіргі ұрпақтың асыл мұраты болу керек. Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана әлемдік қатерлерге төтеп бере алатын өміршең ел болып қала алады. Тарихты насихаттау , бабалардың ұлы істерін ұлықтау дегеніміз- мемлекеттік рухын бірте-бірте ұлттық идеологияға айналдыру. «мемлекеттік» ұғымы тек мемлекттік құрылым емес, мемлекеттік дегеніміз- әр мемлкеттің дамуы мен қызметтік ұйымдастыруға қажетті идеялар мен кө$$зқарастардың жүйесі. Демек, «Мәңгілік ел» идеясының ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы , елдің болашағына қызмет ететін жасампаз идея. « Мәңгілік ел» идеясы- мемлекеттік дәстүр. 67. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз. Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7-4 ғасыр) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Б.з.д 1-мыңжылдықтың орта шенінде Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болды: хаумаварга-сақтар , тиграхауда –сақтар , парадарайя. Зертеушілердің пікіріне сенсек , тиграхауда мен хаумаварга сақтардың салт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын , батыста арал-Каспий алабынан , шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әсудария төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде орын тепкен. Исседон тайпалары Орталық Қазақстанда немесе оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанды, ал Солтүстік-Шығыс Қазақстанды аримаспы тайпалары мекендеген. Сырдарияның төменгі бойы мен арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағалауын дайлар қоныстанған. Батыс Қазақстанның Орал-АҚТӨБЕ далаларын басқа , яғни савромат бірлестігіне кірген тайпалар имеденген. Археологиялық зертеулер сақтардың , массагеттердің , дахтар мен савроматтардың материалдық ортақтығы бар екенін дәлелдеді. Сөйтіп жазбаша деректер бойынша б.з.б. 7-4 ғасырлардығы Қазақстан аумағында оның Оңтүстікөшығыс жіне орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына , ал оның Батыс және ішінара Солтүстік ауданддарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б ғасырдың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді.
68. Елбасының ежелгі ұлыстар мен ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері. Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарй төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Моңғолияның өзін, сондай ақ моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Моңғолияның батыс бөлігі , Жоңғарияның аумағы және Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейін, яғни Жетісу мен Мауераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен , Қазастанны аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына : үлкен бөлігі- Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді. Көрнекті Еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев өз еңбегінде: Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді: алғашында оны Ұлы Түрік қағанатын құрып, дамыған түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған моңғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» дейді. Елбасымыз ежелгі Ордалар мен ұлыстардың этносаяси дамуы туралы көп пікірлер айтып өтті. Бұл ұлыстардың дамуы нәтижесінде біздің қлттық мемлекетіміз құрылғаны да белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шынның шынындай, асылдың асылындай, ар-ожданның ардақты дауысындай «Тәуелсіздік толғауын» рнеспублика мектептерінің оқулықтарына енгізу шарт. Өйткені, қазақстандық патриотизмді жас жеткіншектер сапасына сіңіруге бірден-бір кілт.
|
|||
|