Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зендердің қоректенуі мен режимі



Өзендердің қоректенуі мен режимі

Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді.Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді. Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады.

Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.

Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды карашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы катып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды.Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады. Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып әкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1200 г/м3.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.