Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұздықтар және көпжылдық тоң қабаты



Батпақ

Батпақ — жер бетінің шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Олардың беткі қабаттарында құраған өсімдіктердің толық ыдырамаған, кейін шымтезекке айналатын қалдықтары жиналады. Б. үстінде мол ылғал мен ағыссыз жағдайға бейімделғен өсімдіктер ғана өседі. Қалындығы 0,3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса — батпақ, ал 30 смден аз болса — батпактанған жер деп аталады. Қоректену сипатына, жер бедеріне байланысты, орналасу жағдайына және негізгі өсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш экологиялык түрге бөлінеді:эвтрофты (ойпандық) ,олиготрофты(беткейлік) және мезотрофты(өтпелі) Батпақ негізінен көлдердің шарасын өсімдік басу немесе құрлықтың батпақтануы (орман, шабындық өртендері) жолымен қалыптасады. Өсімдіктердің басымдылығына қарай — орманды, бұталы, шөптесін, мүкті Б.; микробедерге байланысты — төбешікті, жайпақ, шығыңқы (дөңбек) және т.б. Б.; макробедеріне қарай — аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктык Б. болып жіктеледі. Қазақстанда батпактар көбінесе солтүстікке,  Батыс Сібір ойпатында кеңінен тараған. Әлемдегі батпақтардың жалпы көлемі 2682 мың шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр.

Батпақ(Болото) — құрлықтың (орманды, шалғынды жерлердің, кесілген және өртенген орман орындарының) батпақтануы немесе суқоймаларды шоп басуынан пайда болған, жылдың көп бөлігінде ылғалдылығы тоқыраған, мол немесе баяу азаятын құрлық бөлігі. Сулық-минералдық қоректену жағдайларына байланысты ойпаңдық — евтрофтык батпақ, өтпелі —мезотрофтық батпақ, қалқыма — олиготрофтық батпақ деп бөлінеді. Љсімдіктерінің басым типтері бойынша: орманды, бұталы, шымтезекті, мүкті; макробедері бойынша: төбелі, жайпақ, ойпаң және тағы да басқалары; макробедері бойынша: аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрықтық деп ажыратады. Батпақтануға су өткізбейтін қабатгың болуы әсер етеді.

    Батпақтану - 1) суқоймаларды батпақты өсімдіктердің басып кетуі; 2) грунт суларының көтерілуі, ағынның тоқырауы, су іріккіш тау жыныстарының жер бетіне жақын жатуы салдарынан, сондай-ақ булану режімінің өзгеруі (мысалы, орманда өрт болуының) нәтижесінде топырақ пен грунттың суға шылқуы. Батпақтану көбіне батпақтанған және батпақты топырақтардың түзілуіне, оның бетінде шірімеген органикалық заттар мен шымтезектің жиналуына себепші болады.

    Батпақтар гидрологиясы - Батпақтағы ылғал қозғалыстарының физикалық процестерін және батпақ пен қоршаған ортаның ылғал алмасу процестерін зерттеумен айналысатын құрлық гидрологиясының бөлігі.Батпақты атыраптарда тараған жылғалардың, өзеншелердің, көлдердің және ми батпақтардың жиынтығы.

 

Дәріс-13

Мұздықтар және көпжылдық тоң қабаты

    Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғары; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды. Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.

Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.

    Мұздықтардың жылжуы-Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi тұрғындарының жылнамасында алғаш көрсетiлдi, ал, жүз жылдан соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О. Соссюраның XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар жылжуының өзгеше мәнiн ашып бердi.

Саяхатшының мұздықтар бетiне қалдырған баспалдақтары сол 1788 жылғы сапардан кейiн араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-Глас мұздығының төменгi беткейiнен орын теуiптi. Осы жылдар iшiнде төрт шақырым қозғалысқа енген. Мұздықтардың қозғалысын бағамдамау салдары қиын жағдайларға әкелiп соғады. Оның бiр мысалы, 1894 жылы француз ғалымы М. Жанссан Монблана шыңына обсерватория салады.

Осы аталмыш ғимараттың ерекшелiгi де шығар, жалпы салмағы 187 тонна да, аумағы 50 шаршы метр жердi алып жатты. Ғалымның топшылауы бойынша ол барлық төтенше жағдайларға шыдас беретiн берiктiгi мен бiр орнынан жылжымайтынына көңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе де арада төрт жыл өткенде қозғалыс әсерi iргетастан қатты байқалды. Өйткенi, обсерваторияның иiлiп еңкiш тартуы оның құлап қалу қаупiн тудырды.

Ақ бас мұзды шыңдар кейде тосыннан қозғалысқа енедi. Мұндай маусымда өзгеше жылдамдық алады да мұздық тiлдерi төменге сусыған күйi ұласа түседi. Мұздықтардың беймәлiм мiнез танытуының негiзгi сыры климат өзгеруiнен екенi белгiлi. Эпталь Альпiсiндегi Фернагтфернер мұздығы соңғы төрт ғасырда төрт рет қозғалысқа енген. Әр қозғалған сайын Рофон өзенiн бөгеп отырды, бөгелген өзен суы жиналып көлге айналады да лықсып толып, артынша сарқырап ағып төмен құлаған. Мұның өзi апатты су тасқындарына әкелiп соқты.

Аляскада 1966 жылы 12 мұздық, оның iшiнде Солтүстiк Америкадағы ең алып Беринг мұздығы көштi. Оның қозғалыс енi 42 шақырым шамасында едi, төрт жыл iшiнде 1200 метрге жылжығаны байқалған. Ал, 1918 жылдан бақылауға алынған Уолш мұздығы ұзақ зерттеу нәтижесiнде ғалымдар қозғалысқа енбейдi деген тұжырымға келген. Дегенмен Уолш мұздығы 60-жылдардың аяғында мiнез танытты, төрт жылда орталық бөлiгi 10 шақырымға жылжып кеттi.

Сонымен бiрге ара салмақтық мөлшерiнде елеулi өзгерiс болған, төбесiндегi мұз қабаты 150 метрге шөктi. Қарақорымда Гасанабад мұздығы 1904-1905 жылдары екi жарым айдың өзiнде 10 шақырымға жылжыған. Ал, бiр тәулiкте жазық даланың 130 метр жерiн биiк мұздық бауырына алған. Памир тауындағы мұздықтар мiнезi де тым қызық, 1963 жылы Вахч жазығының бойымен Медвежий мұздығы 2 шақырымға төмен жылжыды. Он жылды артқа тастап тағы да 1750 метрге қозғалды.

    Тұйық су мұздығы-Тұйықсу мұздығы Тянь-Шаньның солтүстiк жоталарының бiрi. Iле Алатауында ұзындығы 5,1 шақырым, жалпы көлемi 3,8 шаршы шақырым жердi алып жатыр.

Зерттеулер-Мұздықтың төменгi бөлiгiне қарасаңыз, сусыған қиыршық тас пен үлкен-үлкен қой тастар биiкке өрiле түседi. Өзгеше әспетiмен ерекшеленген iргетас секiлденiп жатқан тас жамылғы бiр шақырым ұзындыққа созылып, теңiз деңгейiнен 3100 метр биiктiкте альпi белдеуiне ұласады.

Тұйықсу ғылымда 1902 жылдан белгiлi. Оның пiшiн-болмысы жайында алғаш хабарлаған С. Дмитриев едi. Жазды күнгi қысқа мерзiмдi сапары дәйектi зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Көрген-бiлгенi нәтижесiнде анықтағандарын жалпылама түсiндiредi. Ал, ғылымға керегi мәлiметке толы нақты деректер. Сол себептi де барлық жайт белгiсiз қалпында қала бердi.

Кейiннен екiншi рет Тұйықсуға өзге бiр өлкетанушы В.Городецкийдiң жолы түседi. Осы сапардың қорытындысында ол Тұйықсу мұздығының жай-жапсары жөнiнде хабарламалық мақала жазды.

Араға алты жыл салып, 1922-1923 жылдары Тұйықсу Н.Пальговтың назарын аударды. Сонан соң барып 13 жыл мерзiм өткенде мұздық құпиясына қызыққан қазақ гидрометеорологиялық қызмет басқармасының мамандары болды.

Тұйықсу мұздығына жүргiзген көптеген бақылау нәтижесi ауа райына байланысты маңызды деген сауалдарға жауап алуға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар оның өткенiне барлау жасап, өзгеге тосын жұмбақ жайттардың сырына қаныға түсуге жетеледi. Бұның бәрiне бағыт сiлтегендей болған Алматының ауа райын 1879 жылдан бақылауға алынғандығын айғақтайтын деректер едi.

Осыған байланысты Мыңжылқы стансасында мұздықтардың жаз айларында температураның өзгеруiне сай келетiн жайларды жүйелi зерттеу жүргiзiлдi. 1937 мен 1964 жылдар аралығындағы мәлiметтердi салыстыра келе ауа райы температурасының, мұздық режимiнiң өзара байланысы 1879 жылдан бергi Тұйықсудың тiршiлiк тынысын тануға жол ашты.

Мұздықтың кербез кейпi көз арбайды. Ұшар басы аспан тепкен мұзарт шыңдар шығар күннiң жалқын сәулесiне шомылған қалпы биiктеген дерсiң. Олардың ең биiгi 4410 метрлiк Орджоникидзе шыңы. Сүйiр қалпындағы мұз таудың күнге шағылысқан кескiнiн жолақ болып бөлiп жатқан қарлы белдеу мұздықтағы сызат-жарықты аңғартады екен. Оңтүстiк шығыста Тұйықсу тiзбектерiнiң таулы алқабы бастау алады. Шығуы қиын саналатын оның биiктiгi - 4150 метр. Одан батысқа қарай қарлы аңғардың қарсы беткейiнде Тұйықсу шыңы.

Барлық шыңның жартасты беткейi терең сайға ұласады, одан бәкене мұздықтар өрiлiп тұрады. Сол жақ беткейден Космедемьянская мен Молодежный мұздығы сырбаз кейiпте мен мұндалайды. Алдыңғысы Тұйықсу мұздығымен астасып жатыр да, екiншiсi жанамалап қосылады. Оң жақта Тұйықсу тiзбегi. Мұздық пен тiзбектi бөлiп жатқан моренаның төменгi бөлiгi.

Көп жылдық тоң- мәңгі тоң – жер бетіне жақын орналасқан, ғасырлар және мыңжылдықтар бойы теріс (00С-тан төмен) темп-ра жағдайында болатын тау жыныстарының жер астылық белдемі. К. ж. т. терминін ғылымға 1927 ж. тоң зерттеуші Ресей ғалымы М.И. Сумгин (1873 – 1942) енгізген. К. ж. т. тау жыныстарының негізгі белгілері: теріс темп-рада және олардағы ылғалдың мұз күйінде болуы. К. ж. т. жер бетінен біршама тереңде, маусымда жібитін тау жыныстар қабатының астында орналасады, қалыңд. бірнеше метрден 1500 м-ге дейін, тұтас немесе үзік-үзік таралады. К. ж. т-ның ұзақтығы тоң тау жыныстарында бұзылмай сақталған жануарлар (мамонт, мүйізтұмсық, жылқы, т.б.) қалдықтары болуымен анықталады. Алтайдағы К. ж. т. қабаттарынан сақ тайпаларының алтын киімді көсемдері аттарының қалдықтары, мәдени қалдықтары сақталған Берел (қ. Берел қорымы), т.б. археол. ескерткіштері табылған. Қазақстанда К. ж. т. биік таулы аймақтарды ғана қамтиды. Олардың жалпы ауданы 16760 км² (Алтай 5670 км², Сауыр – Тарбағатай 920 км², Жетісу Алатауы мен Кетпен (Ұзынқара) жотасы 1990 км², Іле және Күнгей Алатауы 2250 км², Қырғыз және Талас Алатауы 1040 км²).

Мәңгі тоң- көпжылдық тоң; үш түрлі шартты түсінікпен анықталатын термин: 1) жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі таужыныстардың 0°-тан төмен температурадағы тоңға айналу құбылысы; 2) таужыныстардың ұзақ уақыттар бойы ерімейтін (жібімейтін) қабаты; 3) бойындағы ылғалы тоңға айналып, берік шегенделген таужыныстар. М.т. қалындығы бірнеше метрден 600—700 м-ге дейін жетеді. М.т. бүкіл Сібірді қамтумен бірге, биік тау бастарында (Тянь- Шань,Памир және т.б.) да таралған. М.т. табиғаттың барлық құрамдарының сипатына ықпалын тигізеді, яғни М.т. таралған аумақтарда ерекше жер бедері түзіледі (шұқанақтар, батпақты ойыстар, өзегі мұздаң тұратын төбешіктер жене т.б.); топырақ түзілу процесі баяу жүреді;ағаш, өсәмдік түрлері тамырын тереңге жая алмайтындықтан, орман-тоғай сирек өседі және т.б. Мәңгі тоңның тигізетін әсері түрлі құрылыстарда, жол салуда, пайдалы қазбалар өндіруде, егін егуде есепке алынып отырады.

        



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.