Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зен суының шығыны және жылдық ағыны



Өзен суының шығыны және жылдық ағыны

Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр (м3/сек) есебімен өлшенеді. Қазақстанның ең мол сулы өзені Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880 м3/сек, Сырдарияда 703 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері 59 км3.Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының коры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғалдандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз.

Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2-ге келетін мөлшері 20 000 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алда. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр қуатын өндіруге, т.б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.