Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Реликті (қалдық) көлдер



Реликті (қалдық) көлдер

Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.

Мұздың көлдер типі.

Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.

Қар көлдері.

Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.

Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.

Ескі арна көлдері.

Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нөтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.

 

Бөгендер

Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²-ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір - ірі және алты орта бөгендер бар, калғандары кіші бөгендер . Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км²-ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3- ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады.

 

 

Көлтану, лимнология (гр. 'lіmne' – көл, logos – ілім) – гидрологияның cу алмасуы баяу жүретін континенттік суқоймаларды (көлдер) және олардағы физикалық, химиялық және биологиялық процестерді зерттейтін ғылымның бір саласы. Көлтануда гидрология, гидробиология, гидрохимия, гидрофизика, геоморфология, т.б. ғылым салаларының әдістері қолданылады.

Көлтанудың басты мақсаты – суқоймаларының дамуы мен режимін, көл шұңқырларының пайда болуын (олардың пішіні, мөлшері, суының және түптік шөгінділерінің физикалық, химиялық қасиеттері, су алмасуы, өсімдік және жануарлар әлемі) кешенді зерттеу.Ғылыми Көлтанудың негізін салушы швейцариялық ғалым Ф.Форель. Көлтану төңірегіндегі зерттеу нәтижелері халық шаруашылығының бірқатар салаларында (сумен қамтамасыз ету, балық шаруашылығы, су көлігі, гидроэнергетика, суғару, кен байлықтарын алу, медицина және адамдардың демалысын ұйымдастыру салалары) пайдаланылады. Суқоймаларының жаппай ластануы мен олардың эвтрофтануының күшеюіне байланысты қазір Көлтанудың басты бағыты – су көздерін қорғау мен дамуын болжау және бағалау мәселелерінің шешімін табу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.