Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұхиттар мен теңіздер табанының бедері және шөгінділер.



                                   Дәріс № 8

Мұхиттар мен теңіздер табанының бедері және шөгінділер.

 

    Дүниежүзілік мұхит шарасының орташа тереңдіктері шамамен 5 км, шамамен 277 млн. км2 ауданды алады, құрылысы континентік құрылысқа мүлдем ұқсамайды. Ең басты ерекшелігі граниттік қабаттың мүлдем жоқтығы. Түп бірнеше ондықтан жүздеген метрге жететін шөгінділер қабатынан құралған, оның астында жанартау атқылауы өнімдерінен тұратын, тығыз «базальтты» қабат жатыр. Бұл қабаттың жалпы қалыңдығы ойпаңдарда 5-8 км, орталық жоталар астында 10-15 км, кейбір жерлерде 20 км-ге дейін жетеді.

Мұхит түбі шегінде тұрақты, аз қозғалатын және белсенді платформалар ерекшенеді.

    Мұхит түбінің жалпы ерекшелігі болып, құрлықпен салыстырғанда баяу жүретін су асты денудациясы мен шөгінділердің жиналуынан жасалған, тектоникалық құрылымдардың айқындылығы мен жақсы сақталуы саналады. Бірақ бұл заңдылық материк табанында және мол тасындыларды алып келетін, ағыстар өтетін жерлерде бұзылады. Мысалы бұл Тынық мұхитының экватор зонасында, Атлант мұхитының Солтүстік Америка жағалауларында байқалады. Бұл жерлерде қалың суасты жалдары (Шығыс-Тынық мұхиты жалының ұзындығы 3000 км-ге жетеді, ені 500 км-ге дейін, биіктігі 1,5 км-ге дейін жетеді), жағалаулық құм қайрлар және тосқын көтермелер сияқты, бірақ үлкен көлемдегі аккумулятивті пішіндер кездеседі. 

    Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфі), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

    Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына температура, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

    Теңіз суы, мұхит суы - мұхит пен теңіздегі натрий, кальций және магний сульфаттары басым әр түрлі тұздардың ерітіңділерінен тұратын сулар. Теңіз суының 96,5%-ын су, 3,5%-ын тұздар құрайды. Теңіз суында еріген тұздардың 85%-ы натрий хлориді (ас тұзы), едәуір бөлігі магний хлориді, магний және кальций сульфаты, натрий бромиді болады. Еріген тұздардың концентрациясы немесе тұздылығы (әдетте, промиллемен %о өлшенеді) 50° о.е. беткі суларда 33,99%о-ге дейін, 5° с.е. 35,79%0-ге дейін болады. Теңіз суының тығыздығы температура мен тұздылығына байланысты өзгереді. Тұщы және тұзды суларға қарағанда Теңіз суы ең үлкен тығыздық температурасында (-1,9°С) қатады. Теңіз суынан натрий, магний хлоридтері, бром және т.б. алынады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.