Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Батпақтар.



Дәріс №12.

Батпақтар.

Батпақ— ылғал шамадан тыс жиналып,шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстарда, щұңқырларда сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттарда іркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топыраққа  толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады. Қазақстан жерінде ауқымды Батпақтар жоқ, өйткені республика жері, негізінен, құрғақ — сулану аз да, булану мол. Дегенмен, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға, тіпті кей алқаптарда адамның тікелей әрекетіне байланысты Қазақстанда Батпақтың өзен-көл жағалауындағы Батпақ, сор Батпақ, тақырлық. Батпақ, саздық  Батпақ, техногендік Батпақ, т.б. түрлері кездеседі. Өзен-көл жағалауларындағы Батпақ тұщы су әрі күн сәулесі жеткілікті аймақтарда орын алатындықтан, мұндай жерлерде қамыс, қоға қалың өседі. Сор Батпақ — республиканың оңтүстігіндегі шөл және шөлейт белдемдердің ойпаң жерлерінде, көлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол көлдердің табандарында да кездеседі. Мұнда кейбір сораң шөптерден басқа өсімдік өспейді. Тақырлық Батпақ — шөлді аймақтардың ойпаттау жерлеріндегі тақырда кездеседі. Саздық Батпақ — Қазақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар етегіндегі бұлақтар төңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ — кең ауқымды су құрылыстары жүргізілген аймақтарда (бөген салу, канал қазу, күріш суару алқаптары, т.б.) пайда болады. Мысалы, Қапшағай бөгені салынғаннан кейін, оның жағалауындағы жер асты суының деңгейі көтеріліп, 200 мың га жер батпаққа айналды, сөйтіп ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.