Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Гидросфера және әлемдік су қоры.



   Дәріс №3

                Гидросфера және әлемдік су қоры.

 

    Гидросфера- жердің су қабаты. Жер бетінің 71%-ын, яғни361 млн км2 су алып жатыр(3/4). Бүкіл гидросферадағы судың көлемі шамамен 1,4 млрд.км3. Оның тек қана 2,5%-ы тұщы су, 97,5%-ы тұзды су. Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат – гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады. Су– атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез процесінде) бірден – бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады.

    Әлемдік су қорыЖердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985мың км³. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен2,5 кмболар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды тереңдік11022 м(Мариан шұңғымасы).

    Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ — ге тең.

Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында жердің су балансы төмендегідей болады. Планетеға түсетін жауын – шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км³ /жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын – шашыннан 47000 км³/ жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын – шашыннан 47000 км³ /жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.

    Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430 – 550 км³ артық алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15см). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18, 5% — жер асты қорының пайдалануы, 7% — көлдердің есебінен алады.

    Құрылықтағы жауын – шашынның толық буланбауы, (47000 км³) жылудың жетіспеуінен емес, экожүйенің реттеушілік роліне байланысты болатын атап өту қажет.

    Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0, 1 – 0, 15% — ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.

35 млн. км³ тұщы судың шамамен 70% — ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген.Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км³ суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндеріне байланысты.

Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет. Гидросфераның әр түрлі категориялы суларының қалпына келуі жылдамдығы:

Сулардың категориясы Қалпына келу жылдамдығы

Өзен 16 күн немесе 11 – 12 күн

Атмосфера 8 күн

Топырақ грунты 1 жыл

Батпақ   5 жыл

Көл 17 жыл

Әр түрлі горизонттардың жер асты сулары 1400 жыл

Әлемдік мұхит 2500 жыл (араласу 63 жыл )

Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көлдерінен алынады.

Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км³ (4 трлн. м³) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.

Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің жазық аудандарында көктемде, тауда – мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында – жауын кеғзеңде)

Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.

Барлық сулардыңқұрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.

Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.

    Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ал судың 1 миллиметріне 100 – ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен коп болмауы керек) немесе коли – ттрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл – ден кем болмауы керек) анықталады. Оргонептикалық көрсеткіштерге судың судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.