Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Табиғаттағы су айналымы. Дүниежүзілік судың тепе-теңдігі (балансы).



Дәріс №4

   Табиғаттағы су айналымы. Дүниежүзілік судың тепе-теңдігі                           (балансы).

  Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады.

Мұхиттың 150-200м тереңдіктегі су қабатының айналымы мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан. Антарктикада беткі судың горизонталь жылдамдығы 5-10см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байкалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді.   

Су балансы – (французша balance - таразы)табиғаттағы не жеке шағын аймақтағы , атмосферадағы ылғалдың жалпы кірісі мен шығынын бейнелейтін сандық сипаттама, нақты бір аудан бойынша судың келуімен ағып кетуі және жұмсалуы арасындағы байланыс. Су – атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез процесінде) бірден – бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады.    

Дүниежүзілік су балансының құрамдас бөліктеріне: атмосфералық жауын-шашын, жер үсті сулары, булану, өсімдік транспирациясы, шаруашылықта пайдалану және су ағындары (жер үсті және жер асты) жатады.

Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі- 3,7км, көлемі- 1370 000 000км3 (гидросфера көлемінің 94%). Жердің беті бойынша мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ — ге тең. Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында жердің су балансы төмендегідей болады. Планетеға түсетін жауын – шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км³ /жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын – шашыннан 47000 км³/ жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын – шашыннан 47000 км³ /жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.

     Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430 – 550 км³ артық алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15см). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18, 5% — жер асты қорының пайдалануы, 7% — көлдердің есебінен алады.

   Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхиты – оның ауданының 81%-ын, солтүстік жарты шардың 61%-ын алып жатыр. Шартты түрде Дүниежүзілік мұхит бір-бірінен оқшауланған, жеке бөліктерден – мұхиттардан тұрады. Алғаш рет Дүниежүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650ж Голландия ғалымы Б.Варениус өткізген. Ол Дүниежүзілік мұхитты 5 бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит,Атлант, Тынық, Үнді және Оңтүстік мұхит.

Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуі тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер,су балансы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесетүсуі мұхиттағы судың азаюымен, кобеюімен - су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.