|
|||
Жоспарлы хирургия» 4 страница* Кіндік жарығы; *+ Іштің ақ сызығының жарығы; * Іштің тік бұлшықеттерінің диастазы; * Алдыңғы құрсақ қабырғасының липомасы; * Алдыңғы құрсақ қабырғасының атеромасы;
!Науқас И., 56 жаста хирургке диспансерлік қаралуға келді. Дәрігер қарап кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Анамнезінен түзілістің пайда болғанына 5 жыл болған, бірақ соңғы кезде үлкейе түскен, ауру сезімі жоқ. Дәрігер іштің ақ сызығының жарығы деген болжам диагноз қойды. Осы жағдайда анағұрлым орынды тактика қандай? *Колоноскопия тағайындау; *Бандаж тағуды ұсыну; *+Жарықты алып тастау операциясына жолдау; *Ультрадыбыстықзерттеу тағайындау; *Гистологиялық зерттеуге биопсия алу
!Науқас 65 жаста алдыға енкейгенде және горизонтальді қалыпта күшейетін төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Тұрғылықты жеріндегі терапевтте стенокардия бойынша бірнеше жыл қаралуда. Ауру сезімі қыжылдаумен, кекірумен және тамақ аралас лоқсумен қоса жүреді. Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым оңтайлы? * Коронарография; * Эхофонокардиография; *Кеуде торының рентгенографиясы; *Жүректің ультрадыбыстық зерттеуі; *+Өңештің рентгенологиялық зерттеуі
!Науқас Н, 43 жаста асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал? *Кардии ахалазиясы; *Диафрагмарелаксациясы; *Жүректің ишемиялық ауруы; *+Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы; *Бел-қабырға кеңістігінің жарығы;
!Науқас С., 30 жаста, түскен кезде ұлғайған бауыр пальпацияланады, тері жамылғыларының сарғыштығы байқалады. УДЗ кезінде гепатоспленомегалия, құрсақ қуысыныда бос сұйықтық анықталады. Науқасқа қандай қосымша инвазивті емес зерттеу әдісін жүргізу қажет? *Эндовидеколоноскопия; *+ Компьютерлі томография; *Эзофагогастродуоденоскопия; * Мезентерикоспленопортография; * Лапароскопия және бауыр биопсиясы;
!НауқасН, 43 жаста асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығына күмән туды. Науқасқа осы жағдайда қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет? * Видеоэзофагогастроскопия; *Кеуде торының компьютерлі томографиясы; *Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі; *+Асқазанның полипозиционды рентгеноскопиясы; *Құрсақ қуысының магнитті-резонансты томографиясы
!Науқас Л., 67 жаста іш кебуге, дефекацияның қиындауына, нәжістен кейін ауру сезімі мен алқызыл қанның болатынына шағымданады. Тік ішекті саусақпен тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылтатын түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс? * Аноскопия; * Колоноскопия; * Ирригоскопия; * Рентгенография; *+ Ректороманоскопия;
!Әйел 58 жаста, тиретоксикалық жемсау себебінен струмэктомия опреациясы жасалды. Операциядан кейінгі 2 тәулікте науқаста келесі симптомдар пайда болды: тахикардия 1 минутта 150 соғуға дейін, аритмия, 390С дейін температура, тахипноэ, бет терісінің гиперемиясы. Науқас мазасыз, қорқыныш сезініп тұр. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға алып келгенанағұрлым ықтимал себепке жатады? *Ауалы эмболия *+Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз *Операциядан кейінгі тетания *Жараның іріңді-қабыну асқынуы * Трахеомаляция
!Әйел 58 жаста, струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін бірден тырысулар дамыды, Хвостек, Труссо симптомдары пайда болды. Қандай асқынуға бұл белгілер тән? *+ Гипотиреоз * Гипопаратиреоз * Тиреотоксикалық криз * Көмей жүйкесінің жарақаты * Тиреотоксикоздың қалдық көріністері
!Ер адам 47 жаста, ұзақ уақыт бойы аяқ веналарының варикозды кеңеюі бойынша ем қабылдаған. Ем нәтижесіз болғандықтан науқасқа операция жасалды – сан мен балтырдағы лампасты тіліктер арқылы тері асты веналарда алып тастау. Науқасқа қандац операция жасалды? * Линтон операциясы *+ Маделунг операциясы * Кокет операциясы * Фелдер операциясы * Бэбкокк операциясы.
!Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы сан-мықын венасының тромбозында қауіпті болып келеді? * Сан флегмонасы * Краш синдромы * Варикозды түйін флебиті * Терең веналар облитерациясы *+ Өкпе артериясының эмболиясы
!Биогеохимиялық аймақта тұратын көптеген тұрғындардың жемсауы қалай аталады? * Спорадикалық жемсау * Аутоиммунды жемсау *+ Эндемиялық жемсау * Хошимотто жемсауы * Түйінді жемсау
!Төмедегі айтылғандардың ішінен қайсысы түйінді жемсауды емдеудің тиімді әдісі болып табылады? * Тиреоидин тағайындау * Түйінді алып тастау биопсиеямен бірге * Энуклеация жасау *+Гемиструмэктомия жасау *Субтотальді струмэктомия жасау
!Науқас С. 56 жаста, ентігуге, әлсіздікке, жүректің жиі қағуына шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанын 1 жыл болды, соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: қол треморы бар, тері ылғалдылығы жоғарлаған, АҚ 140/90, пульс 120 рет 1 мин., беті ісінген, цианоз, мойын веналары улкейген. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал? * Трахеит * Түйінді жемсау * Тиреотоксикоз * Жедел струмит *+ Төс арты жемсау
!Төмендегілердің қайсысы төс артыжемсаудың клиникалық белгісі болып табылады? * Брадикардия *Бет гиперемиясы * Малина тәрізді тіл *+Тыныс алудың қиындауы *Тері жамылғыларының боз болуы
!Төмендегілердің қайсысы субтотальді струмэктомия операциясынан кейінгі анағұрлым жиі асқыну болып табылады? *+ Гипотиреоз * Гипотония * Тиреотоксикалық криз *Қайтпа жүйкенің зақымдануы *Өршімелі экзофтальм
!Төмендегілердің қайсысы тиреотоксикоз көрінісіне жатпайды? *Аяқ-қол треморы *Айқын тахикардия * Греффе мен Мебиус симптомдары *Өршімелі экзофтальм *+Ұлғайған қалқанша без
!Төмендегілердің қайсысы тиреотоксикалық криз көрінісіне жатпайды? *Қозу * Тахикардия *Ес-түсін жоғалту *+ Брадикардия *Гипертермия
!Науқас Я. 69 жаста, 3 жыл бойы түйінді жемсау себебінен диспансерлік есепте тұр. Кезекте қаралу кезінде бездің тез үлкейгені байқалған. Радиоизотопты зерттеу кезінде «суық түйін» анықталған. Науқаста осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай? * Тиреоидиттің дамуы * Безде торсылдақтың дамуы *+ Түйін малигнизациясы * Түйінге қан құйылу * Тыртық тінмен алмасу
!Төмендегілердің қайсысын қалқанша без секрециялайды? * Гастрин * Секретин * Пепсин *+ Тироксин *Саматостатин
!Төмендегілердің қайсысы жемсаудың III сатысын анықтаудың ерекшелігі? *Тек жұтқанда анықталады *Тек пальпация кезінде анықталады *+Көзбен қарағанда анықталады *Компьютерлі томография кезінде анықталады * Ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталады
!Науқас А., 43 жаста, ұйқышылдыққа, күшінің жоғалуына, әлсіздікке, дене салмағының 20 кг-ға дейін өршімелі түрде жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: токсикалық жемсау себебінен струмэктомия. Қарап тексергенде: домбыққан, беті ісінген, терісінің құрғауы мен қатқылдануы байқалады. Қалқанша безі ұлғаймаған. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал? * Қалқанша маңы бездерінің дисфункциясы * Токсикалық жемсау рецидиві * Қалқанша без рагі * Тиреотоксикоз *+ Микседема
!Науқас К., 48 жаста, оң балтырдың тері асты веналарының жедел тромбофлебиті себебінен жатқызылды. 5 тәулік бойы консервативті терапия жасалды. Ем барысында қабыну үрдісі өршіді, оң санында ауру сезімі, тері гиперемиясы, үлкен тері асты венасының бойымен санның төменгі және ортаңғы 1/3 ауру сезімі мен тығызданулар пайда болды. Осы жағдайда қандай ем анағұрлым орынды? * Линтон операциясы * Шұғыл тромбоэмболэктомия *+ Троянов-Тренделенбург операциясы *Антикоагулянтты терапияны жалғастыру *Компресспен эластикалық бинт таңу
!Науқас М., 55 жаста, сол жақ балтыр мен санның веналарының варикозды кеңеюімен жолданған. Анамнезінен: ауру 10 жыл бұрын болған терең веналар флеботромбозынан кейін дамыған. Қарап тексергенде: балтырдың медиальді бетінде өлшемдері 6,0х5,5см трофикалық жара бар. Флебографияда – санның, балтырдың терең веналары реканализацияланған. Осы жағдайда қандай ем анағұрлым орынды? * Троянов-Тренделенбург операциясы *Жарада некрэктомия жасау * Нарат операциясын жасау *Тромбоэмболэктомия жасау *+Линтон операциясын жасау
!Науқас А., 18 жаста, аяқтың беткей веналарының айқын варикозды кеңею бар, соған дәрігер келесі тест жасады: аяққа 3 жгут салды. Жүргеннен кейін жгуттар арасындағы варикозды түйіндердің толуы перфорантты веналар клапандарының тұрақсыздығын көрсетеді. Дәрігер қандай сынама өткізді? * Пратт * Пертес *+ Шейнис * Ловенберг * Тренделенбург
!Қарап тексергенде науқас И. 58 жаста, оң аяқ санының ортаңғы 1/3 аймағында тығыздалған вена бойымен ауру сезімі, ісіну, соның үстіндегі терінің гиперемиясы, тері асты шелмай қабаттың инфильтрациясы анықталды. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал? *+ Беткей веналардың жедел тромбофлебиті * Паркс - Вебер – Рубашов синдромы * Илеофеморальді флеботромбоз * Клиппель – Треноне синдромы *Посттромбофлебиттік синдром
!Науқас К., 67 жаста, оң аяқтағы айқын ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 18 сағат болған. Қарап тексергенде: оң аяқтың ісінуі, айқын ауру сезімі анықталады. Тері боз. Оң жақтан сан артериясының пульсациясы жоқ. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал? * Илеофеморальді тромбоз * Аяқ тамырларының ангиоспазмы *+ Сан артериясының тромбоэмболиясы * Беткей веналардың жедел тромбофлебиті * Құрсақ қолқасының қабатталған аневризмасы
!Емханаға 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым көрсетілген? * Аортография * Доплерография *+ Артериография * Сфигмография * Флебография
!Емханаға 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай? *Сан атеромасы; *Сан липомасы; * Варикоздытүйін; * Сан саркомасы; *+ Аневризма;
!Төмендегілердің қайсысы Лериш синдромына тән емес? * Жыныстық потенцияның төмендеуі *+ Аяқтардың ісінуі мен цианозы * Аяқтардың тез шаршауы * Аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы * Ауыспалы ақсаңдау
!Төмендегілердің қайсысы тізе арты артериясының эмболиясына тән? * Сан артериясында пульсацияның болмауы * Тізе арты артериясында пульсацияның болмауы *+ Табан артерияларында пульсацияның болмауы * Зақымданған жақта табан мен балтыр гиперемиясы * Бүкіл аяқтың ісінуі мен гипертермиясы
!Төмендегілердің қайсысы сан артериясының эмболиясы мен ишемиясының III сатысында емнің таңдау әдісі болып табылады? * Шұғыл эмболэктомия * Тромболиттік терапия * Антикоагулянтты терапия * Симптоматикалық терапия *+ Аяқ ампутациясы
!Науқас Ш. 72 жаста, кең таралған геморрагиялық инсульт себебінен неврология бөлімшесінде жатқан, оң жақтан тізе арты артериясының жедел тромбозы, ишемияның I A сатысы анықталды. Осы науқаста қандай емдік тактика анағұрлым орынды? * Шұғыл тромбэктомия * Тромболиттік терапия * Антикоагулянтты терапия *+ Симптоматикалық терапия *Аяқ ампутациясы
!Төмендегілердің қайсысы сан артериясының эмболиясы нәтижесінде аяқтың жедел ишемиясының II Б дәрежесі кезінде байқалмайды? *+Бұлшықеттік контрактура *Аяқтың сууы * Аяқтағы айқын ауру сезімі * Терідегі мрамор суреті * Аяқ буындарындағы белсенді қозғалыстардың жоғалуы
!Төмендегілердің қайсысы аяқ көктамырларының варикозды кенеюіне алып келмейді? * Қақпақшалар аппаратының туа пайда болған бұзылыстары *Посттромбофлебиттік синдром *Терең веналардың өткізбеушілігі * Жүктіліктің екінші жартысы *+ Күнделікті ұзақ жүру
!Төмендегі симптомдардың қайсысы аяқ көктамырларының варикозды кеңеюіне тән емес? * Түнде аяқ бұлшықеттерінің тартылуы * Аяқтарда кеңейген тері асты веналардың болуы *Тәулік соңында аяқтың дистальді бөліктерінің ісінуі *+Жүрген кезде тақым бұлшықеттерінде қатты ауру сезімі *Балтырдың төменгі үштен бірінде терінің трофикалық бұзылыстары
!Төмендегі көрсетілген симптомдардың қайсысы Лериш синдромына тән емес? *Аяқтардың сууы *Импотенцияның дамуы *Аяқ терісінің боз болуы *+Аяқтардың гиперемиясы және ісінуі *Отырғанда бөксе бұлшықеттерінде ауру сезімі
!Төмендегілердің қайсысы жүрген кездегі «ауыспалы ақсақтық» түсінігіне сәйкес келеді *Аяқ басы саусақтарының ұюы * Сан бұлшықеттерінде ауру сезімі *+ Тақым бұлшықетінде ауру сезімі * Тізе және жамбас-сан буындарында ауру сезімі * Аяқтың артқы беті бұлшықеттерінде ауру сезімі
!Төмендегілердің қайсысы эндемиялық жемсау дамуының негізгі себебі болып табылады? *Бастанкешкен стресс *Бастан кешкен вирусты инфекция *+ Биосферада йод жетіспеушілігі *Тағамда витамин деңгейінің төмендеуі *Атмосферада қорғасын деңгейінің жоғары болуы
!Төмендегілердің қайсысы науқаста тотальді струмэктомия операциясынан кейін дамуы мүмкін? * Гипертиреоз *+ Микседема * Тетания *Афония * Птоз
!Төмендегілердің қайсысы базедов ауруына тән симптом болып табылады? *Айқынптоз *Төмендеген тәбет *+Экзофтальмның болуы *Беттің айқын ісінуі * Өршімелі брадикардия
!Төмендегілердің қайсысы гипертиреозға тән симптом болып табылады? *Тәбеттің болмауы * Жоғары ұйқышылдық * Гипотонияға бейімділік *Дене температурасының төмендеуі *+Қол саусақтарының айқын треморы
!43 жасар В. науқасқа тиянақты операция алды дайындықтан кейін түйінді жемсау, тиреотоксикоз себебінен операция тағайындалған. Осы операцияны жасау кезінде қандай асқынудың дамуы анағұрлым ықтимал? *+ Қайтпа жүйкенің парезі * Тиретоксикалық криз * Гиперкальцемия * Брадикардия *Гипертиреоз
!Төмендегілердің қайсысы қалқанша без қызметін анықтау үшін қолданылады? *Қалқанша бездің ультрадыбыстық зерттеуі; *Қалқанша бездің компьютерлі томографиясы; *Қандағы жалпы белок мөлшерін анықтау; *Қандағы кальций деңгейін анықтау; *+Қалқанша бездің радиоизотопты зерттеуі;
!Қандай инструментальді зерттеу барысында ағзалардың серозды қабаты көрінеді? * бронхоскопия * гастроскопия * ректоскопия *+ лапароскопия *медиастиноскопия
!Науқас эпигастральді аймағындағы ауру сезімі , құсу, жүрек айну белгісі бойынша жатқызылды. 6 ай ішінде 15 кг арықтаған. Асқазан рентгенографиясында оның алға қарай ығысқаны анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз? *+ Ұйқы безінің қатерлі ісігі; * Асқазан ойық жарасы; * Тоқ ішек қатерлі ісігі; *Привратник тарылуы; *Асқазан рагі;
!Ұйқы безі кистасының сырттай дренаждалуына көрсеткіш: *Кисттаның механикалық сарғаюмен асқынуы; *Жалған кистаның малигнизациясына күманданғанда; *+Кистаның іріңденуінде; *Киста қуысының қанауында; *Айқын ауру сезімі синдромында;
!Тік ішектің алыстағы метастазын білу үшін қандай зерттеу әдісі қолданады: * Лабораторлы зерттеу *Ішек саусақпен тексеру; *+ Лапароскопия; * Ректороманоскопия; * Ирригоскопия;
!66 жастағы науқасты 5 жылдан бері бері сол аяғының ауыратыны, аялдамай 50 м жүре алады. Сол табаны мен сирағында тері жабындылары бозғылт, салқын, белсенді қозғалтады. Тамыр соғысы сан артериясы шап тұсында айқын, тізе арты мен тобықта байқалмайды. Ангиографияда сан артериясының ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін көрінеді. Контурлары тегіс емес, иректелген. Тізе арты артериясы коллатералдармен тығыз толтырылған. Осы жағдайдағы болжам диагноз? * Рейно ауруы; * Лериш синдром; *Сол сан артериясының эмболиясы; *Сол сан артериясының тромбозы; *+Сол сан артериясының атеросклерозды окклюзиясы;
!Струмэктомияның жиі асқынуы болып табылады: * Тетания; * Гипотиреоз; *Тиреотоксикоза рецидиві; *+Қайтпа нервтің зақымдануы; *Экзофтальм үдеуі;
!Аорта аневризмасының хирургиялық еміндегі ең тиімді әдіс түрі: * Гомотрансплантация (аллотрансплантация); * Гетеротрансплантация (ксенотрансплантация); * Аутовенозды трансплантант; *Кесіп соңын соңына анастомоздау; *+Зақымданған бөлікті синтетикалық протезбен ауыстыру;
!Атеросклерозды аневризманың жиі орналасатын орны: *+Құрсақ қуысының дистальдібөлігі; *Тізе арты артериясы; *Сан артериясы; * артериясы *Шынтақ артериясы;
!Тоқ ішек дивертикулезіне тән емес: *Қан кету; *Ішек псевдообструкциясы; * Дивертикулит; * Перитонит; *+Ішек бұралуы;
!83 жастағы науқаста сан, тізе асты, башпай артерияларының атеросклерозды окклюзиясысозылмалы ишемияның IV сатысы, аяқ басы гангренасы дұрыс таңдалған емдік әдіс болып табылады: * Тек қана консервативті ем; *Бел симпатэктомия; * Реконструктивті қан тамыр операциясы; *+Аяқтың біріншілік ампутациясы; *Үлкен шарбы майды мираққа трансплантациялау;
!58 жастағы науқасқа эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жасалған, холедохтан тастар шығарылған. Екінші тәулікте қара нәжіс, терісінің бозғылттануы, қан қысымының төмендеуі байқалады.Қандай асқынк жайында ойлауға болады? *Жедел панкреатит; * 12-елі ішек перфорациясы; *Іріңдіхолангит; *+Қан кету; *Жедел холецистит;
!Механикалық cарғаю бар науқаста ретроградты холангиопанкреатография кезінде холедох стенозы анықталды. Осы жағдайда қандай операция жасауға болады? * Трансдуоденальді папиллосфинктеропластика; *+ Супрадуоденальді холедоходуоденостомия; * Эндоскопиялық папиллосфинктеростомия; * Гепатикоеюностомия; * Гепатикогастростомия;
!Екі жыл бұрын калькулезді холецистит бойнша холецистэктомию жасалған. 6 айдан соң оң қабырға астында ауру сезімі мен қара нәжіс пайда бола бастады. Түскен кезде билирубин 120 мкмоль/л. Осы жағдайда төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі ең ұтымды болып табылады; *Көк тамыр ішілік холеграфия *+ Ретроградтыя холангиопанкреатография; *Тері бауыр арқылы холеграфия;
!Созылмалы панкреатитке тән асқыну болып табылады: * Холедохолитиаз; *+Ұйқы безінің кистасы мен жыланкөзі; * Спленомегалия; *Асқазаннан қан кету; * Панкренекроз;
!70 жастағы науқаста операция барысында асқазан денесінің артқы қабырғасына жабысқан жабысқақты, едәуір ұйқы безінің кистасы табылды. Осы жағдайда қандай операция түрі көрсетіледі? * Кистаны ашу; *+ Цисто-гастроанастомоз; * Цистодуоденоанастомоз; * Цистоэнтероанастомоз; * Асқазанды кистамен бірге резекциялау;
!Келтірілген жарықтардың қайсысы сирек кездесетін жарыққа жатпайды? * Бұтаралық жарық; *+ Сан жарығы; * Спигелев жарығы; * Трейтц жарығы; *Мықын жарығы;
!Қандай клиникалық симптом Курвуазьесиндром мен сәйкестеніп қосарланады? *+Өт қабының ауру сезімсіз ұлғаюы сарғаюмен қосарлану; *Бауырдың ұлғаюы, асцит, іштің алдынғы қабырғасы көк тамырларының кеңеюі; *Сарғаю, пальпациялағанда ауыратын өт қабы; *Іш қуысында пальпациядан пайда болған түзіліс; *Айқын сарғаю, Ұлғайған кедір бұдыр бауыр, спленомегалия;
Көрсетілген белгілердің қайсысы привратниктің декомпенсацияланған стеноз ына жатпайды: * Кешке желінген тағам мен құсу;
|
|||
|