Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жоспарлы хирургия» 2 страница



*Холедохқа стент қою

*Холедоходуоденоанастомоз салу

*+Гепатикоеюностомия жасау

 

!Үлкен дуоденальді емізік (ҮДЕ) стенозы кезінде қандай операция анағұрлым орынды?

* Холедохқа сыртықы дренаж қою

* Лапаротомия, трансдуоденальді папиллотомия

*Холедоходуоденоанастомоз салу

*+ Эндоскопиялық ретроградты папиллотомия

*Гепатикоеюностомия салу

 

!Төмендегілердің қайсысы 12 елі ішекке өттің ағуына кедергі туғызатын анағұрлым ықтимал себеп болады?

*+ 12 елі ішектің пенетрациялаушы ойық жарасы

* Холедохтың тыртықты стрикутурасы

* Үлкен дуоденальді емізік стенозы

* Холецистохоледохолитиаз

* Ұйқы безі басының рагі

 

!Науқас А. 59 жаста, тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, кышыну дамыған. Ауру сезімі жоқ. Анамнезінде: 6 жыл бұрын холецистэктомия операциясы болған. Соңғы үш айда 7 кг-ға азып кеткен. Науқаста жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Асқазан рагі

* Пилородуоденальді стеноз

* Холедохтың тыртықты стриктурасы

*+ Ұйқы безі басының рагі

*Созылмалы гепатиттің белсенденуі

 

!Науқас Б. 49 жаста, 7 жыл бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін эпигастрий аймағында ауру сезімі, іш кебу, сұйық нәжіс, саливацияның жоғарлауы мазалап тұратын болды. Осы уақыт ішінде 12 кг-ға азып кеткен. Науқаста осы айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Асқазан рагі

* Созылмалы гастрит

* Созылмалы гепатит

*+ Созылмалы панкреатит

*Асқазанның ойық жара ауруы

 

!Науқас С. 54 жаста, хирургқа тері жамылғысының сарғайғанына, әлсіздікке, шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Науқасқа РХПГ жасалды. 3 сағаттан кейін эпигастрий мен оң қабырға астында бел аймағына берілетін ауру сезімі, жоғары температура, іштің кебуі пайда болды. Осы жағдайда жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Созылмалы гепатиттің қозуы

* Іріңді холангиттің дамуы

* Жедел пиелонефрит оң жақтан

*+ Жарақаттан кейінгі панкреатит

*12 елі ішектің тесілген ойық жарасы

 

!Науқас С. 54 жаста, ЭРХПГ жасалғаннан 3 сағаттан кейін белдемелі ауру сезімі, 37,9 дейінгі жоғары температура, қалтырау, құсу пайда болды. Қарап тексергенде іштің бүйір беттерінде цианозды дақтар, оң Мейо-Робсон симптомы. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?

* Ішке суық басу және бақылау;

* Ыстыққа қарсы дәрілер тағайындау;

* Асқазанға зонд қою және антибиотиктер тағайындау;

*+ Жедел панкреатиті бар науқас ретінде жүргізу;

*УДЗ жасау және спазмолитиктер енгізу

 

!Операциядан кейінгі холецистоэктомиялық синдромның даму себебі қандай?

* Түбінен жасалған холецистэктомия

* Жалпы өт өзегінің тар болуы

* Өт өзегінің аномалиясы

*+ Жалпы өт өзегіндегі резидуальді тасы

*Холецистэктомия кезіде өт өзегін тігіп тастау

 

!Ретроградты эндоскопиялық папиллосфинктеротомияға көрсеткіш болып табылады?

* Көптеген холедохолитиаз

*Рецидивті іріңді холангит

* Өт өзегіне енген тас

*+ Холедохтың төменгі бөлігінің стенозы

*Холедохтың төменгі бөлігінің созылған стриктурасы

 

!Гемобилия- бауыр жарақатының ауыр түрі. Төмендегілердің қайсысы оған сәйкес келеді?

* Бауырдың кавернозды гемангиомасының ыдырауы

* Бауырда прокоагулянттардың өндірілуінің төмендеуі

* Асқазан мен 12 елі ішектің жедел ойық жарасы

*+ Өт жолы арқылы асқазан ішек жолына қан кету

*Қақпа венасының тромбозы әсерінен варикозды веналардан қан кету

 

!Өт тас ауруының операциясы барысында холедох 1,3 см кеңейген. Осы жағдайда қандай диагностикалық әдіс ең тиімді?

* Вена ішілік холангиография

* Зонд көмегімен өзекті шолу

*+ Операция үстілік холангиография

* Операция үстілік ультрасонография

* Ретроградты холангиопанкреатография

 

!Ретроградты холангиопанкреатография жасау барысында жалпы өт өзегінің торсылдағы анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға сәйкес?

*+ Туа пайда болған киста

* Жүре пайда болған киста

* Жарақаттан кейінгі киста

* Ретенционды киста

* Дермоидты киста

 

!Курвуазье синдромы қай ауруға тән?

* Жедел холецистит

* Бауыр гемангиомасы

* Созылмалы панкреатит

* Ұйқы безінің кистасы

*+ Ұйқы безі басының ісігі

 

!Холедохолитиаз нәтижесінде болған механикалық сарғаюға төменде келтірілгендердің қайсысы тән?

*+ Тік билирубиннің жоғарылауы

* Тік емес билирубиннің жоғарылауы

* Қандағы қанттың жоғарылауы

* Зәрдегі диастазаның жоғарылауы

* Мочевинаның жоғарылауы

 

!Науқас А., 48 жаста бауырдың оң бөлігінің эхинококкты торсылдағы себебінен операцияға алынды. Операция жасау барысында торсылдақ 5 сегментте төменгі шеті бойынша орналасқан, өлшемдері 3,5х4,0 см екені анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай түрі көрсетілген?

* Аралас эхинококкэктомия

*+ Идеальді эхинококкэктомия

* Кеңейтілген эхинококкэктомия

* Ашық эхинококкэктомия

* Жабық эхинококкэктомия

 

!Төменде келтірілген диагностикалық әдістердің қайсысы холедохолитиазда ең тиімді?

*+ Ретроградты холангиопанкреатография

* Вена ішілік экскреторлы холеграфия

* Компьютерлі томография

* Ультрадыбысты зерттеу

* Бауырды сканерлеу

 

!Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?

* Жоғарғы шажырқай венасының

* Көкбауыр венасының

* Кіндік венасының

*+ Бауыр венасының

*Қақпа венасының

 

1Бауыр қақпасына қандай артерия кіреді?

* Көкбауырлық

* Асқазан сол жақ

* Төменгі шажырқай

* Жоғарғы шажырқай

*+ Бауырдың өзіндік артериясы

 

!Бауыр қақпасына қандай вена кіреді?

* Асқазанның тәждік венасы

* Жоғарғы шажырқай

* Төменгі шажырқай

* Көкбауырлық

*+ Қақпа венасы

 

!Қандай байлам бауырдан кіндікке барады?

* Орақ тәрізді байлам

*+ Бауырдың жұмыр байламы

* Гепатодуоденальді байлам

* Асқазан тоқ ішек байламы

* Бауыр-бүйрек байламы

 

!Төменде көрсетілгендердің қайсысы ұйқы безінің ферменті болып табылады?

*+ Трипсин

* Пепсин

* Каталаза

* Альдолаза

* Энтерокиназа

 

!Бауыр эхинококкозды кистасы кезінде төменде келтірілгендердің қайсысы марсупилизация жасауға көрсеткіш болып табылады?

*+ Кистаның іріңдеуі

* Көп камералы киста

* Кистаның көлемді болуы

* Кистаның курделі орналасуы

* Киста өт өзегімен байланысуы

 

!48 жастағы ер кісіде тексеру барысында өңештің көк тамырларының варикозды III-сатыдағы кеңеюі анықталды. Анамнезінде сепсиспен ауырған. Қарап тексергенде: асцит, кіндік маңындағы көк тамырлар кеңеюі, телеангиоэктозиялар, дененің бүйір беттерінде және аяқтарда ісіну анықталды. Төмендегілердің қайсысы науқаста портальді гипертензияның дамуына алып келген?

*+ Көкбауыр венасының тромбозы;

* Шарбымай қалтасында жабысқақ тық үрдіс;

*Созылмалы рецидивті панкреатит;

* Созылмалы аутоимунды гепатит;

* Бауыр-бүйрек жетіспеушілігі;

 

 

!Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және аллергиялық бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

* Асқазанның ойық жарасының тесілуі

* Жедел паразитарлы гепатит

* Кистаның іріңдеуі

*+ Киста жарылуы

*Пирогенді реакция

 

!Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға хирургиялық емнің радикальді түрі қандай?

* Спленэктомия

*+ Бауыр трансплантациясы

* Порто-кавальді анастомоз жасау

* Лимфавенозды анастомоз жасау

* Бауыр электрокоагуляциясы экстраперитонизациямен

 

!Науқас М. 47 жаста, дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

* Асқазан рагі

* Бауыр циррозы

* Ойық жара ауруы

* Ұйқы безі рагі

* Созылмалы панкреатит

 

!Дәрігер науқасты қарап тексергенде бауыр циррозына күмәнданды. Төмендегілердің қайсысы бауыр циррозының диагностикасын жүргізгенде бірінші кезектегі зерттеу әдісі болып табылады?

* Лапароскопия биопсиямен бірге

* Компьютерлі томография

*+ Ультрадыбыстық зерттеу

* Эндоскопиялық зерттеу

* Ядролық-магнитті томография

 

!Науқас Ш. 65 жаста, қарап тексергенде дәрігер көздің шырышты қабаты мен терісінің сарғыштығын, іш көлемінің ұлғаюын, бауырының қабырға доғасынан 4 см шығып тұрғанын, іштің бүйір беттерінде тері асты веналарының кеңйгенін анықтады. Осы жағдай төмендегілердің қайсысына сәйкес келеді?

* Созылмалы гепатит

* Бауыр эхинококкозы

* Геморрагиялық синдром

* Төменгі қуыс вена синдромы

*+ Портальді гипертензия синдромы

 

!Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензия түрі емес?

*+ Бүйректік

* Аралас

* Бауыр үсті

* Бауыр асты

* Бауыр ішілік

 

!Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензияның бауырдан тыс формасының себебі болады?

* Көкбауыр артериясының тромбозы

* Бауыр артериясының тромбозы

*+ Қақпа венасының тромбозы

* Бүйректік вена тромбозы

* Бүйректік артерия тромбозы

 

!Төмендегілердің қайсысы бауыр ішілік портальді гипертензия себебі болады?

*+ Бауыр циррозы

* Токсикалық гепатит

* Қақпа венасының тромбозы

* Бүйректік веналар тромбозы

* Көкбауыр веналар тромбозы

 

!Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензияның клиникалық белгісі емес?

*Шемен

*+ Лимфадема

* «Медуза басы»

* Гепатомегалия

* Спленомегалия

 

!Төмендегілердің қайсысы бауыр циррозы мен портальді гипертензиясы бар науқастарда гиперспленизмнің клиникалық белгісі емес?

* Анемия

*+ Лейкоцитоз

* Спленомегалия

* Лейкопения

* Тромбоцитопения

 

!Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензия диагностикасында тиімді емес?

* Спленопортография

*+ Холангиопанкреатография

* Компьютерлі томография

* Ультрадыбыстық зерттеу

* Магнитті-резонансты томография

 

!Науқас У. 30 жаста дәрігер қарпа тексергенде шеменді, іштің бүйір беттеріндегі және аяқтарындағы веналардың кеңеюін анықтады. Температураның жоғарлауы, буындардағы ауру сезімі болып тұратынын, салмақ тастағанын айтады. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға анағұрлым сәйкес келеді?

* Бауыр циррозы;

* Гоше ауруы;

* Верльгоф ауруы;

*+ Бадд-Киари синдромы;

*Рондю-Ослер ауруы

 

!Науқас У. 43 жаста, симптомдар үштігі мазалайды: төс артындағы күйдіретін ауру сезімі, ұзақ уакыт бойы қыжылдау, кекіру. Науқаста анағұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

* Кардиоспазм

*+ Рефлюкс-эзофагит

* Эпифренальді дивертикул

* Өңештің тыртықты стриктурасы

* Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

 

!Науқас іштің сол бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, 39 С0 дейінгі жоғары температураға, көп мөлшерде қан, ірің, шырыш аралас сұйық нәжіске, айқын интоксикацияға шағымданып түсті. Науқасқа болжам диагноз қойылған: бейспецификалық жаралы колит. Науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау анағұрлым орынды?

* Колоноскопия

*+ Ирригоскопия

* Ректороманоскопия

* Аноскопия

* Лапароскопия

 

!Ирригоскопия кезінде науқаста тоқ ішек-жіңішке ішек жыланкөзі бар екені анықталды. Бұл жыланкөз анағұрлым жиі қай ауру кезінде түзіледі?

* Полипоз

*+ Крон ауруы

* Гиршпрунг ауруы

* Тоқ ішек рагі

* Бейспецификалық жаралы колит

 

!Науқас К., 42 жаста, 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Шатаралық теріасты абсцесс

*+ Шонданай-тік ішектік абсцесс

* Жамбас-тік ішектік абсцесс

* Ретроанальді абсцесс

*Шырышасты абсцесс

 

!Науқас Д. 56 жаста, ауруханаға нәжіспен бірге қою-қызыл түсті қанның бөлінуіне шағымданып түсті. Қан анализдерінде: гемоглобин – 92 г/л, Эритроциттер - 3,5х1012, гемотокрит – 31%. Қан кетудің анағұрлым ықтимал көзі не?

* Өнеш

* Асқазан

* Жіңішке ішек

*+ Тоқ ішек

*12 елі ішек

 

!Тік ішекті саусақпен тексергенде сағат 11 тұсында артқы тесіктен 3 см қашықтықта өлшемдері 1,5х2см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, тигенде ауру сезімді түзіліс анықталады, аздап ішек қуысына шыққан. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

*Шырыш асты парапроктит

*Негізі кең полип

*+ Геморрой түйіні

*Бүртікті ісік

* тік ішек рагі

 

!Науқастын іш қатуға шағымдануына байланысты колоноскопия жоспарланған. Ішекті қай әдіспен осы зерттеу әдісіне дайындау анағұрлым дұрыс?

* 1 апта бойы шлаксыз диета тағайындау

*3 рет тазалағыш клизма жасау

*+Кесте бойынша фортранс тағайындау

* Белсендірілген көмір тағайындау

* Гипертониялық клизма жасау

 

!Науқас дефекация кезінде күшейетін артқы тесік аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына шағымданады. Қарап тексергенде перианальді аймақта қатты ауру сезімді инфильтрат, тері гиперемиясы анықталады. Инфильтрация қырлы сызыққа дейін таралған. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

*+Тер асты парапроктит

*Шырыш асты парапроктит

* Ретроректальді парапроктит

*Жамбас-тік ішекті парапроктит

*Шонданай-тік ішекті парапроктит

 

!Науқас В. 32 жаста, тәулігіне 20 ретке дейін қан аралас сұйық нәжіске, іштегі толғақ тәріңзді ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына, сондай-ақ жалпы жағдайының нашарлауына, дене салмағының азаюына шағымданады. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

* Гастроэнтерит

*Жуан ішек рагі

*Жуан ішек дискинезиясы

*+ Бейспецификалық жаралы колит

*Созылмалы спастикалық колит

 

!Науқас Л. 67 жаста, іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданады. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте?

* Аноскопия

* Колоноскопия

* Ирригоскопия

* Рентгенография

*+ Ректороманоскопия

 

!Науқас М. 32 жаста, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, қыжылдауға шағымданып дәрігерге келді. Ауырғанына 3 ай болды. Тамақ ішкеннен кейін ауру сезімі біршама басылады. Дәрігер эндоскопиялық зерттеу жүргізіп, 12 елі ішектің буылтығында өлшемдері 0,5х0,7 см ойық жара анықтады. Осы жағдайда анағұрлым орынды емдік тактика қандай?

*Динамикада бақылау

* Санаторлы-курортты ем

*+Ойық жараға қарсы ем

*Сәйкес емдәмді ұстану

* Оперативті ем

 

!Науқас іштің кебуіне, дефекация кезінде ауру сезіміне, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданады. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 5 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Геморрой

* Тік ішек полипі

*+Тік ішек рагі

* Артқы тесік сызаты

* Параректальді жыланкөз

 

!Науқас 56 жаста, тамақ ішкеннен кейін ауырлық сезімі мазалайды, жеген тамақпен құсы болып тұрады, дене салмағын жоғалтқан. Анамнезінен 3 жыл бұрын эндоскопиялық зерттеу кезінде 12 елі ішектің ойық жарасы анықталған. Науқаста қандай асқынудың дамығану анағұрлым ықтимал?

* Тесілген ойық жара

* Ойық жара пенетрациясы

* Малигнизация

*+Қалтқы стенозы

*Пилороспазм

 

!Диагностикалық лапароскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінің аймағында ішек қабырғасында өлшемдері 2х3см болатын қапшық тәрізді түзіліс анықталды, сырт көзге өзгеріссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Полип

* Ішек ісігі

*+Ішек дивертикулы

*Бөгде зат

* Долихосигма

 

!Науқас 67 жаста, асқазандағы ауру сезіміне, тамақ ішкеннен күйдіру сезіміне, тамақтан кейін болып тұратын құсуына шағымданып дәрігерге келді. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның пилороантральді бөлімінде диаметрі 5,0 см мүшенің қуысына қарай шығып тұрған түзіліс анықталады. Науқасат анағұрлым ықтимал дерт қандай?

* Асқазан ойық жарасы

* Асқазан рагі

* Менетрие ауруы

*Асқазан полипі

*+ Лейомиома

 

!Эндоскопиялық зерттеу кезінде жуан ішектің дивертикулдары анықталды. Тоқ ішектің қай бөлімінде анағұрлым жиі орналасады?

* Соқыр ішек

*+ Сигма тәрізді ішек

* Көлденең тоқ ішек

* Тоқ ішектің төмендеген бөлігі

* Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігі

 

!Науқас М. 76 жаста, әлсіздікке, бас айналуға,оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданады. Анамнезінен ауырғанына 1 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

* Аппендикулярлы инфильтрат

* Меккелев дивертикулының қабынуы

* Тоқ ішектің бұралуы

* Ішек инвагинациясы

*+Соқыр ішек рагі

 

!Колоноскопия кезінде макроскопиялық түрі «жүзім шоғы» всияқты полиптер анықталды. Олар полиптің қай түріне жатады?

* Гиперпластикалық полиптер

*+ Ювенильді полиптер

* Аденоматозтер полиптер

*Бүртікті ісік

* Диффузды полипоз

 

!Науқас әлсіздікке, бас айналуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен дене салмағының 7 кг-ға азайғанын байқаған. Қан анализдерінде: Нb-78 г/л, эритроциттер – 2,7х1012. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалуы тиіс?

* Асқазан мен өңеш рентгеноскопиясы;

* Қанның биохимиялық талдауы;

*+ Эзофагогастродуоденоскопия;

* Асқазан сөлінің талдауы;

* Құрсақ уысының УДЗ;

 

!Ирригоскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінде анальді сфинктерден 32 см қашықтықта тарылған бөлік және одан жоғары орналасқан бөліктердің кеңеюі анықталды. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау қажет?

* Ректороманоскопия

*+ Колоноскопия

* Ультрадыбыстық зерттеу

* Компьютерлі томография

* Диагностикалық лапароскопия

 

!Қандай ауруға мына клиникалық көрініс тән: шатаралықтағы керетін ауру сезімі, дене температурасының 380С дейін жоғарлауы, қалтырау, шөлдеу, әлсіздік әсерінен жалпы жағдайының нашарлауы?

*Жедел анальдісызат

*Жедел ректит

*Жедел геморрой

*+Жедел парапроктит

*Проктосигмоидит

 

!Науқас Л., дефекация кезінде анус аймағындағы қатты ауру сезімі, алқызыл қанның бөлінуі, үлкен дәретке шығуға қорқыныш сезімі мазалайтынын айтады. Қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

*+ Анальді тесіктің сызаты

* Тік ішек полипі

*Тік ішек рагі

* Сфинктерит

* Геморрой

 

!Науқас Н. 55 жаста, пилородуоденальді стенозбен (субкомпенсация сатысында) он екі елі шіектің ойық жара ауруы клиникасы бар. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

* Гастродуоденоанастомоз

*Артқы гастроеюноанастомоз

* Проксимальді ваготомия

*Бағаналы ваготомия

*+Асқазан резекциясы

 

!Науқас Д., 62 жаста, асқазанның кардиальді бөлімінің созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

* Гастрэктомия

* Асқазанның субтотальді резекциясы

* Асқазанды өшіруге бағытталған резекция

 Үнемді асқазан резекциясы

*+ Проксимальді асқазан резекциясы

 

!Қай жерде орналасқан ойық жаралар ұйқы безінің басына анағұрлым жиі пенетрацияланады?

* 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасы

*+ 12 елі ішек буылтығының артқы қабырғасы

* Асқазанның кардиальді бөлімі

* Асқазанның үлкен иіні

* Асқазанның денесі

 

!Тік ішектің аноректальді бөлімінде, анустан 5-6 см жоғары емес орналасқан операция жасауға келетін рак кезінде қандай операция көрсетілген?

* Сигманы төмен тартып тік ішекті құрсақ-анальді резекциялау

* Құрсақішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы

*+ Тік ішектің құрсақ-шатаралық экстирпациясы

* Гартман операциясы (сигмостома шығару)

*Бір ауызды колостома салу

 

!Оңеш арқылы тағамның қиын өтуі рактан басқа кардиоспазм, тыртықты тарылу, эзофагиттің ауыр түрлерінде байқалады. Рак себебінен болған дисфагия ерекшелігі неде?

*+ Дисфагияның бұлжымай өршуі

* Парадоксальді дисфагия

* Нәтижелі қабынуға қарсы терапия

* Жүйкелік абыржу кезінде дисфагия



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.