Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жоспарлы хирургия» 1 страница



«Жоспарлы хирургия»

 

!Науқас Н. 48 жаста, жоспарлы қаралу кезінде УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,7 см дейін бос жүрген 4 тастар анықталды. Өт қабы кедергісіз жиырылады. Науқасты еш нәрсе мазаламайды. Науқасқа осы жағдайда қандай ем түрі көрсетілген?

*Тастарды еріту

* Холецистостомия

* Санаторлы-курорттыем

* Дәстүрлі холецистэктомия

*+ Лапароскопиялық холецистэктомия

 

!Науқас Н., 36 жаста, анамнезінде 4 жыл бұрын бауырдың эхинококкты торсылдағы себебінен операция болған. Құрсақ қуысының эхинококкозымен түсті. Операция кезінде торсылдақтар ішек ілмектері арасында орналасқан, оларға әлсіз жабысқан, өлшемдері 8х8см және 7х5см. Аурудың осылай таралу себебі неде?

* Торсылдақтың қалдық қуысы өнделмеген

*+Операция кезінде диссеминация

* Торсылдақтың қалдық қуысын қалдыру

* Құрсақ қуысын ұзақ уақыт бойы дренаждау

* Бауырдың толық алынбаған торсылдағы

 

!Науқас С. 58 жаста, құрсақ қуысының УДЗ-де бауырдың 5-сегментінде анық капсуласы бар гипонегативті түзіліс анықталды. Осы жағдайда қандай анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

* Бауыр рагі

* Бауыр гемангиомасы

* Бауырдағы метастаздар

*+ Бауырдың эхинококкты торсылдағы

*Бауырдың орталық гематомасы

 

!Науқас А. 33 жаста, операция кезінде 6-7 сегментерде өлшемдері 3х4, 3х3, 4х5см жақын орналасқан көптеген эхинококкты торсылдақтар анықталды. Науқасақа қандай анағұрлыс тиімді операция көрсетілген?

* Торсылдақтардың ашық эхинококкэктомиясы

* Торсылдақтардың кенейтілген эхинококкэктомиясы

*+ Оң бөліктің сегменттерін резекциялау

* Бауырдың оң бөлігінің резекциясы

* Жартылай ашық эхинококкэктомия

 

!Науқас 46 жаста, асқазанның кардиальді бөлігінің сызатынан қан кету себебінен болған операция кезінде бауырдың тығыздалуы және оның бүкіл бетінде диаметрі әртүрлі түйіндер, спленомегалия анықталды. Асқазан веналары кеңейген. Науқаста қандай патология анағұрлым ықтимал?

* Бауыр рагі

* Созылмалы гепатит

* Бауыр эхинококкозы

*Бауыр гемангиомасы

*+Бауыр циррозы

 

!Науқас Ш. 46 жаста, оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімі, тері жамылғысының кышуы, әлсіздік, тәбетінің болмауы мазалайды. Анамнезінде 1 ай бойын сарғаю. Жалпы билирубин 108 ммоль/л, тік – 89 ммоль/л. Дене салмағын жоғалтқан. Ұлғайған өт қабы пальпацияланады. Науқаста қандай дерт анағұрлым ықтимал?

* Бауыр рагі

* Бауыр циррозы

* Калькулезді холецистит

* Склероздаушы холангит

*+ Ұйқы безі басының ісігі

 

!Операция кезінде науқаста ұйқы безі басы аймағында тығыздалу бар, бауыр қақпалары тұсында тығыз түзілістер пальпацияланады. Өт қабы ұлғайған, кернелген. Анализдерінде – билирубин 168 ммоль/л. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Өт қабы шемені

* Ұйқы безі торсылдағы

*+ Ұйқы безі рагі

* Бауырдың паразитарлы торсылдағы

* Созылмалы индуративті панкреатит

 

!У науқас Н., 45 жаста эпигастрий аймағындағы белдемелі ауру сезімі, ағыл-тегіл саливация, іштің кебуі, сұйық нәжіс мазалап тұрады. Ауырғанына 2 жыл бодды. Анамнезінде салмақ тастаған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Гипертрофиялық гастрит

*+ Созылмалы панкреатит

*Өт-тас ауруы

*Асқазанның ойық жара ауры

*Тітіркенген ішек синдромы

 

!Науқас Т. 39 жаста, он қабырға астындағы ауру сезімі, интермиттісарғаю, қалтырау мазалайды. Ретроградты холангиопанкреатографияда көптеген бауыр ішілік және тыс өзектердің кеңеюі байқалады. Науқаста осы жағдайдың анағұрлым себебі неде?

* Холестатикалық гепатит

*+ Іріңді холангит

* Бауыр абсцесстері

* Бауыр циррозы

* Пилефлебит

 

!Өт қабының қай бөлігінде Гартман қалтасы орналасқан?

*Өт қабы түбі

*Өт қабы денесі

*+Өт қабы мойны

* Өт қабы орнында

* Өт қабы өзегінің аймағында

 

!Эхинококк торсылдақ себебінен бауырдың торсылдақпен бірге шеттік резекциясы орындалды. Науқасқа қандай операция түрі жасалды?

* Типті эхинококкэктомия

*+ Мінсіз эхинококкэктомия

* Кеңейтілген эхинококкэктомия

* Ашық эхинококкэктомия

* Жабық эхинококкэктомия

 

!Науқас А. 42 жаста, құсуға, жиі сұйық нәжіске, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына бір жыл, жағдайының нашарлағанына 5 күн болған. Анамнезінде: диета сақтамаған, алкогольді шектен тыс пайдаланаған. Қарап тексергенде ұлғайған бауыр мен көкбауыр. Төмендегі диагноздардың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

*+ Бауыр циррозы

* Токсикалық гепатит

* Созылмалы панкреатит

* Жедел гастроэнтерит

* Холедохолитиаз

 

!Науқас М. 35 жаста, созылмалы калькулезді холецистит себебінен болған лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін 3-тәулікте сарғаю дамыған, өршу тенденциясы бар. Дамыған асқынудың себебі ретінде төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

* Орнынан өт ағу

* Одди сфинктерінің спазмы

* Операциядан кейінгі панкреатит

*+ Жалпы өт өзегін клипсалау

*Жалпы өт өзегінің операциядан кейінгі стриктурасы

 

!Науқас, 50 жаста, Жедел калькулезді холецистит клиникасымен түсті. Консервативті терапиядан кейін ауру сезімі басылған. Қант диабетімен ауырады. Анамнезінде 3 жыл бұрын миокард инфаркты болған. Осы науқасқа қандай емдеу әдісі анағұрлым орынды?

* Жедел операция

* Санаторлы-курортты ем

*+ Жоспарлы хирургиялық ем

* Ұзартылған операция

* Шұғыл операция

 

!Өт-тас ауру себебінен болған операция кезінде жасалған холангиограммада холедох 1,3 см дейін кеңейген, фатеров емізігінің стриктурасы 0,5-0,6 см. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

* Холедоходуоденостомоз

* Холедохоеюностомоз

*+ Папиллосфинктеротомия

* Өт жолдарын қос дренаждау

* Холедохты сыртқа дренаждау

 

!Интраоперациялық холангиограммада холедохтың дистальді бөлігінің созылған тарылуы және бауырішілік өзектердің, жалпы өт өзегінің проксимальді бөлігінің кеңеюі анықталды. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

* Папиллосфинктеротомия

*+ Холедоходуоденостомоз

* Холедохоеюностомоз

* Фатеров емізігінің резекциясы

* Өт жолдарын сыртқа дренаждау

 

!Операция кезінде пункциялық холангиографияда гепатикохоледохтың оң және сол бауыр өзектерінің сағасынан 2 см қашықтықта тарылуы және бауыр өзектерінің айқын гипертензиясы анықталды. Қандай операция анағұрлым орынды?

* Гепатикодуоденостомоз

*Жалпы өт өзегін сыртқа дренаждау

* Тарылған бөліктің резекциясы

* Трансдуоденальді папиллосфинктеротомия

*+ Гепатикоеюностомия басқарылатын дренаж қоюмен қатар

 

!Қабылдау бөліміне 65 жасар ер адам оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына, қышынуға, түссіз нәжіске шағымданып түсті. Қарап тексергенде: ұлғайған ауру сезімсіз өт қабы пальпацияланады, қозғалмалы (Курвазье синдромы). Жалпы билирубин 68 ммоль/л, тік – 43 ммоль/л, тік емес – 25 ммоль/л. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым себебі қандай?

*Холедохолитиаз

* Бауыр циррозы

* Бауыр өзегінің

*+ Ұйқы безі басының рагі

*Склероздаушы холангит

 

!Сарғаюдың себебі анықтау үшін қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте орындалуы тиіс?

* Лапароскопия;

*+ Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

* Эзофагогастродуоденоскопия;

* Ретроградты холангиопанкреатография

* Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы

 

!Механикалық сарғаю себебіне болған операция кезінде холедохотомия жасалып, оның қуысынан жалғыз конкремент алынды. Интраоперациялық холангиография кезінде контраст 12 елі ішекке еркін түседі. Осы жағдайда қандай араласу түрі анағұрлым орынды?

* Холедоходуоденоанастомоз салу

*+ Холедохотомиялық тесікті тігу

* Вишневский бойынша холедохты дренаждау

* Ру-ілмегінде холедохоеюноанастомоз салу

*Холедохты тігу және Пиковский-Холстедт бойынша тігу

 

!60-жасар әйелде созылмалы калькулезді холецистит себебінен жоспарлы түрде болған операциядан кейін 4-тәулікте жағдайының күрт нашарлағаны байқалды: кеуде торында ауру сезімі, ентігу, жөтел мен қан түкіру, бет пен мойын цианозы пайда болды. АҚ 100/70 мм.рт.ст. дейін төмендеді, пульс 100 рет мин, тыныс алу жиілігі 28-30 рет 1 мин, температура 37,80С. Науқастың жағдайының нашарлауының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Миокрад инфарктысы

* Холангиттің дамуы

* Жедел панкреатит

*Операциядан кейінгі пневмония

*+Өкпе артериясының тармақтарының эмболиясы

 

!Ер адам 69 жаста хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып госпитализацияланды. Ауырғанына 2 ай болған. Ретроградты холангиопанкреатография кезінде науқаста холедохтың терминальді бөлігінің 3 см дейін стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай араласу түрі анағұрлым орынды?

*Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия

* Холедохты сыртқа дренаждау

*+ Холедоходуоденоанастомоз

* Гепатикоеюноанастомоз

* Панкреатодуоденальді резекция

 

! 64 жасар әйелде жоспарлы түрде болған лапароскопиялық холецистэктомиядан 2 күннен кейін сарғаю пайда болды. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі неде?

* Гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

* Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы

* Операциядан кейінгі панкреатиттің дамуы

* Холестатикалық гепатиттің белсенденуі

*+ Холедохты клипсамен қысу

 

!Ер адам 34 жаста, холецистэктомия операциясынан 3 тәуліктен кейін дренаж түтігінен көм мөлшерде өт ағып жатыр. Науқаста өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Операция кезінде өт жолдарын зақымдау

* Өт қабы орнынан өт ағу

*+ Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы

* Қалдырылған тастың холедох қабырғасы арқылы ойылуы

* Гипертензия әсерінен өт жолдарының қабырғасы арқылы өттің өтіп кетуі

 

!Ер адам 56 жаста, хирургия бөлімшесіне механикалық сарғаю клиникасымен түсті. Ананмнезінде 3 жыл бұрын холецистэктомия операциясы сыртқы дренаждаумен болған. Қосымша зерттегенде өт жолдарының жоғарғы стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым орынды?

* Т-тәрізді дренажбен өзекті дренаждау

* Холедоходуоденоанастомоз салу

* Тарылған бөлікті резекциялау және анастомоз салу

* Гепатикодуоденоанастомоз және сфинктеротомия

*+Гепатикоеюноанастомоз басқарылатын дренажбен

 

!Әйел 47 жаста, хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, ауызындағы ашты дәмге шағымданып жатқызылды. Науқасақа консервативті ем жүргізілді, бірақ ауру сезімі басылған жоқ. Операция көрсетілген. Операция кезінде өт қабы өзегінде тығыз бекіген тас анықталды, өт қабы ішіндегі өт түссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

*+ Өт қабының шемені

* Өт қабы эмпиемасы

* Өт қабының холестерозы

* Бауырдан тыс жолдардың торсылдағы

* Холецисто-холедохеальді жыланкөз

 

!Ер адам 68 жаста, хирургия бөлімшесіне тері жамылғысының сарғаюына, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып жатқызылды. Қарап тексергенде үлкейген өт қабы анықталды. Компьютерлі томографияда ұйқы безі басының ісігі анықталды. Операция кезінде экспресс-биопсия нәтижесінде аденокарцинома анықталды. Осы жағдайда төмендегі операциялардың қайсысы анағұрлым орынды?

* Холедоходуоденостомия

* Холедохоеюностомия

* Холецистоеюностомия

* Корпокаудальді резекция

*+ Панкреатодуоденальді резекция

 

!48 жастағыәйелге деструктивті холецистит себебінен жедел түрде холецистэктомия операциясы жасалды. 3 айдан кейін сарғаюмен, қалтыраумен жүретін ауру сезім ұстамалары болып тұрады. Науқаста төмендегідегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

* Ұйқы безі басының рагі

* Индуративті панкреатит

*+ Резидуальді холедохолитиаз

* Бауырасты абсцесс

* Созылмалы гепатиттің қозуы

 

!Бауыр альвеококкозы кезінде қандай операция анағұрлым түбегейлі?

*+ Бауыр резекциясы

*Аальвеококкозды түйінді сылып тастау

* Торсылдақты ашу және дренаждау

* Өт жолдарын сыртқа дренаждау

*Өт жолдарын ішке дренаждау

 

!Әйел 52 жаста, ауруханаға көп реттік құсуға, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды. Диета сақтамаған, алькогольді шектен тыс пайдаланған. Қарап тексергенде: бауыр қабырға доғасы астынан 3-4 см шыққан, төмпешікті, ұлғайған көкбауыр пальпацияланады. Төмендегілердің қайсысы гепатоспленомегалияның анағұрлым ықтимал себебі болады?

* Бауыр рагі

*+ Бауыр циррозы

* Токсикалық гепатит

* Бауыр эхинококкозы

* Бадд-Киари ауруы

 

!Ер адам 56 жаста, оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозымен. Торсылдақтың фазасын анықтау үшін рентгенологиялық зерттеу тағайындалды. Суреттерде жабық фазадағы оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозының белгілері анықталды. Бұл фазаға төмендегілердің қайсысы анағұрлым тән белгі?

* Үш бұрышты гомогенді ағару

* Контуры анық емес гомогенді ағару

* Өкпенің бөлігінің жайылмалы қараюы

* Горизонтальді деңгейі бар біркелкі емес қараю

*+Контура анық домалақтанған гомогенді қараю

 

!Ер адам 45 жаста, бауырдың эхинококкты торсылдағымен операция алынды. Операция кезінде хирург марсупиализация жасау керек деген шешім қабылдады. Төмендегілердің қайсысы бұл операцияға көрсеткіш болып табылады?

*+ Торсылдақтың іріңдеуі

* Көпкамералы торсылдақ

* Тросылдақтың үлкен өлшемдері

* Трсылдақтың киын орналасуы

* Өт жолымен қатынасатын торсылдақ

 

!48 жасар ер адамда зерттеп тексергенде өңеш веналарының варикозды кеңеюінің ІІІ сатысы анықталды. Анамнезінде сепсиспен ауырған. Қарап тексергенде: шемен, кіндік аймағында тері астын веналар кеңейген, телеангиэктазиялар. Осы жағдайда қандай ауру портальді гипертензияның анағұрлым ықтимал себебі болады?

* Бауыр циррозы

*+ Бадд-Киари синдромы

* Бауырдан тысөт жолдарының рагі

* Жедел токсикалық гепатит

* Бауыр поликистозы

 

!Әйел 52 жаста, әлсіздікке, тәбетінің болмауынашаымданады. 2 айда 15 кг-ға азып кеткен. Объективті: кіндік айналасындағы аймақта алдыңғы құрсақ қабырғасының кеңейген веналары, спленомегалия. Қандай зерттеу әдісі портальді гипертензия түрін анықтау үшін анағұрлым орынды?

*+ Целиакография

* Спленопортография

*Бауырды сканирлеу

* Компьютерлі томография

* Ультрадыбыстық зерттеу

 

!Ер адам 54 жаста, бауыр циррозы және портальді гипертензия клиникасымен түсті. Чайлд-Пью бойынша бауырдың қызметтік жағдайы А тобы (компенсация сатысы). Анамнезінде қан кету окиғасы болған. Осы жағдайда төмендегі шунттаушы операциялардың қайсысы анағұрлым орынды?

* Лимфо-веналық анастомоз

*Кавакавальді анастомоз

* Портокавальді анастомоз

*+ Спленоренальді анастомоз

*Трансюгулярлі портокавальді шунттау

 

!Ер адам 32 жаста, терапия бөлімшесінде бауыр циррозы және портальді гипертензия себебінен ем қабылдаған. Шыққаннан кейін қан кету қаупі бар өңеш веналарының варикозды кеңеюінің III сатысы бар болғандықтан хирургке жіберілді. Осы жағдайда қандай эндоскопиялық араласу анағұрлым қауіпсіз және орынды?

* Веналар электрокоагуляциясы

* Эндоскопиялық склеротерапия

* Аргон-плазмалық коагуляция

*+ Эндоскопиялық лигирлеу

*Желімді заттарды енгізу

 

!50 жасар Д. науқасқа өкпенің эхинококкты торсылдағы себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі ерте кезеңде реторакотомия жасалды. Қандай асқыну реторакотомияға абсолютті көрсеткіш болды?

* Көптеген өкпе жыланкөздері нәтижесінде өкпе коллапсы

* Бронх тұқылының біріншілік тұрақсыздығы

*+ Плевраішілік қан кету

* Кернелген пневмоторакс оң жақтан

* Операциядан кейінгі өкпе ателектазы

 

!Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 тәулік бойы Пиковский-Холстед сыртқы дренажы бойынша 1000 мл дейін өт бөлініп жатыр. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Бауыр өзегіне жіп байланған

* Дренаж дұрыс орнатылмаған

* Дренаждың үлкен диаметрі таңдалған

* Холедохтың терминальді бөлімінде блок

*+ Холедохтың проксимальді бөлімінде блок

 

!Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия болған. Белдемелі ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, тері жамылғысының сарғыштығына шағымданып келді. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

* Холедохтың тыртықты стриктурасы

* Перихоледохеальді лимфаденит

*+Жедел панкреатит

* Холедохқа байланған жіп

* Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы

 

!Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып келді. Осы жағдайда қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

* Холедохтың тыртықты стриктурасы

* Перихоледохеальді лимфаденит

*+ Жедел іріңді холангит

*Холедохқа байланған жіп

* Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы

 

!Холецистэктомиядан кейін ультрадыбыстық зерттеу кезінде жалпы өт өзегінің қалыпты өлшемі қандай?

*+ 6-7 мм

* 9-10 мм

* 11-12 мм

* 13-14 мм

* 15-16 мм

 

!Холедохтың терминальді бөлімінің созылған стриктурасы және бауырдан тыс өзектердің кеңеюімен жүрген постхолецистэктомиялық синдромы бар науқасқа қандай операция анағұрлым орынды?

* Лапаротомия, холедохты сыртқа дренаждау

* Трансдуоденальді папиллосфинктеротомия

*+ Билиодигестивті анастомоз салу

* Папиллотомиямен анастомозбен қосарландыру

* Эндоскопиялық папиллотомия

 

!Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы Пиковский-Холстед дренажы бойынша 300 мл өт бөлініп жатыр. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

*Дренажды алып тастау

*Дренажды қысу және бақылау

*+Алдымен фистулография жасау

* Эндоскопиялық папиллотомия жасау

* Дренажды 1 айдан кем емес уақытан кейін алу

 

!Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы сыртқы дренажбен 300 мл өт бөлініп жатыр. Фистулография жасалды, холедохта диаметрі 1 см болатын тас анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

* Релапаротомия және холедохолитотомия жасау

* Эндоскопиялық папиллотомия жасау

* Холедохтың дренажын байлау және динамикада бақылау

* Релапаротомия және трансдуоденальді папиллосфинктеротомия;

*+ Эндоскопиялық папиллотомия жасау тас экстракциясымен бірге алу;

 

!Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 2-тәуліктен бастап бауыр асты дренаждан күнделікті 200 мл өт бөлініп жатыр.Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған жоқ, іште ауру сезімі жоқ. температура 370С, лейкоциттер – 8,6х109, А/Қ – 135/70, пульс – 82 рет 1 минОсы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

* Щұғыл релапаротомия;

* Фистулография жасау;

*+ Динамикалық бақылау;

* Дренажға элктроотсос қосу;

* Эндоскопиялық папиллотомия жасау

 

!Науқас С. 54 жаста, холецистэктомия операциясынан кейін 2-тәулікте тері жамылғысының сарғаюы, әлсіздік, дене температурасының 38 дейін жоғарлауы пайда болды. Осы жағдайда сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

*+ Холедохты операция кезінде байлау

*Созылмалы гепатиттің белсенденуі

* Созылмалы панкреатиттің қозуы

* Жарақаттан кейінгі холедох стриктурасы

* Өт қабы өзегінің тұқылын ұзын қалдыру

 

!Науқас С. 54 жаста, хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды?

* Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы

*+ Ретроградты холангиопанкреатография

*Үлкен дуоденальді емізікті эндоскопиялық зерттеу

* Диагностикалық лапароскопия

* Ультрадыбыстық зерттеу

 

!Науқас С. 54 жаста, хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. ЭРХПГ кезінде жалпы өт өзегінің 1,0 см ұзындықта тарылуы анықталды. Осы жағдайда жалпы өт өзегінің тарылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

* Склероздаушы холангит

* Бауырдан тыс өт жолдарының рагі

* Жалпы өт өзегінде қалдырылған тас

* Перихоледохеальді лимфаденит

*+ Бауыр өзегінің жарақаттан кейінгі стриктурасы

 

!Науқас С. 54 жаста, тері жамылғысы сарғайған, 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған, қосымша зерттеу әдістері жасалды. Сонда бауырдан тыс өзектер және жалпы өт өзегінің кеңейгені, бауыр өлшемдерінің үлкейгені, құрылымының бір келкі еместігі анықталды. Билирубин қөсреткіштері: жалпы – 127 ммоль/л, тік - 90 ммоль/л. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды емдік тактика қандай?

*+ Лапаротомия жасау;

* Форсирленген диурез өткізу;

* Диагностикалық лапароскопия жасау;

* Плазмаферез, гемосорбция, қанның УКТ өткізу;

* Өзектердің бауыр арқылы дренаждауын жасау;

 

!Науқас С. 54 жаста, операция кезінде бауыр өзегі 2 см дейін кеңейгені, холедох қабырғасы 1,5 см ұзындықта тығыз, тыртықты өзгерген. Осы жағдайда анағұрлым орынды хирургиялық тактика қандай?

* Кер бойынша сыртқы дренаж қою

*Холедохпластикасын жасау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.