Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ф. Бэконның “жемiстi² және “сәулелi² тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз



Ф. Бэконның “жемiстi² және “сәулелi² тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон²,Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл.

Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.

Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ).

Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.

Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон  Құдай мәселесiн “қос ақиқат² тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек.

Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия -жемiстi тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.

Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis ) зерттейдi.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.