Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.



Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.

“Бірінші Мән²- белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (potentіa-лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act-лат. сөзі, шындық, іс әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.

Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан-дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, - олардың мән-мағнасы, бітімінің танылатындығында жатыр.

 Актуальды интеллектке келер болсақ, Аль-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектің объектіне айналады.

Игерілген интеллекткекелер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыруы жатыр.

Іс-әрекеттік интеллект- Аль-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойды шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін Аль-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені көре бастайды. Оны себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті.

Іс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.

Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз Николай Кузанский (1401-1464ж.ж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде Орта ғасырлық философия мен Қайта Өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы – ол “Ғылыми білімсіздік²,- деп аталады.

Енді сол “ғылыми білімсіздік² деген қайшылықты ұғымның мән-мағнасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан, бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әр-қашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша,- ғылыми білімсіздікті тудырады.

Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз Осы тұрғыдан келгенде Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды - өйткені, ол шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние - шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің аржағында екіншісі, одан әрі - үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан, Құдай танылмағанмен, ол жаратқан Дүниені танып бір белестен екіншісіне өтіп тереңдей беруге болады.

Бұл ойын дәлелдеу үшін Н. Кузанский шеңбердің ішіндегі көп бұрышты келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек - шеңберге ұласады, екі жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне жақындап шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни қарама-қарсылық-бір-біріне өтіп бірегейлікке ұласады.

Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам, сондықтан, шығармашылыққа жаратылған пенде. Олай болса ол – адамдық Құдай(Humanus Deus).

Адам Құдайға, әсіресе, өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой (ratіo) және зерде, парасат (іntellectus). Ақыл-ой сезім мен зерденің арасындағы дәнекер.

Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ, адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың тұрпайы түрлері жануарларда да бар. Адамның басқа тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы - ақыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жоқ.

Зерде арқылы біз Дүниеденің ең терең алғашқы негіздеріне дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. Зерденің “сезімдік-денелік² Дүниеге еш қатысы жоқ “Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті². Егер сезімдік және ақыл-ой танымы жағалай қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың ақыл-ойына жақын, сондықтан, ол ең жалпы, тұрақты, өшпейтінді аша алады.

Әрине, әр адам қанша ұлы болса да - өз заманының тұлғасы. Сондықтан Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені “Зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады². Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық жерде болғаннан кейін - ол “бәрі², ал еш жерде оның тұрақтанып қалмағанынан кейін - ол “бәрінің жоқтығы². Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін – ол “абсолютті максимум², ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін - ол “абсолюттік минимум². Абсолютті максимум мен минимумның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан.

Ақиқатқа жету мәселесіне келер болсақ, бұл жолда өзінің қарама-қарсылығы - жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға толы болғанымен сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. “Нағыз білетін өзінің білмейтінін біледі².

Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.