|
|||
Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет. Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады. Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды. Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер. Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты. Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады. Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз. Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі. Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды. Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған. Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы “Вена үйірмесі” деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл – дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер. Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті – біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.
|
|||
|