Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз



Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз

  Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне де күмәндәну керек² деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн - кiшкентай және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндәнуға болады. Сонымен, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толығынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбәйтін ақиқат қалмайды...

Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзiнiң шашынан ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндәну дейдi. өйткенi, барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнiнде ешкiм күмәндәна алмайды.

Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида - адам, негiзiнен алғанда,- ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. Ал, сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және жағалай қоршаған заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде тек қана бұл дүниеде болуы мүмкiн сияқты берiледi. Мысалы, егер мен ойлау қабiлетiнен айырылсам, онда менiң өмiр сурiп жатқанымның дәлелi дереу жойылар едi. “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² қағидасының тағы бiр ғажаптығы - ол түсiнiктi, ашық және мөлдiр.

Р.Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, түжырымдайды, терiске шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы ұйқы кезiндегi түс көрудiң өзi ойлаудан шығады.

Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.   

Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.

Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi (lumen naturale). Туа бiткен идеялардың ерекшелiктерi - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркiнен тәуелсiз. Бұған мысал ретiнде Р.Декарт “екi шама үшiншiге тең болса, онда бiр-бiрiмен де тең², “ештеңеден ештеңе пайда болмайды², “бiр нәрсенiң белгiлi бiр уақытта болуы мен болмауы мүмкiн емес² т с.с. жатқызады. Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн² принципiн де жатқызады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.