Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз



Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз

Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.[1]

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".

Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.

бейбітшілікке үмтылу;

бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;

адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады. Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген.

Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік – жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет». “Левиафан” — библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.

Ал ғалым “Левиафанмен” – мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да – ол “ажалды құдай”, себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам – табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет – екінші орында тұруы тиіс.

Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: “Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады» — деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның “табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”. Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның “табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.

Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз

Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.

Сезiмдiк танымның бұлдырлығы - ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, әсiресе, сезiм мүшелерiмен байланыстырады.

 Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқты. Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды есiне елестетсе, қарапайым шаруа - соқа мен жыртылған жердi елестетедi,-дейдi Б.Спиноза.

Бiрақ, сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбiрiнде аз-да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның “күн - кiшкентай зат және жерге өте жақын орналасқан²,- деген жалған пiкiрiнiң өзiнде күннiң өмiр сүрiп бiзге ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар,- дейдi ұлы ойшыл.

Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным - қалың бұқараның негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсiп өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруымыз қажет,- деп қорытады Б.Спиноза.   

  Абстрактылық бiлiм де тәжiрибеден шығады. өйткенi, адамдар дүниеден алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ, сөзге адамдар өзiнiң тәжiрибесiне сәйкес әр-түрлi мағна бередi. Сондықтан, бiреулерге адам - тiке жүретiн жануар, екiншiге - күлетiн пенде, ал үшiншiге ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан, сөз заттың кейбiр ғана қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағнасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. Философия саласындағы көп даудамалар көбiне “ойды дұрыс көрсететiн сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс түсiнбегеннен туады²,-дейдi ұлы ойшыл.

Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-мағнасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi - сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзiнiң “Этика² деген еңбегiнде “геометрикалық методты² пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.

Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебi - субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.

Лейбниц танымның терең негiзiн сезiмнен тыс өмiр сүретiн зердеден көредi. Яғни, ол Декарттың танымға деген козқарасын қолдайды. Бiрақ, Декарттың зерделiк “айқын және анық ақиқатына² Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның “тепе-теңдiк заңына² сәйкес келуi қажет. Содан кейiн “қайшылық заңы² арқылы зерделiк бiлiмдi тереңдетуге болады. Бұл қажеттi ақиқаттар - оларды негiзiнен математика саласынан табуға болады,- дейдi ұлы ойшыл.

Әрине, бұған қарамастан бiз өмiрден алған адамдардың тәжiрибелерiн де бағалап, пайдалануымыз керек. Бiрақ, қайсыбiр тәжiрибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкiн. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткiлiксiз, кездейсоқтық.

Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшiн бiз “жеткiлiктi негiздеу заңына² сүйенуiмiз керек, өйткенi, қайсыбiр деректiң, құбылыстың себебi, негiзi бар. Сол негiздi анықтау бiздi белгiлi бiр табиғат заңдылықтарына әкелуi тиiс. Дегенмен, тәжiрибелiк бiлiм бiздi тек қана әр-түрлi деңгейдегi ықтималдық, болуы мүмкiн нәрселерге ғана жеткiзедi.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.