|
|||
Дүниетанымдағы Н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсызДүниетанымдағы Н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі. Астрономия ғылымы - көне заманда пайда болған ілімдердің біріне жатады. Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, өздерінің бағыттарынан таймай көшіп-қонып отырған. Біздің қарастырып жатқан қайта Өрлеу Заманындағы астрономияның әрі қарай дамуына түрткі болған теңізбен сауда-саттық жасау, алыс елдерге мүхитты қақ-жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын әрі қарай мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық ізденістерді жандандырды. Екінші үлкен мәселе - Юлий Цезардың заманында жасалған календарды түзеу, ол да астрономиялық зерттеулермен байланысты болды. үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің Геоцентрлік жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта практикалық жағынан - ескірді. Осындай жағдайда поляк ғалымы Н. Коперник (1473-1543 ж.ж.) астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін еңгізді. Негізгі еңбегі -“Аспан аймақтарының айналуы жөнінде². Бұл еңбектегі негізгі идея - Жер Ғарыштың ортасы емес - ол біріншіден, өзінінің діңгегінен айналады, екіншіден - Күнді айналады; Күн дүниенің ортасындағы тұрған шамшырақ. (Гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н. Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады. Сонымен қатар, Н. Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол - алыстағы қозғалмайтын жұлдыздар - бұл Дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталары бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары - біртекті деген пікірлер. Бірақ, мұндай кемшіліктеріне қарамастан Н. Коперник ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жолды ашты. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз Ағылшын философыФренсис Бэкон (1561-1626ж.ж.)сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сиға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.
|
|||
|