Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





л-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз



19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.

Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі Фома Аквинский (1221-1274 жж.) Италия елінде бай ақсүйектердің жан-ұясында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап Европа университеттерінде лекциялар оқиды. «1323ж. әулие доктор» атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген.

Орта ғасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді.

Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің “потенция² және “акт² деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да болмауыда мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. “Таза потенциалдық²- ол материя, болмыстың ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандық, кемеліне келгендік. Актуальдық - ол форма (бітім) - сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар-көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағна бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан, ол таза акт (шындық), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды,- деген пікір айтады.

Ол Арестотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмады, деді.

Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.

Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.

Схоластика проблемасын негізін қалаған Росцелий номинализм терменін енгізді оның негізгі концепциясы мынада, универсализм жалпы түсінік бұл сөз, ал адам дауысы бұл номиналь осыдан номинализм деген сөз шыққан.

Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.

Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.

Дүниенің жаратушысы құдай деген пікір христиандық онтологияның басты идеясы болды. Баршаның және барлық әлемнің анықтаушы субстанциясы ретіндегі «құдірет» әлем жаратушы абсолют болып есептелінді. Дін дүниені біртұтас қабылдаудың тәсілі болды. Әлемді жаратқан құдай идеясы табиғаттың да дүниедегі орнын анықтағандай болды. Сондықтан болар отрағасыр философиясы «жасаушының» философиясы болып қалыптасады. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің ілімдерінде ортағасырлық дүниетаным мәдениетінде сенімтанымның дәрежесі ретінде анықталды. Бұл философияның басты сипаты ғасырлар бойғы реализм мен номинализмнің күресінде айқын көрінеді.

Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз

Аль-Фараби (толық аты  Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат Тюрки) қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 жж. Дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп Таяу Шығыста Багдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін игеріп, антикалық философияны зерттейді.

Аль-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, ол, өйткені, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің елде Дүниеге келіп, сонынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол көзде өмір сүрген бабаларымыздың дүниесезімі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген. 

Аль-Фараби “Алғашқы Мәнге² оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады ол - барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақиқат, Тірі, Өмір дейді.

Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған “белсенді ақыл-ой² (активті интелект) деген ат қояды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.