Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз



18.Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз

Орта ғасырлық дүниетанымға өз зор әсерін қалдырып, алдағы жүздеген жылдарға бағдарлама берген Аврелий Августин (354 ж) болды десек артық айтпаймыз.

Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.

Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын “ішкі сәуле² анағұрлым биік санала бастайды.        

Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты² (credo guіa absurdum est), яғни ақыл-ойға симайды, қарсы келеді,- деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елігінен өткізілмеген сенім, - сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну үшін², “Түсінемін сену үшін² деген көзқарасқа жол ашылады.

Августин “Сені шақырамын, Құдай-ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда барлық ақиқат - ақиқат. Құдай- дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай- зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы қайсы бір зерделі сәуле жарқырайды,- деп толғанып айтады.

Августин философиясында ақиқат жан-дүние мен Құдайды бір-бірімен қосатын ұғымдардың бірі. Таным үрдісі түйсіктерден басталады. Қоршаған заттар біздің сезімдерімізге өзінің әсерін тигізеді, ал жанымыз олардың бәрін белгілі бір тәртіпке келтіріп заттың қабылдануына әкеледі.

Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. Мысалы, “егер дүниеде 4 стихия болса, ол 5 емес; Егер күн біреу болса, ол екі емес; Бір жан-дүниені алсақ, ол өліп сонымен қатар тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол масайрап сонымен қатар бақытсыз бола алмайды².

Августиннің айтуынша, сезімдік Дүние бізді тұрақтыққа әкелмейді - ол үне бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой - тұрақты.

Олай болса, “ақыл-ой² дегеніміз жан-дүниенің жанары мен жүзі, сол арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады.

Жағалай қоршаған заттарды көру үшін күннің сәулесі керек; Сол сияқты ақиқатқа жету үшін ерекше сәуле түсү керек. Ол үшін Құдай идеясы керек. Онда танымның 3 бастауы бар. Ол- оның өмір сүріп жатқандығы, тануға-білуге болатындығы және соларды біліп- танылатын қылатындығы².

Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат- тең. Бірақ, олардың арасында, сонымен қатар, айырмашылық та бар. Ақиқат- Құдайдың ойы. Бұл арада бізге Платонның “Идеялары әлемі² есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі.

Сонымен, Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда - заттардан кейін жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп қалдық.

Х1 ғасырдың аяғы мен Х11 ғасырдың басында бұл мәселені шешуде үш ағым пайда болды. Олар - номинализм, реализм және концептуализм.

Номинализм (nomіnіs, - лат. сөзі, - заттың аты) схоластикадағы жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер шын өміріде тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар - жалпы ұғымдар тек қана заттардың аты, біздің ауызымыздан шығатын дыбыстар ғана,- деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.

Реализм бағытына келер болсақ (realіs, - лат. сөзі,- шынайы зат), олар номинализмге қарсы бағыталған, универсалиялар - жалпы ұғымдар - шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді,- деген пікірді ұстайды.

Концептуализм бағыты (conceptus, - лат. сөзі, - ұғым) жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ой емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді, - деген пікірге келеді.

Сонымен, концептуализм бір-біріне қарсы тұрған екі бағыттың сыңар жақтығын байқап универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына шығады. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.